Мезолит кезеңі адамзаттың жаңа жерлерді игеруімен ерекшеленді. Бұл кезде адамдар Еуразияның қиыр шығысы мен Америка құрлығын игере бастады


Жауабы:Үлкен табиғи-климаттық өзгерістер



бет2/5
Дата08.11.2023
өлшемі125,24 Kb.
#190524
1   2   3   4   5
Байланысты:
1.2.Орта тас ғасыры (Мезолит)

Жауабы:Үлкен табиғи-климаттық өзгерістер.
Мезолит кезеңінің шаруашылығы:
-Жоғарыда айтқандай - Баяу қозғалатын мамонт, мүйізтұмсық сияқты табын-табын болып жүртін, ірі аңдар жойылып, жылдам жүгіретін, ұсақ аңдар пайда болды. Жеке жүретін бұғы, қабан секілді аңдарды қуып жүріп аулау қажеттігінен аңшылар садақ пен жебені ойлап тапты. Сондай-ақ құстарды аулау үшін, басқа да жанураларды аулау үшін – бумерангты ойлап тапты. Жекелеген аңшылар қауымға тәуелді болмай, өздігінен-ақ аң аулауға шыға бастады.
-Бұл дәуірде аңшылар бір жерде ұзақ мекендемегендіктен, олардың баспаналары да тұрақты болмады. Мезолит дәуіріндегі адамдар үнемі жайылымдарын ауыстырып, өрістеп отырған аңдардың соңынан ілесіп көшіп жүрді. Аңшылар Ертіс, Есіл, Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойын мекендеген.
-Аң аулаудан мал өсіру қалыптасты. Аң аулау кезінде ежелгі аңшылар жас төлдерді өлтірмеген, оларға мықты қоршау жасап, қолға үйретіп, өсіре бастаған. Осылайша қой, ешкі, сиыр, шошқа қолға үйретілді. Қоныстардын маңында азық-түлік қалдықтарын жеп, жабайы иттер мекен еткен еді, сөйтіп, адам итті қолға үйреткен. Ит аң аулауда ежелгі аңшыларға көмекшіге айналды, олар аңды тез тауып, оны қуып ұстауға жәрдемдесті.
-Сондай-ақ адамдар дәнді-дақылдар өсіре бастаған. Осылайша егіншілік қалыптаса бастады. Оған алып келген жағдай терімшіліктің қалыптасуы. Терімшілікпен шұғылданып жүрген әйелдер жұмсақ топыраққа түскен дән қалдықтарының уақыт өте келе өсіп-өнетінін байқады. Осыдан кейін олар қопсытылған жерге дән қалдықтарын сеуіп кететін болды. Осылайша егіншіліктің алғашқы белгілері біліне бастады. Егіншіліктің шығуы әйелдер еңбегіне байланысты болған. Алғашқы егіншілер жерді таяқ қазғышпен қопсытты, кейін қайланы, үшкір тас бекітілген тесені ойлап тапты. Егінді оратын тас орақты жасады.
-Мұздықтар еруініен өзен-көлдер пайда болды, суы мол болғандықтан балықтар да көбейді, балықтарды аулау тәсілдерін жетілдіруге тура келді. Адамдар балық аулауда қармақ пен ау, гарпунды пайдаланды. Балық ұстайтын тор тоқыды. Алғашқы қайық түрлері жасалынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет