135«Суретті жалғастыру» жаттығуы Мақсаты: Шығармашылықты, оның көрінуіндегі кедергілерді сезінуді дамыту. Топ қатысушылары шеңбер бойымен отырады. Шеңберде түсті қарындаш, бор, фломастерлер, парақтар бар. Нұсқау:Мен «бастаймыз» деп айтқан кезде, әрбіреуіңіз парақ және сурет салуға қажет нәрселерді аласыз. Сурет салуға 15 секунд беріледі. Уақытты мен қадағалап тұрамын және 15 сек. соң сол жақтағы көршіңізге әрқайсыларыңыз өз парағыңызды беруіңізді сұраймын. Парақты алған соң сіз салынған суретті әрі қарай, мазмұнын дамыта отыра, кез –келген бағытта, тағы бірдеңелерді салуыңыз керек. Әркімнің парағы өзіне қайтып келгенше шеңбер бойымен жүріп шығуы керек». Талдау:Жасалған жұмысты талқылау кезінде тренер топтың зейінін қатысушылардың күтпеген, дәстүрлі емес, өзгеше қабылданған сюжеттің өрбу сәтіне шоғырландыруына болады.