133.«Микрофон алдында сөз сөйлеу» жаттығуы Мақсаты: Әр түрлі мамандық туралы білімді кеңейту. Оқу орнының бір өкілі (арнаулы орта, кәсіптік, жоғары) орта мектеп түлектеріне алдында тұрған мамандықты алуды ұсынады. Тыңдаушылар сөз сөйлеу соңында сұрақтар қоюы мүмкін. Ойыншылардың бәрі кезекпен оқу орнының өкілі ретінде сөз сөйлеп шығады. Ұсынылған мамандықтар талданады. Талдау: Қай мамандықтың өкілі ретінде сөйлеу қиындық келтірді? Қиындығы неде болды? Не туралы ойладыңыз? Қандай әсер алдыңыздар? 134.«Ол кім, көрсет?» жаттығуы Мақсаты: Әр түрлі мамандық туралы нақтырақ білу. Тақтаға топ ойыншыларына ұнайтын мамандықтардың 10 - 12 түрі жазылады. Жүргізуші ол мамандықтардың әрбіреуін көрсетіп, былай дейді: «Ол кім, көрсет?». Барлығы сол мамандыққа лайық ойыншыны көрсетеді. Талдау: Лайық ойыншыны көрсетуде сіздерге не көмектесті? Қандай әсер алдыңыздар? 135.«Жауырындағы жазу» жаттығуы Мақсаты: Өзара сенімділік, топтың ынтымақтастық сезіміне зейін қою. Жүргізуші мамандықтың аты жазылған қағазды бір ойыншының арқасына түйреп қояды. Қалғандары сол мамандықты бейнелеп көрсетеді. Қағаз түйрелген ойыншыны өзінің арқасында не жазылғанын табу керек. Талдау: Не ұнады? Не ұнамады? Қай мамандықты көрсету қиын болды? Неге?