МҰҒАЛІМГЕ АҚПАРАТ
Тақырыбы: Процедуралар мен функциялар
Күтілетін нәтиже:
Білім
•Процедура ұғымын таниды
•Процедураның қасиеттерін тұжырымдайды
•Процедураны енгізу және сипаттау тәсілдерін анықтайды
•Процедура ерекшеліктерін бейнелеп айтады
Түсінік
•Процедура терминін түсіндіреді
•Процедураның қолданылуын айырып таниды
•Белгілі бір есепті орындау тәртібінің түсіндірмесін береді
•Процедураның жазылу тәртібін түсінеді
Қолданыс
•Программа құру үшін процедурамен
манипуляция жасайды.
Анализ
•Процедуралар қолдана отырып, белгілі бір
есептің орындалу программасын талдайды
Синтез
•Процедуралар қолдана отырып, белгілі бір
есептің орындалу программасын
қайтақарайды.
Баға
•Процедуралар мен олардың жазылу тәртібі туралы білімін түйіндейді. Программалау кезінде нақты шешім қабылдайды.
Сабақ құрылымы:
І. Ақпарат алмасу (12 мин.)
ІІ. Алғашқы бекіту (5 мин.)
ІІІ. Құзырлылық қалыптастыру (15 мин.)
ІV. Шығармашылық қалыптастыру (10 мин.)
V. Бағамдау-бағалау (3 мин.)
Сабақ типі: Сабақта жаңа білімді игеру
Оқыту әдісі: Түсіндірмелі-иллюстративтік, топтық
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі:
•Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
•Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
•Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында оқушыларға мысалдар көрсету
•Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге беру. Түсінбеген жағдайда дұрыс жауапқа сілтеу
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
•Процедура мен Функция. Процедураны шақырулар. Формальды параметрлер. Нақтылы параметрлер.Процедура тұлғасы. Координаталар. Локальды айнымалылар.
Оқушыда дағды қалыптастыру:
•Жаңа тақырыпты толық игеру
•Қажет болған жағдайда мұғалімнен көмек сұрау
•Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Ақпарат көздері:
1. Бөрібаев Б., Нақысбеков Б., Мадиярова Г. 2013. Информатика және есептеуіш техника негіздері. Алматы. Мектеп.
2. http://dipls.ucoz.kz/publ/algoritmdeu_zhne_programmalau/1-1-0-2
Оқушы жетістігін бағалау:
Оқушының негізгі бағасы деңгейлік тапсырмаларды орындауына байланысты қойылады. Қосымша бағаны (бонус) алу үшін топтық тапсырманы
орындауы қажет.
Үй тапсырмасы:
Негізгі түсінік пен анықтамаларды жаттау
Сыныпта орындаған есептерге қосымша талдау жасау
Үйге берілген тапсырмаларды орындау
• Бонус-балл тапсырмасы
a,b,c,d кесінділері берілген. Осы кесінділердің үшбұрыш құруға болатын әрбір үшеуі үшін сол үшбұрыш ауданын басып шығарыңыз. Берілген x,y,z қабырғалары бойынша үшбұрыш ауданын оның бар-жоқтығын тексеретіндей етіп есептеуді процедура түрінде өрнектеңіз.
САБАҚ БЛОКТАРЫ
і. аҚПАРАТ алмасу
Тақырып жоспары:
1. Процедура ұғымы. Процедураның қолданылуы
2. Процедураны орындау тәртібі
3. Процедураның ерекшеліктері. Процедураның мысалдары
Слайдтар:
2-слайд Сабақтың мақсаты
|
|
3-слайд Тақырып жоспары
|
|
4-слайд Процедуралар
Есеп: Мына фигураны құр
Ерекшелігі: үш ұқсас фигура
Жалпы: өлшемдері, айналу бұрышы
Айырмашылықтары: координаталары, түстері
|
5-слайд Процедуралар
Процедура – кейбір әрекеттерді орындау үшін қолданылатын көмекші.
Сонымен қатар, процедура белгілі бір әрекеттерді орындау мақсатында алдын-ала бекітілген аты бойынша шақырылып орындалатын программаның тәуелсіз бөлігі болып табылады.
Процедура – қандай да болмасын атпен аталған әрекеттердің жүйелілігі.
|
6-слайд Процедуралардың қолданылуы
Программаның әр жерінде орналасқан бірдей әрекеттерді орындау
Программаны түсіну оңай болу үшін оны бірнеше қосалқы бөліктерге бөлу
|
7-слайд Процедураны орындау тәртібі
Бірдей немесе ұқсас әрекеттерді ерекшелеп алу (үш фигура)
Олардың ұқсас жерлері (өлшемі, пішіні, айналу бұрышы) мен айырмашылықтарын ( координаталары, түсі) табу
Айырмашылықтарын белгіссіз айнымалылар түрінде өрнектеу, осы айнымалылар процедураның параметрлері болады
|
Достарыңызбен бөлісу: |