оқушыларда камераның болғаны және тәлімгерлердің сабаққа қатысқаны, оларды бақылап отырғаны оқушыларға ыңғайсыздық тудырды.
Кейбір оқушылар (Нұржан, Марат) сабақты ықыласпен тыңдамады. Олар мұқият тыңдауды білмейді.
Кейбір оқушылардың арасында келіспеушіліктер, бақталастақтар пайда болды. Топтық жұмыста Маражан көшбасшылық жасап өз пікірін басымдықпен жеткізіді.Ал қалған оқушылар оны тыңдады, өз пікірлен айтпастан сол оқушының айтқанымен жұмыс жүргізді. Сабақ өз уақытынан асып барып аяқталды.
Мұғалімнің неге уақыты жетпеді:
Оқушылармен сергіту сәтін өткізуге уақыт жеткізе алмады.
Менің істегенімді басқалар қалай қабылдады? Нені бақылауымнан шығарып алдым?
Нені жақсату керек:
Топтық жұмыс жүргізгенде барлық оқушының толық қамтылуын қадағалаймын. Кей оқушылар қарап отырып қалмауы керек.
Топқа бөлгенде барлақ топта А,В,С оқушыларды бірдей қамтуым керек.
Барлық оқушының сабаққа түгел қатыстыруым керек (топта, тақтада, партада).
Нені басқаша жасай аламын? Келесі жолы нені есте сақтауым керек? Мақсатыма жеттім бе? Жақсарту үшін келесі жолы қандай өзгерістер жасай аламын?
Сабақ жүргізіп отарған мұғалімге өзінің сөйлеу мәнерін өзгерту керек. Оқушыларға абыржымастан қалай түсінген болсаң солай жеткізе біл. Өз ойыңды айта біл. Әркім өз пікірін айтатынын және сол пікірлердің барлығы құнды екенін түсіндіре білу керек.
Оқушылармен психологиялық сұхбаттар жүргізу,оларға абыржымау керектігін түсіндіру.Мектептің психологына оқушылармен әңгіме жүргізу және шара қолдану керектігін айту.
Бұдан не ұғындым?
Өткізілген сабақты шығармашылық топта талқылау керек.