104.«Қорап» жаттығуы Өз тілектері бойынша 3 қатысушы ортаға шақырылады. 1 қатысушы аяғын 2 аяқ киім қорабына салады, ал, 2 қатысушы екі жағынан аяқтарын салып, бөлмеде жүрулері керек. 1-тапсырма, екі жағындағылар бір-бірімен ақылдаспай бөлмеде жүреді; 2-тапсырма, екі жағындағылар ақылдасып жүреді. Соңынан талқылауға сұрақтар қойылады: -Қозғалуға ыңғайлы болды ма? -Қай қатысушыға жылжу қиынырақ болды? -Ортадағы ойыншы қай кезде жеңіл, сенімдірек жылжиды? Екі жағындағы қатысушылар қозғалуға көмектесе отырып бір бағытта жүргенде ме, әлде, әр қатысушы өз бағыты бойынша қозғалғанда ма? Тренер: Ортадағы адамның жағдайында бала тұрады. Бір жағында -мектеп өз тәрбиедегі істерімен, талаптарымен, міндеттерімен, күтілетін нәтижесімен, ал екінші жағында- отбасы, тәрбиедегі өз тәсілдерімен, көзқарасымен, күтетін нәтижесімен тұрады. Бала мектеп пен ата-ананың күтетін нәтижесіне сәйкес келіп, ата-ана мен мектептің талаптарын орындауы қажет. Баланы тәрбиелеу мен оқытудың нәтижелілігі, педагогтар мен ата-ананың ынтымақтастығы мен түсіністігіне байланысты. Біз 2 топқа бөліндік, әрбір топ жеке патшалық болып есептеледі. 1. Ата-аналар патшалығы; 2. Педагогтар патшалығы.