Мұғалімнің аты-жөні:
|
Карабатырова А.Б
|
Пән/Сынып:
|
Әдебиеттік оқу 2 сынып
|
Күні
|
20.09.2021ж
|
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
|
Өзім туралы
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Мен туралы сен не айтасың? Қонжық пен көжек. (Ертегі)
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты
|
2.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыру
|
Сабақтың мақсаты:
|
Барлық оқушылар: көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыра алады.
Көптеген оқушылар: мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Кейбір оқушылар: мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді.
|
Саралап оқыту тапсырмалары
|
Ұжымдық жұмыс
Жаңа тақырыптың түсіндірілуі
Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету
|
Жеке жұмыс
Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы
|
Кезеңдері
|
Педагогтың әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Басы
|
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін «Дос туралы жыр» әні тыңдалады.
Оқу материалын жариялау: «Сұрақтар тізбегі» әдісі.
-Ән кім туралы болды?
-Оны кімдер орындады?
-Авторлары кімдер?
– Әннің мазмұны туралы не айта аласың?
-Өзіңнің досың туралы не айтасың?
-Ендеше бүгінгі сабақта немен айналысатын боламыз?
|
Әнге қосылады.
Сұрақтарға жауап береді. Өзінің сүйікті әндері туралы әңгімелейді.
Сабақ мақсатын шығарады.
|
|
|
Ортасы
|
(Ұ) 1- тапсырма «Еркін әңгіме» әдісі арқылы жүзеге асады.
Ертегі мәтінін түсініп оқы. Негізгі ойды анықта.
Мәтіндегі оқиғаны басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстыр.
Саралау тәсілі: «Қарқын» арқылы жүзеге асады
Қарқыны жоғары оқушыға:
-Ертегі мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыр.
Қарқыны баяу оқушыларға: уақыт беріледі.
Сергіту сәті «Ой шебері» әдісі арқылы өтеді.
Атақты адамдардың достық туралы есте қалған бір нақыл сөзін немесе мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндір.
(Д) 2- тапсырма «Ыстық орындық» әдісі.
А) Кестемен жұмыс.
Мәтінге сүйеніп ауызша жауап бер.
Ә) Сұрақтарға жауап бер:
-Мәтіннен өзіңе қандай сабақ алдың?
-Досыңның қандай қылығын ұнатасың? Қандай қылығы ұнамайды?
-Мақтау сөздерден тұратын диалог құрастыр.
Саралау тәсілі: «Қарқын» арқылы жүргізіледі.
Қарқынды оқушыға:
- Дос туралы қандай әңдерді білесің?
Қарқыны баяу оқушыға қолдау көрсету.
|
Дескриптор'>Дескриптор:
-Мәтінді түсініп оқиды.
- Негізгі ойды анықтайды.
-Мәтіндегі оқиғаны басқа үлгідегі (иллюстрация, мультфильм) нұсқасымен салыстырады.
Дескриптор:
-Мәтінге сүйеніп ауызша жауап береді.
-Досының мінезіне пікір білдіреді.
-Диалог құрастырады.
|
ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
ҚБ: 1-10 балдық жүйе.
|
Оқулық
|
Сабақтың соңы
|
Кері байланыс: «Менің сөзім» әдісі бойынша өтеді.
|
Бүгінгі сабақта не білгенін, үйренгенін, түсінгені туралы бөліседі.
|
|
|