МұҒалім: Мейрхан Алмагул сынып: 3 «А» сағат саны: 17 ОҚулықтар: Қ 136 с Қазақ тілі



бет19/33
Дата31.08.2022
өлшемі380,66 Kb.
#148502
түріОқулық
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33
Байланысты:
КТЖ 3-сынып 2021-2022ж

«Орман тыңшылары» ойыны
Балалар орманда болған төтенше оқиғаларды, табиғаттағы кез келген өзгерісті (ағаштардың кесілуі, сүйікті алаңындағы көп гүлдердің жұлынуы, бұлақтың ластануы) зерттеп, тексеру жүргізеді.

- оқиғалар тізбегін құра алады;
- өз тұжырымдарын жасай алады;
- табиғатты қорғау туралы біледі

5

«Құстар асханасы»
Жобаның мақсаты – мектеп немесе үйдің ауласында құстардың тұрақты «асханасын» жасау және ұйымдастыру. Жобаның бірінші кезеңі – құстарға арналған үйшіктерді дайындау бойынша әдебиеттерді зерделеу, тәжірибе алмасу, жем жинау. Жобаның екінші кезеңі – дайындалған үйшіктердің көрмесі. Жобаның үшінші кезеңі – «асхананың» салтанатты ашылуы (презентация)

- құстардың үйшігі туралы ақпаратпен жұмыс жасай алады;
- үйшікті жасай алады;
- үйшікті таныстыра біледі

6

«Мен өзенді қорғаймын» экологиялық міндеті
Төменгі жағын үнемі су шайып жататын жарды немесе жағалауды қалай бекітуге болатыны туралы ұсыныстарыңызды айтып көріңіз.

- өзенді құтқару үшін өсімдіктер тамырының
пайдаланылатынын біледі;
- өсімдіктің белгілі бір түрін (тамыры мықты өсімдіктер) пайдалану керектігін дәлелдей алады;
- қандай өсімдіктің сол жерде жақсы жерсінетінін біледі;
- өз жауабын түсіндіре біледі

7

«Жасыл досқа» хат
Мұғалім білім алушыларды белгілі бір жағдаятпен таныстырады. Балаларға хат жазуды, мысалы, ағашқа хат жазуды ұсынады. Жұмыс шағын шығарма түрінде (ойын элементтерінің болғаны жақсы) жүргізілуі мүмкін: конвертке хат салынып, суреттермен толтырылады, мекенжайы толтырылады.

- қандай да бір жағдаятқа ене алады;
- хат жаза біледі

8

«Экологиялық мамандық» коллажы
Жобаның бірінші кезеңі – экологиялық мамандықтар деп санауға болатын мамандық түрлері (орман шаруашылығының, қорықтардың қызметкерлері, экологиялық қызмет, көгалдандыру қызметкерлері, хайуанаттар бағының қызметкерлері, дәрігер, жүргізуші, ғарышкер, аула тазалаушы, бағбан, зертханашы және т. б.) туралы білу. Балалар осы мамандықтар туралы материал жинайды. Жобаның екінші кезеңі мамандықты қорғау болып табылады. Бұл кезде білім алушылар осы мамандықтар туралы әңгімелейді, фактілер келтіреді, суреттер, плакаттар, фотосуреттер көрсетеді, сюжеттерді ойнап көрсетеді.

- экологиялық мамандықтар туралы ақпарат жинай алады;
- осы мамандықтың таныстырылымын жасай біледі

9

Табиғаттың «Шағым кітабы».
Білім алушылар «Шағым кітабына» туған өлкесінің аумағында өсетін өсімдіктер мен тіршілік ететін жануарлардан келіп түсетін шағымдарды жазады.
Жобаның бірінші кезеңі – қоршаған ортаның (жануарлар, өсімдіктер) жағдайын бақылау мақсатында экскурсия жасау, қосымша ғылыми әдебиеттерді зерделеу.
Жобаның екінші кезеңі – өсімдіктер мен жануарлар атынан шағымдарды сипаттау әңгімесін жазу.
Түскен шағымдарды талқылау және оларға жауап беру.
Үшінші кезең – материалдарды безендіру, балалардың шығармашылық жұмыстары мен суреттері орналастырылған кітап жасау.

- экскурсияда көргендерін салыстыра біледі;
- қосымша әдебиеттермен жұмыс жасай алады;
- өсімдіктер мен жануарлар атынан әңгіме жаза алады;
- өзінің шағын кітапшасын жасай алады

10

Экологиялық жағдаят
Жерге тасталынған банан қабығы біздің климатта шамамен 2 жылда ыдырайды.
Пластикалық пакет шамамен 96 жылға ұзағырақ уақытта ыдырайды. Пакеттің ыдырауына, шіруіне неше жыл қажет?

- пакеттің шіруіне неше жыл қажет екенін біледі;
- табиғатты қорғау жөнінде біледі

Пән бойынша жиынтық бағалау бөлім бойынша (БЖБ) және тоқсан бойынша (ТЖБ) жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны әр тоқсанда 1 рет өткізіледі. 1-сыныпта пән бойынша жиынтық бағалау үшінші тоқсанда өткізіледі. Төменде бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны (69-кесте).
69-кесте – «Дүниетану» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны



Сынып

Жиынтықбағалаурәсімдері

І тоқсандағы ЖБ саны

ІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІІІ тоқсандағы ЖБ саны

ІV тоқсандағы ЖБ саны

3-сынып

2

2

2

2



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет