Мұғалім мен оқушының педагогикалық үдерістегі өзара əрекеттестігінің мəні. Мұғалімнің педагогикалық үдеріс субъектілерінің өзара қарым-қатынасын реттеудегірөлі Мазмұны


Жеке және ұжымдылық бірлік принципі



бет12/13
Дата28.04.2022
өлшемі41,59 Kb.
#141184
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
8 тапсырма

Жеке және ұжымдылық бірлік принципі. Оқытудың мақсат, міндеттеріне сай оқу процесінде барша білімденушілердің және ұжымның әрбір мүшесінің қызығушылықтары ортақ болатындығы айқын. Сондықтан ұжым әрбір мүшесіне белгілі бір, қалыптасқан, бекіген талаптарды қояды. Сондай-ақ, ұжымның әрбір мүшесі сол талаптарды өзінің белсенділігі, бастамашылдығы негізінде толықтырады, кеңейтеді.
Тұтас педагогикалықпроцестің заңдылықтары және принциптері, олардың тұтастығын, өзара байланысын дәлелдейді. Заңдылықтар объективті осы процеске қатысушылардан олардың ұнамды көңіл-күйінің тілектерінен тәуелсіз.
Педагогикалық процестің заңдылықтарының бір бөлігі эмпирикалық жолмен анықталса, өзгелері теориялық-эксперименталдық жұмыстарды орындау барысында анықталды. Егер заңдылықтардың мәні жеткілікті дәрежеде терең зерттелген болса онда ол үш себептен ұтымды болды. Анықталған заңдылықтар негізінде процестің өзінің белгілі бір құрылым бөліктердің өзара әрекетін, өзара әсерін анықтауға болады. Осының негізінде жасалған педагогикалық процестің идеалдық, теориялық моделі ғылыми зерттеуде сол процестің өзінің және сонымен бірге мектеп ісінің практикасын жетілдіре түсудің мүмкіншілігін кеңейте түседі. Ең ақырында қандайда болмасын процестің заңдылықтарын тану оны басқару мен мұғалім іс-әрекетінің нәтижесін болжауға әкелетін ғылыми талдаудың мүмкіншілігін кеңейтеді.
Педагогикалық ғылымда ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында тәрбиенің заңдылықтары, зерттеле бастады (Гончаров Н.К., Калашников А.Г., Трахтенберг О.В.). біршама кейін педагогикалық процестің оқудан тыс уақытындағы (Болдырев Н.И., Щукина Г.И., Петухов Н.Н) және оқу процесінің (Загвязинский В.И.) заңдылықтары зерттелді. ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында пайда болған жұмыстарда толық шолу жасалынбағанымен біртұтас педагогикалық процестің қызмет істеуінің ерекшелігін (жағдай, байланыс, қатынас көрсететін процестің қасиеті мен оның сапасын) бейнелейтін заңдылқтар анықталады.
Сондықтан педагогикалық процестің негізгі мынадай заңдылықтары болады:

  • Оқу орнының педагогикалық процесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық қажеттілігіне сай болады;

  • Педагогикалық процестің мақсатқа бағыттылығы қоғамның мақсатын көрсетеді, ол әлеуметтік тапсырыс ретінде, білім беру заңдары арқылы талап етіледі;

  • Педагогикалық процесс екі жақты процесс, ол ұстаздар мен оқушылардың, тәрбиешілер мен тәрбиеленушілерлдің өзара әрекетімен байланысты, міндетті түрдегі екі жақты іс-әрекет;

  • Оқушылардың творчестволық белсенділігі мұғалімнің мұқият ойластырған және ұйымдастырылған іс-әрекетінің нәтижесі;

  • Педагогикалық процестің қызметі оның жасалуы мен ұйымдастырылуы студенттер коллективі, сонымен қатар жеке студенттердің жас ерекшеліктері мен даму деңгейлеріне сай келуімен байланысты;

  • Педагогикалық процесс бөліктерінің мағынасы, маңыздылығы әртүрлі, олардың бір-біріне бағыныштылығы (иерархия) мен бір-біріне әсері бар;

  • Педагогикалық процесс бір қас қағым сәттік емес ұзақ мерзімге бағытталған;

  • Педагогикалық процестің ішіндегі қосымша жүйелердің ортасы мен өзара қиылысқан бағыттарының әсері көптеген факторларды тудырады, соның ықпалы негізінде ең ақырғы нәтиже қалыптасады.

Құңдылықтар педагогикалық процестің ішкі және сыртқы байланыстарын көрсетеді, олар өз арасында жеткілікті дәрежедегі күрделі байланыстарын құрайды. Сондықтан, егер ұстаз нақтылы педагогикалық процесті негізгі жағдайда заңдар мен заңдылықтарды ескермей ұйымдастырса, бұл ең ақырында оқу-тәрбие жұмысының сапасының төмендеуіне әкеледі. Принциптер мұғалімнің іс-әрекетін ұйымдастыруға қойылған негізгі талаптар болып есептеледі, олар тұрақты нысаналар болып және педагогикалық процестің қызмет істеуінде шығармашылық түрде көрінеді. Негізінен принциптерде педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары жүзеге асады.
Заңдар, заңдылықтар және педагогикалық процесті ұйымдастыру принциптері өзара байланысты болуы мүмкін. Бұл өзара байланыстылық процестің мәнінен оған қатысушылардың практикалық әрекеттерінен көрінеді, ал педагогикалық процестегі мұғалімдер мен оқушылардың іс-әрекеттерін ұйымдастыру моделі ретінде ұсынылуы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет