Апгар шкаласы (Вирджиния Апгар, 1952 жыл)
Белгілер
|
0 балл
|
1 балл
|
2 балл
|
Жүрек соғысының жиілігі
|
Пульс жоқ
|
Минутына 100 кем
|
Минутына 100 астам
|
Тыныс қозғалысы
|
Жоқ
|
Сирек, ретсіз
|
Жақсы, айқайы қатты
|
Бұлшық еттердіңқуаты(тонус)
|
Болбыр
|
Аяқ-қолы аздап бүгілген
|
Белсенді қозғалыстар
|
Мұрын катетеріне реакция немесе табанды тітіркендіру рефлексі
|
Жоқ
|
Тыжыраю
|
Жөтел, түшкіру
|
Терінің түсі
|
Жалпы бозару немесе цианоз
|
Денесі қызғылт, аяқ-қолдары көкшіл
|
Қызғылт
|
ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРДІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫ
Қарапайым эритема - терінің гиперемиясы. Себебі: баланың қоршаған ортасы өзгереді. Мезгілі жетіп туылған сау нәрестелерде 2-3 күн, ал шала туылған нәрестелерде айқын көрінеді және 5-7 күнге созылады. Емдеу қажет емес, тек денесі қабыршықтанса, теріге залалсыздандырылған өсімдік майын жағады.
Транзиторлық (физиологиялық) сарғаю (БШАЫЕ). Әдеттегідей нәресте өмірінің 36 сағаттарында пайда болады. Мезгілі жетіп туылған нәрестелердің сарысу билирубиннің жалпы деңгейінің ең үлкен мәні 3-4 күндерінде байқалса, шала туылған нәрестелерде 5-7 күндері байқалады. Сарғаю мезгілі жетіп туылған нәрестелерде билирубиннің деңгейі қанда 80-90 мкмоль/л, ал шала туылған нәрестелерде 120 мкмоль/л жоғары болса, ересек адамдарда 35-40 мкмоль/л пайда болады. Қандағы сарысу билирубинінің деңгейі мезгілі жетіп туылған нәрестелерде 14 күніне қарай, ал шала туылған нәрестелерде 21 күніне қарай төмендейді.
Нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық: шырышты және тері қабаттары көрінерліктей сары түсті, белсенді, ұйқы мен ояу уақытының аралығы нақтыланған, ему рефлексі жақсы, тұрақты температура, бауыр мен көкбауыр көлімі қалыпты, несеп түсі ақшыл, нәжістің түсі қалыпты.
Себебі: феталдық эритроциттер жарылып, олардың шыққан тікелей емес билирубин, әлі дамып жетілмеген бауыр дер кезінде шығарып үлгермейді. Мезгілі жетіп туылған нәрестенің эритроциттерінің өмір сүру уақыты 80-90 күн, ал ересек адамдарда - 120 күн.
Арнайы емді қажет етпейді, тек емшепен емізу (нәресте сұраған сайын барынша жиі және көп, тек тәулігіне 8-12 реттен кем емес).
Сарғаю айқын жағдайда – фототерапия.
Сарғаю айқын жағдайда – фототерапи
Дене салмағының физиологиялық кемуі - туғаннан кейін 3-4 күнде нәрестенің туғандағы салмағы 10%, ал шала туылған нәрестелерде - 12-14% жоғалады. 7-10 күнде дене салмағы қалпына келеді.
Себебі: алғашқы күндері бала тоймайды, құсады, кіндік қалдығы кебеді. Су несеп, нәжіс, тері және өкпе арқылы жоғалады. Дене салмағын көп жоғалтпау үшін баланың талабы бойынша ерте емізу, гипогалактияны емдеу.
Транзиторлық қызба - кейбір балаларда туғаннан кейін 3-5 күнде дене қызуы бірнеше сағатқа +38-390С көтерілуі мүмкін.
Себебі: судың жетіспеуі, уызда ақуыз мөлшерінің көп болуы, ыстықтау, жылу реттеуінің жетілмеуі.
Жыныс мүшелерінің өзгерістері - нәрестенің жынысына байланысты емес 3-4 күнде сүт бездері ісінеді, терінің түсі өзгермейді. Бездерден сүр немесе ақ-сүтті сұйық бөлінеді. Сүт бездерін сықпайды, себебі инфекция түсуі мүмкін. Қатты ісінген жағдайда жылы залалсыздандырған салфетка қою керек.
4-7 күнде қыз баланың қынабынан 1-2 күн 1-2 мл қан ағады. Гигиена сақтау қажет. Алғашқы 1-3 күн қыздарда қынабынан сұр-ақ шырышты бөлінеді. Ұлдардың умасы ісінеді.
Себебі: ананың эстрогендері құрсақ ішінде ұрыққа және туылғаннан кейін ана сүті арқылы нәрестеге өтеді.
ЖАҢА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ ЕКПЕЛЕР ЕГУ
«Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2295 қаулысына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 ақпандағы №119 Қаулысы бойынша Қазақстан Республикасында профилактикалық егулер жүргізу мерзімдері бекітілген. Перзентханада алғашқы 1-4 кунде туберкулезге және В вирусты гепатитке қарсы вакцинация жүргізіледі.
ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРГЕ БОСАНҒАНҒА ДЕЙІНГІ ПАТРОНАЖ ӨТКІЗУ
Орта медициналық білімді қызметкері жүкті әйелді босанғанға дейінгі патронажды үйінде екі рет өткізеді.
