Байланысты: Балалардың фонетикалық-фонематикалық жетілмеуін ойын әрекеті арқылы түзету жұмысына әдеби шолу жасау
ІІ.Фонематикалық естуді тексеру Дыбысты дыбыстау дағдысын анықтаумен қатар балалар тілінің фонемаларын есту арқылы қалай ажырататынын анықтау керек. Бұл мақсатта логопед тапсырмалар қатарын береді.
«Тыңда және көрсет». Үстел үстінде дыбысталуы бойынша ұқсас, бірақ мәні бойынша әр түрлі (қас-тәж) сөздерді білдіретін бірнеше сурет жатыр. Логопед ақырын және анық суреттер атауын айтады, ал балалар қажеттісін тауып, логопедке көрсетеді.
«Кім ең байқағыш». Логопед дыбыстар (буындар) қатарын айтады, ал бала зерттелетін дыбыс бар буынды естісе шапалақтап, немесе туды көтеру керек.
«Тыңда және қайтала». Логопед балаға дұрыс дыбысталатын дыбыстардан тұратын 2-3 буынды тіркесті қайталауды сұрайды, мысалы, ба-па, па-бапа. Әр дұрыс жауап үшін балаға фишка беріледі. Содан кейін дұрыс жауаптар саны саналады.
«Буратино әкелген сыйлықтар». Буратиноның сиқырлы қалтасында неше түрлі ойыншықтар бар. Ол оларды атайды, егер балалар олардың атауынан зерттелетін дыбысты тауып алса, ол оны оларға береді.
«Саяхат». Балалар серуенген орманға барады. Жолда оларға кірпі кездесіп оларды оның инелерінен белгілі бір дыбысы бар суреттерді алғанға дейін жібермейді. Саяхат жалғасады. Жолда себеті бар қызыл телпек кездесіп балаларға атауында зерттелген дыбыс бар ойыншықты ашуды сұрайды. Саяхаттың соңында балалар «сиқырлы» үйшікке келеді. Бұл үйге тек қана берілген дыбысы бар сөзді атағандар ғана кіре алады.