ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Мезолит заманының үлкен жаңалығы болып саналатын ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар атауы:
Жауабы: Микролит.
2. Мезолит заманынын басты жаңалығының бірі:
Жауабы: Садақ пен жебенің жасалуы.
Мезолит кезеңінің қоғамдық құрылысы:
-Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Рулар өсе келе тайпаларға біріге бастады. Тайпа – бірнеше туыстас рудың бірлестігі.
-Ерлер мен әйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты. Ер адамдар аң аулаумен, ал әйелдер терімшілікпен айналысты.
-Балалар мен ересектердің жас ерекшеліктеріне қарай өз міндеттері болды. Қауым үш топқа бөлінді: қариялар, ересектер, балалар. Қариялар – берекені сақтаушы, әдет-ғұрыптарды іске асырушы, ақылшы. Ересектер – тамақ тапты, баспана салды, жаудан қорғады. Балалар – тамақ, киім алғанымен, қауым жиналысында сайлауға қатыса алмады.
-Балалар тобынан ересектер тобына өту бағыштау ғұрыптары (инициация) арқылы жүзеге асырылды. Ұлдар аң аулаудан, садақ атудан, ал қыздар үй шаруасынан, тамақ дайындаудан сынақ тапсырды.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ:
1. Мезолит заманында балалар мен ересектердің міндеттері қандай болды?
Жауабы: Жас ерекшеліктеріне қарай әр түрлі еді.
2. Орта тас ғасырындағы балалар тобынан ересектер тобына өту ғұрпы:
Жауабы:Бағыштау (иницияция).
3.Мезолит дәуірінде қауым мүшелері бөлінген топтар:
Жауабы:Қариялар, ересектер, балалар.
Достарыңызбен бөлісу: |