Кесте 1.
Зерттеуге қатысқан балалар тізімі
№
|
Баланың аты-жөні
|
Туған жылы
|
Диагнозы
|
1.
|
С. Камилла
|
16.05.03.
|
ФФТК
|
2.
|
Б. Қарлығаш
|
19.05.03.
|
ФФТК
|
3.
|
Ш. Алпамыс
|
24.08.03.
|
ФФТК
|
4.
|
Б. Али
|
14.09.03.
|
ФФТК
|
5.
|
Ш. Амир
|
15.05.03.
|
ФФТК
|
6.
|
Д. Аружан
|
11.08.03.
|
ФФТК
|
Зерттеудің басында тексеру жұмысы жүргізілді. Фонетико-фонематикалық жетілмеуі бар балалардың сөйлеу тілінің деңгейін анықтауға Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркинаның «фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар балаларды тексеру әдістемесі» қолданылды.
Т.Б.Филичева, Г.В.Чиркина фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі бар балаларды тексеру
Балаларды логопедиялық тексеру.
1) дыбысты дыбыстауды тексеру; 2) фонематикалық естуді тексеру; 3) сөздің буындық құрылымын тексеру бойынша жүргізілді.
І. Дыбысты дыбыстауды тексеру
Баланың дыбысты буындарда, сөздерде, сөйлемдерде, мәтіндерде жеке қалай айтатынын тексеру керек. Оған зерттелетін дыбыс түрлі күйде туған сөздерді қайталау, суреттерді атау беріледі, мысалы, сөздің басында, ортасында, соңында. Бұл сөздерде қиын дыбысталатын дыбыстардың болмауы керек. Мектепке дейінгі балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, әр түрлі ойын тәсілдерін қолдану арқылы тиімді тексеруді өткізу керек.
Балаларда дыбысты дыбыстауды тексеруге арналған ойындар мен ойын тәсілдері.
«Сиқырлы қақпақ». Ойын алаңында атауында зерттелетін дыбыс бар суреттер салынған шұңқырлар бар. Сиқырлы қақпақ олардың біреуіне түседі. Сол шұңқырдағы суретті бала атайды.
«Вертолина». Дөңгелек циферблат бірнеше секторларға бөлінген. Олардың әрбіреуінде сәйкес сурет салынған, циферблаттың ортасында бағдар. Бала бағдарды қозғалыста отырып, оны бір суретте тоқтатады және атайды.
Көңілді балық ұстау. Қораптың ішінде атауында зерттелген дыбыс бар картиналар салынған. Бала қармақтың көмегімен картиналарды ұстап, оларды атайды.
«Кім ең байқағыш». Үстел үстінде конверттер жатыр, олардың әр біреуінде қиылған картинаның бөлігі. Бала жеке бөліктерді алып, жетіспейтін жеке бөліктерді іздейді, оны құрастырып, суретті атайды.
«Сиқырлы рамашка гүлі». Ромашканың әрбір жапырағында зерттелген дыбыс бар сурет салынған. Бала жапырақтарды ашып, суретті атайды.
«Жұмбақты сандық». Әдемі безендірілген сандықта атауында зерттелген дыбыс бар ойыншықтар салынған. Бала сипап сезу арқылы ойыншықты алады, оны шешіп, атайды.
«Шыршамызды безендірейік». Үстел үстінде кішкентай жасанды шырша орнатылады. Бала логопедтің сұрауы бойынша картинка-ойыншықтарды шыршаға іледі және оларды атайды.
«Керісінше» ойыны. Логопед балаға допты лақтырады, аталмыш дыбысы бар тура буынды атайды, ал бала допты қайтара отырып, сол дыбыспен кері буынды атайды.
«Өз жұбыңды тап». Үстел үстінде бір немесе бірнеше бірдей заттық бейнесімен картинкалар орналасқан, балалар ұнатқан картинканы алып, сода нкейін логопедтің белгісі бойынша бір балада бір заты бар, ал екіншісінде жұптарға бөлінеді. Содан кейін балалар өз картинкасындағы суретті атайды.
«Күзгі гүлшоғырды жина». Топта ағаш өсіп тұр, оған күзгі жапырақтар контурлары ілінеді. Олардың кері жағында тексерілген дыбыс бар суреттер салынған. Балалар топта серуендеп, музыка тыңдайды. «Листья падают,летят, наступает листопад». Балалар тез ғана жапырақтарды алып, логопедке жақындайды. Содан кейін әрбір бала өзінің жапыағындағы суретті атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |