119. «Сиқырлы ғажайып орман» жаттығуы Мақсаты:Эмпатия мен сенім секілді сезімдерді жетілдіру. Барысы: Қазір біз ғажаптарға толы, жайдарман әрі сиқырлы орманға айналамыз. Екі топқа бөлінеміз: орман-тоғай болып екі қатарға тұрамыз. Біздің қолдарымыз – орманда серуендеп келе жатқан адамды нәзік, абайлап қана сипалайтын ағаштардың бұтақтары болады. Ал енді барлықтарыңызды бір-бірден осы сиқырлы орман ішінен өтуге шақырамыз, ал қалғандарың серуендеуші адамның басынан, қолынан, арқасынан сипалап, сиқырлы ағаштар болуға шақырамыз. Сараптама: Орман ішінен өткенде, басқа қатысушылар сізді сипағанда қандай сезімде болдыңыз? Сиқырлы ағаштар болғаныңызда қандай сезімде болдыңыз? Жаттығуға дейінгі және жаттығудан кейінгі сезімдеріңізбен бөлісіңіз.