Мұғалімі: Бисенбай Ақмарал Муратқызы Мектепалды даярлық тобы


Қақпан-серті, аңшының көмекші құралы. 6.Майланғыш ау-



бет3/3
Дата08.10.2019
өлшемі462,48 Kb.
#49409
1   2   3
Байланысты:
Жеті азынаны бірі ертегісі


5.Қақпан-серті, аңшының көмекші құралы.

6.Майланғыш ау-әдіс-айласы, балық аулап, күн көру , кәсіп қылу үшін керек, тор(сетка)


7.Өткір кездік- сұсы, ер жігіттің керек құралдарының бірі, пышақ.


-Қазақ халқы жеті қазынаны «Жеті ырым » деп те атайды.

Адам –ақылды ойы-санасы бар

Денсаулық-байлық

Ақ жаулық- ер адамның сыңары.

Бала- ұрпақ жалғасы.

Көңіл


Жер- асыраушы ана

Ит- сенімді серік.



3)Негізгі бөлім:

а) «Жеті қазына» ертегісін оқып беру.



ә) Сөздік жұмыс.

Мадақтады- жақсылығын айту,дәріптеу.

Аластату-қуып тастау.

Жағымпаздана- жағыну, жалбақтау.

Сергіту сәті.

Музыка әуенімен би қимылын жасату.



б)Дәптермен жұмыс.

***Ақылды адам айтпай біледі,

Қыран құс қақпай іледі.

-Балалар мақалды хормен қайталап айтайық.

Мақалдың мағынасын түсіндіріп кетемін.


Шеңберге тұрады.

-Балалар бір-біріне жылылық сыйлайды,қуанады.

-1 аптада 7 күн бар.

-дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Тақтадағы суреттерді тамашалайды.

Ертегіні тыңдайды.

Кейіпкерлерді атап отырады.

Сөзікті тыңдайды, үйренеді.

Музыка әуенімен қимыл жасайды.

Мақалды хормен қайталап айтып жаттайды.


Рефлексивті реттеушілік.

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

-Енді балалар, ертегіні еске түсіріп алайық.



-Ертегі қалай аталады?

-Арыстан қандай сұрақ қойды?

-Аңдар қалай жауап берді?

-Арыстан неге ашуланды?

-Ит не деп жауап берді? ( Мен үшін дүниедегі қайратты, әрі ақылды, ол тек-адамзат)

-Неге итті «жеті қазынаның бірі» дейді екен?

-Осы ертегідегі ти, арыстан және түлкінің не айтқанын қайталап берер екен?

-Жеті қазынаға нелер жатады екен?

-Балалар, сандерге бүгінгі іс-әрекетіміз ұнады ма?

Балаларды мадақтау.



-Жеті қазынаның бірі.

-Әлемде ең қайратты, ең ақылды,әрі епті кім?-деп сұрады.

.- Түлкі:Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ деді.

-Ит ештеңе деп айтпағасын ашуланды.

- Мен үшін дүниедегі қайратты, әрі ақылды, ол тек-адамзат-деп айтты.

-Ит адамға көмекші, ол адамның досы.

Рөлге бөліп аңдардың сөздерін айтады.


Күтілетін нәтиже:

Нені білу керек: Жеті қазынаның түрлерін ажыратып, атауын айта алуды.

Нені игеру керек:Ертегі желісін түсініп, кейіпкерлердің сөзін есте сақтауды игереді.

Нені қолдана алады:



Сұрақтарға жауап бере алады, ертегіні мазмұндай алады..

Жеті қазынаның бірі

(Ертегі)


Баяғыда аң патшасы Арыстан қызметшісі Жолбарысты шақырып: «Ормандағы барлық аңдарды жина», - деп бұйырыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, ең ақылды әрі епті кім екенін білгісі келіпті. Лезде Арыстан апанының алдына аңдар жинала қалады. Арыстанның сөзін естіп болған соң Түлкі алға шығып:

- О, әлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде Сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ. Сондықтан да біз патша етіп сайлағанбыз! Сіздің қайырымыңыз шексіз, - депті.

Барлық аңдар өз пікірлерін айтып Арыстанға жағымпаздана, оны дүниедегі ең күшті, ең ақылды деп лепіреді. Мақтау сөздерге мәз болған Арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырап жатқан Итті байқайды. Дереу гүрілдеп Итке төне түседі:

- Әй, сен, оңбаған, мыналардың не айтып жатқанын есті - дің бе өзі!? Неге сен үн қатпайсың?

Ит салмақты қалпын бұзбастан:

- Ә, сен бе едің ... Сонша немене орманды басына көтересің? Менің сені мақтап бас ұруым керек пе еді? - деп басын көтерместен сөйлейді.

- Ал сонда, - дейді Арыстан, - дүниеде ең қайратты, ең ақылды, ең әділ, епті кім?

- Мен үшін дүниеде қайратты әрі ақылды да тек - адамзат.

Арыстан одан бетер ысқырып, дереу Жолбарысқа:

- Ит иттігін жасап, адамды мақтады. Біздің арамызда оған бұдан былай орын болмауға тиіс. Дереу арамыздан алас - татыңдар! - депті күндей күркіреп.

Бұл сөзден соң Ит мүлде көңілі қалып, олардың арасынан біржолата қара үзіп, кете барған екен.

Содан бері Ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Бер - тін келе, «Ит - жеті қазынаның бірі» деген қанатты сөз қалыптасыпты.


-         Көрдіңдер ме, балалар, «Ит – жеті қазынаның бірі» екен. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғашысы болыпты.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет