139.«Саусақтар» жаттығуы Мақсаты: Қатысушыларды ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Қатысушылар шеңбер бойымен отырады. Әркім қолдарын жұмып отырады, жүргізушінің бұйрығымен бәрі саусақтарын «ашады». Топтың қатысушылары бір - бірлеріне қарамай, бір ғана санды саусақтарымен көрсетуге тырысу керек. Қатысушылар бір - бірімен келісуге, «заңсыз» әдістермен өз әрекеттерін үйлестіруге ұмтылуларына тыйым салынады. Өз мақсаттарына жеткенше, ойын жалғаса береді. Талдау: Осы тапсырма несімен ұнады? Несі ұнамады? Тапсырманы орындау оңай болды ма? Қандай әсер алдыңыздар?