Жүкті әйелді есепке қою туралы ақпаратты алған кезде.
Жүктіліктің 32 аптасында.
ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕНІҢ АЛҒАШҚЫ ПАТРОНАЖ, УАҚЫТЫ
МЕН МІНДЕТТЕРІ (БШАЫЕ бағдарламасы бойынша).
БМСК қызметінің педиатрия бөлімінің орта медициналық білімді қызметкері жаңа туған нәресте перзентханадан шығарғаннан кейін алғашқы патронажды 3 күн ішінде өткізеді.
Міндеттері:
Туғаннан соң қалыпты бейімделуіне көз жеткізу.
Қауіпті белгілердің бар-жоғын тексеру.
Бойы мен дамуын бағалау.
Туа біткен ақауларының бар-жоғын тексеру.
ШАЛА ТУЫЛҒАН НӘРЕСТЕЛЕР, АНАТОМИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КҮТІМІ.
Жүктіліктің 22-37 апта арасында туылған бала шала туылған деп саналады.
Шала туылған нәрестелердің белгілері:
Аурушаң акушерлік анамнез (3 және одан да көп жүктіліктің үзілуі, босану аралығы қысқа, көп ұрықты жүктілік, операция, ұрықтың жамбаспен орналасуы).
Ананың ауыр соматикалық және жұқпалы аурулар, нейроэндокриндік бұзылыстар.
Ұрықтың аурулары (құрсақ ішіндегі инфекциялар, хромосомдық аурулар).
Әлеуметтік-экономикалық факторлар (кәсіптік зиян, ішімдік, шылым шегу).
Әлеуметтік-биологиялық факторлар (ананың жасы 18 жасқа дейін және 36 –дан асқан).
Физикалық және психикалық жарақаттар.
Шала туудың белгілері:
1. Дене бітімі пропорционалсыз (бас және тұлға үлкенірек, қол-аяқтары қысқа).
2. Тері қатпарлы, жүн қаптаған, қанталауға және ісінуге бейім болады.
3. Тері асты майы жұқарған немесе жоқ.
4. Шашы, қасы, кірпігі нашар дамыған.
5. Бас сүйектері жұмсақ, жіктері және енбектері ашық.
6. Құлақ шеміршегі жұмсақ, бас сүйегіне жабысып тұрады.
7. Кіндік сақинасы іштің төменгі 1/3 бөлігінде орналасқан.
8. Айқайы әлсіз.
9. Физиологиялық рефлекстер (сору, жұту) әлсіз немесе дамымаған.
10. Ұл балаларда аталық жыныс бездері умадан тыс қалады. Қыз балаларда сыртқы ернеулерінің жетілмеуі салдарынан жыныс мүшесінің саңылауы үңірейіп тұрады.
Тыныс алу жиілігі 1 минутына 40-90 рет, ретсіз, 5-10 сек үзіліп қалуы – апноэ (апноэ – демнің уақытша тоқтап қалуы) мүмкін. Жүрек соғуы 1 минутына 100-180 рет, пульс тұрақсыз.
Жылу реттеу жетілмеген. Шала туылған нәрестелер оңай ыстықтайды және тоңады. Құсу, іш кебу, іш қатуына бейім болады. Жөтел рефлексінің жоқтығы тағаммен аспирациясын (аспирация - тыныс жолына бөгде зат түсуі) туғызуы мүмкін. Жұқпалы ауруларға бейім болады (иммунитет толық жетілмеген).
Кіндік қалдығы кеш түседі, кіндік жарасы 12-15 күнде жазылады.
Шала туылған нәрестелерге медициналық көмек көрсету кезеңдері
І күтім кезеңі – перинаталдық орталығында қарқынды күтім және емдеу.
ІІ күтім кезеңі – перинаталдық орталығының арнайы бөлімінде күтім және емдеу.
ІІІ күтім кезеңі – емханада диспансерлік бақылау жүргізу.
Шала туылған баланы тамақтандыру және оған күтім
жасау ерекшеліктері.
Палатада ауаның температурасы +25оС төмен емес, ылғалдығы – 60%. Кувезде күту: ауа температурасы +30-35оС, ауаның ылғалдылығы алғашқы күндері 90%, содан кейін - 60-55%, ылғалды оттегінің концентрациясы - 30%. Кувездің дезинфекциясын 2-3 күн сайын жүргізеді. Нәрестелерді жылыту үшін термоматрас, жылытқыш қолданылады. Процедураларды жылуы бар жөргек үстелінде өткізеді.
Аналар жеке гигиена және санитарлық ережелерін сақтау керек.
Шала туылған нәрестелерді тамақтандырудың бірқатар ерекшеліктері бар. Күтімнің жетістігі тамақтандыруға байланысты. Ең қажетті тағам - ана сүті. Нәрестені жағдайының ауырлығына қарай емшек, қасық, кесе, шприц немесе зонд арқылы тамақтандырады. Сору рефлексі және жұту рефлексі жоқ болған нәрестелерді зонд арқылы тамақтандырады. Жұту рефлексі дамыған, ал сору рефлексі әлсіз болса нәрестені қасық немесе щприц арқылы тамақтандырады. Жалпы жағдайы жақсара бастағанда және сору рефлекс пайда болғанда емізеді. Жалаңаш нәрестені ананың кеудесіне жатқызып, жиі емізуді - «Кенгуру әдісі» деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |