Балалардың сөйлеу тілінің фонетикалық – фонематикалық жағын қалыптастыруға арналған түзете - дамыту бағдарламасы
Фонетика – фонематикалық қабылдауының бұзылысы бар оқушыларға арналған
түзете - дамыту бағдарламасы
( топтық сабақтарға арналған)
Оқушының (оқушылардың) аты жөні: ______________________________________________________
_______________________________________________________________________________________
ПМПК қортындысы (болған жағдайда) ____________________________________________________
Жасы _________________________________________________________________________________
Зерттеу жүргізілген_ күн:_______________________________________________________________--
Логопедиялық қортынды:________________________________________________________________
Логопедиялық жұмыстың бірінші оқу жылына арналған жеке дамыту бағдарламасы
Коррекциялық жұмыстың негізгі мақсаты
|
Түзету жұмыстарының міндеттері
|
Ынталандыру.
|
Баланың қызығушылығын әдемі, сауатты сөйлеуге бағыттау.
Өз өзіне деген сенімін арттыру, орындалар әр тапсырманың алдында және соңынан баланы мақтау.
«Мен жақсы баламын», «Мен әдемі сөйлеймін», «Мен ата анамның мақтанышымын» т.б әдістер арқылы баланың өзін өзі бағалауын арттыру.
«Баспалдақ», «Нысананы дәлде» ойындарын түзету жұмыстарына әрдайым қолдану.
|
I Тыныспен жұмыс
Мұрынмен тыныс алып, ауызбен дем шығаруды қалыптастыру:
|
ауа күшін тиімді пайдалануды үйрету;
дұрыс тыныс алуды қалыптастыруға арналған ойындар
«шар үрлеу», «желдеткіш» ойыны, «футбол»
дауыс күшін реттеуге, дұрыс қалыптастыруға арналған жатығулар;
- сөйлеудегі тыныс алуды дамыту;
- сөйлеу мәнерімен жұмыс, сөйлеудегі дауыс ырғағын дамыту
- дикцияның нақтылығын дамыту;
баланы дұрыс тыныс алып сөйлеу кезінде дыбыстардың анық және дұрыс айтылатынына сендіру, мән беруге үйрету, өзін өзі қадағалауға үйрету;
|
II Түзеудің дайындық кезеңі
|
Тілдік емес дыбыстарды ажырату.
Тыныштықты тыңдап үйрену «үнсіздік ойыны»
Дауыс темпін ажырату: үнсіз, ақырын, орташа, қаты
Жылдамдықты жырату: жай орташа тез әрекеттер
«табиғаттағы шуылдар», табиғат шуларының дыбыстары жазылған аудио ссылкалар тыңдату;
«аңдар мен жануарлар қалай дыбыстайды ойыны»
Музыкалық инструменттерді дыбыс арқылы ажырату.
Жануарлардың дыбыстарын, көліктердің, аң құстардың дыбыстарды ажырату. «Барабан қайдан соғып жатыр?», Қанша рет ұрдым? Дабылды бір рет ұр, енді көп ұр;
Ырғақты ұру: қарапайым ырғақтан күрделіге жылжу.
Жалпы моторика қимылдарын ырғақпен сәйкестендіру.
Адымды санау, секіру, жаймен жүру, тез жүру, дабылды ырғақпен ұру, оң мен сол қол қимылдарын қосу.
Нейропсихологиялық жаттығулар жасату. Мысалы: АҚЖ т.б
Графикалық тапсырмалар орындату: бір таңбадан екінші таңбаға ауысу
Кеңістікті бағдарлауды дамыту: «Үйдің маңы», «Гүлге көбелек қонды» ойындары арқылы алды, арты, жаны, басы, арасы, соңы мәндерән игерту. «Шалқан» ертегісі.
|
Аудиотренинг
|
III Түзету кезеңі
|
Балаларды әр түрлі дыбыстарды тыңдай білуге үйрету;
- көп дыбыстардын ішінеи керекті дыбысты ажыратуға үйрету;
- дыбысты шыгу орнын анықтай алуын үйрету;
- қай заттыц дыбысы екенін ажырата білу;
- есту аркылы дыбыстаудың темпін ажырата білу;
- дыбыстың күшін ажырата білу;
- дыбыстап тұрған бір заттан екінші затқа зейінін аудара білу;
- сөйлеушінің сөзін тьңдауға үйрету.
Ырғаққа сәйкес даусты дыбыстарды бір және бірнеше рет қайталау
Бір буынды сөзді шапалақ ұра отырып қайталау;
Дыбысталуы ұқсас буындар тізбегін қайталау.
Есту арқылы ұқсас буындар тізбегін қайталап диктант жазу
ұқсас буындар тізбегін қайталау.
Интонация-ритмикалық екпінді ұстауға үйрету.логоритмикалық жатығуларды қолдану арқылы
Берілген дыбысқа байланысты сөздер айту
Берілген буын санына байланысты сөздер таңдау
фонематикалық қабылдауды дамыту, дыбыстық талдау мен жинақтау жасау дағдысын жетілдіру:
- фонематикалық естуді жетілдіру:
- берілген дыбысқа сөз тауып айту дағдысын жетілдіру:
- дыбыстардың жуан жіңішкелігіне, қатаң ұяңдығына қарай ажырату дағдысын жетілдіру:
- сөз ішіндегі дыбыстың орнын тауып айту.
- С-Ш, Ш-Ж, С-З, С-Ц, З-Ж, Р-Л дыбыстарын жеке және буындарда ажырата алу дағдысын жетілдіру
- Дыбыстардың сөздегі реттік санын табу және ретпен орналастыру.
|
Фонетика фонематикалық қабылдауды қалыптастыру:
|
IV Артикуляциялық моториканы дамыту:
|
Артикуляциялық моториканы жетілдіру жаттығулары.
- Сөйлеу мәнерімен жұмыс;
- жалпы артикуляциялық жаттығулар жасату;
Сақталған дыбыстардың арт-қ қалпын бекіту.
- қойылатын дыбысқа қатысты арнайы жатығуларды жасау;
- сөйлеу мүшелерін балаға қиын дыбыстарды үйретуге Ш, Ж, С,З, Л, Л’, Р, Р’ң; дайындау
|
Ұсақ моториканы дамыту
|
Саусақ жатығуларын орындату;
Монтосорри тақтасымен жұмыс жасау;
Баулар байлау;
Түймелер қадау т.б.
|
VI Жеке дыбыстармен жұмыс
Жоқ дыбыстарды қою
|
Бар дыбыстардың дұрыс айтылымын бекіту;
Ш, Ж, С,З, Л, Л’, Р, Р’;ң дыбыстарын қою
қойылған дыбыстарды буында, сөздерде,сөйлемде,тақпақтарда т.б бекіту;
механикалық тәсілдер қолдану арқылы дыбыс қою
Буын түрлерінде айту (ашық буындарда, жабық буындарда, тұйық буындарда) машықтандыру.
Қойылған дыбысты дауыссыз дыбыстармен қатар айтқызып тілдің қимылын жаттықтыру
«Буын ағашынан алма теру», ойыны
Қысқа сөздерде айту
Арнайы көрнекіліктер арқылы сөз басында, сөз арасына, сөз соңына қойып айту.
Қойылған дыбыстарды сөйлеу тілінің барлық құрылымдарында сауатты қолдану әрекетін қалыпастыруға дайындық. «Дымбілместен хат келді» ойындары.
Қойылған дыбыстардың артикуляциялық кинестезиясын нақтылап, тақпақтарда, мақал, жаңылтпаштарда байланыстырып сөйлеуінде бекіту.
Сөздердің буындық құрылымымен жұмыс жасау:
Бір және бірнеше буындардан құралған сөздердің буындық құрылымына талдау және жинақтау жасау
|
VII Анализ бен синтез жасауға үйрету.
|
Дыбыстық жинақтау мен талдау жасауды дамыту;
-дыбыстық белгілердің кең диапазонын, сөйлеу тілінің интонациялық, түрін баланың есінде бекіте отырып, қалыптастыру;
- дауыс ырғағына байланысты өзгеретін сөздерді,сөйлемдерді тану.(сұрау, бұйыру,т.б)
- қойылған дыбыстарды сөзден бөліп алу;
- С-Ц, С-Ш, С-Ж, Ш-Ж, Л-Р, буында ажырату;
- бір буынды сөздер ішіндегі дыбыстың орнын тауып айту.
- екі, үш, бірнеше буынды сөздерден белгілі бір дыбыстардың орнын
табу; «көбелек», «вагон» ойындары, «шалқан» ертегісі
Сөздерді буынға бөлу;
Допты еденге ұру. Қанша рет ұрдым сонша буынды сөз айт.
Қай сөз ұзын, қай сөз қысқа?
«Жануарларды өз үйлеріне орналастыр». 1 этаж бір буынды сөз; 2-ші екі буынды сөз.
«Қандай сан жазсам сонша буынды сөз айт»
«Суретті қию» сурете қанша буынды сөз болса бірлей етіп сонша бөлікке бөл.
|
VIII Сөздің мағынасын түсінуді дамыту.
|
«Төртінші артық», ойыны;
«Сөзде не өзгерді?» ойыны. Оқу-оқушы-оқушылар.
Сөздегі қатені табу ба-па-лан; ба-ла-пан.
Бір түбірден шығатын сөздер құрау.
Буын таблицалардан сөздер құрау.
- сөздердің мағынасын түсінуін дамыту;
- жалпылама сөздердің мағынасын түсінуін дамыту;
-синоним және антонимов сөздерді түсінуін дамыту;
|
IX Сөздік қорды дамыту:
|
- сөздік қордағы белсенділігі төмен сөздерді актив сөздер қатарына қосу;
Сөздік қорды дамыту:
- экспрессиялық сөйлеу ары қарай жетілдіру,
- Сөйлеуде антоним,синоним, омоним сөздерді қолдануды үйрету.
- Етістік сөздердің қатарын молайту;
-шылауларды қолдануды жетілдіру;
- сөздерден сөйлемдер құрау;
-Суреттен сөйлемдер құрау;
|
X Сөйлеудің грамматикалық қатарын дамыту:
|
- сын есім мен зат есімдердің тіркесін қолдануды үйрету;
- сын есім мен зат есімдердің тіркесін қолдануды үйрету;
- зат есімдер мен етістікті тіркестіріп қолдануды үйрету
-сұрақ бойынша жай сөйлемдер құрау, сюжеттік суреттермен жұмыс жасау
|
XI Байланыстырып сөйлеуді дамыту:
|
- өзінің және өзгенің сөйлеуіндегі қатені байқауды үйрету;
-әңгіме құрап айтуға үйрету;
- өзі естіген шағын мәтіннің мазмұнын айтуға үйрету;
-буклетер бойынша ертегілер айту;
|
Логопед Жумалиева А.А.______________________
Достарыңызбен бөлісу: |