140.«Шеңбер бойымен ырғақты беру» жаттығуы Мақсаты: Топ бірлігін нығайту. Топтың барлық мүшелері бір ойыншының келтірген ырғағы сол қалпында, шеңбер бойымен кезектесе отырып шапалақтау арқылы қайталайды. Нұсқау:Әркім өзінің алдына орындық қояды. Кімде - кім қандай да бір ырғақты тықылдатады. Жанында отырған адам сол ырғақты қайталайды және оған өзінің ырғағын қосады. Үшіншісі, алдыңғы екеуінің тықылдатқан ырғағын қайталап, өзінікін қосады және т.с. Ұмытып қалған немесе дұрыс қайталамағандар ойыннан шығады. Ырғақты аяқпен де тақылдатуға болады. Ондай жағдайда биге барлығы қосылады. Талдау:Жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Біздің топты аз да болса біз сездік пе? Енді не сезінудесіздер?