Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет25/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Қорыта айтқанда, 
мұғалімнің басты қызметі жаңа қоғамға сай білімді, көкірегі ояу, 
тәрбиелі, әр уақытта еліне қызмет ететін, онды – солды білетін жақты азамат қалыптастыру. 
Ал, мұғалімнің негізгі 
міндеті 
қазіргі кездегі жаңа оқыту мен тәрбиелеу технологияларын 
меңгеріп, өз кәсібін әрі қарай дамыту. Сондықтан да жас 
педагогте
жеңісті еңбек ете алатын, 
өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыратын жағдайлар туғызу қажет. 
Жас 


мамандардың
тіршілігін, еңбегі мен жоғары оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім алуын 
мақсатқа бағыттап ұйымдастыру керек. 
 


10 
Қазіргі білім беруде педагог тұлғасына қойылатын талаптарды атаңыз. 
• 
Өмірдегі 
көп 
мамандықтардың 
ішінде 
жан-жақты 
білімділікті, 
икемділікті, 
шеберлікті, 
ерекше 
шәкіртжандылықты, 
мейірімділікті 
қажет 
ететін 
мамандық 
та 
– 
ұстаздық 
мамандық. 
Бүгінгі 
ұстаз 
шәкіртіне 
ғылым 
негіздерінен 
мәлімет 
беріп 
қана 
қоймай, 
оны 
дүниежүзілік 
білім, 
ақпарат, 
экономика 
кеңістігіне 
шығуға, 
яғни 
қатаң 
бәсеке 
жағдайында 
өмір 
сүруге 
тәрбиелеуі 
керек. 
Ұстаз 
болу 
– 
жүректің 
батырлығы, 
Ұстаз 
болу 
– 
сезімнің 
ақылдығы. 
Ұстаз 
болу 
– 
мінездің 
күн 
шуағы, 
Ұстаз 
болу – адамның асылдығы Ғафу Қайырбеков 
• Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды 
сабақтардан 
гөрі, 
жаңа 
талапқа 
сай 
инновациялық 
технологияларды 
өз 
сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді 
болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8бабында 
«Білім 
беру 
жүйесінің 
басты 
міндеттерінің 
бірі 
– 
оқытудың 
жаңа 
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. 
• Қазіргі заманғы ұстаз қандай болуы керек? 
• 
Қазіргі 
білім 
беру 
жүйесінің 
мақсаты 
-бәсекеге 
қабілетті 
маман 
дайындау. 
Мектеп 
– 
үйрететін 
орта, 
оның 
жүрегі 

мұғалім. 
Ізденімпаз 
мұғалімнің 
шығармашылығындағы 
ерекше 
артықшылығы 

оның 
сабақты 
түрлендіріп, 
тұлғаның 
жүрегіне 
жол 
таба 
білуі. 
Өзгермелі 
қоғамдағы 
жаңа 
формация 
мұғалімі 
– 
педагогикалық 
құралдардың 
барлығын 
терең 
меңгерген, 
тұрақты 
өзін-өзі 
жетілдіруге 
талпынған, 
рухани 
дамыған, 
толысқан шығармашыл тұлғалық құзыреттілігі. 
• 
Қазіргі 
заман 
ұстазының 
кәсіби 
шеберлігінің 
негізі 
Мұғалімнің 
өмірге 
көзқарасы, 
оның 
идеялық 
нанымы. 
Пәнді 
жетік 
білуі, 
ойын 
оқушыларға 
жеткізу 
үшін 
жан 
жақты, 
терең 
дайындықпен 
баруы, 
оқушылар 
бойына 
әдеп, 
әдет, 
дағды 
сияқты 
жақсы 
қасиеттерді 
сіңіруі, 
моральдық 
нормаларды 
білуі. 
Оқыту 
мен 
тәрбиелеудің 
әдіс 
тәсілдерін 
міндетті 
түрде 
меңгеру. 
Білім 
берудің 
ұлттық 
моделін 
қолданушы 
ойшыл, 
зерттеуші, 
практикалық 
қызметте 
педагогикалық 
үйлестіруді 
шебер 
меңгерген, 
психолог 
-педагогтік 
сын 
көзбен 
қарай 
білетін іскер мұғалім қажет. 
• 
Күнделікті 
іс-тәжірибеде 
мұғалімнің 
кәсіптік 
білімін 
көтеруіне 
мектеп 
қабырғасында жағдай жасау керек. Ол үшін мектепте ғылыми әдістемелік кеңес 
пен бірлестіктердің және зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір 
талабына 
сай 
ұстаздардың 
біліктілігі 
мен 
білімділігін 
шыңдап 
отыратын 
жоғарыда атап өткен мәселелермен қатар,әр мектепте заманауи талапқа сай оқу 
құрал-жабдықтарымен қатар интернет жүйесі тұрақты жұмыс істеуі қажет. 


• 
Ұстаз 
алдындағы 
басты 
міндет 
ХХІ 
ғасырдың 
есігінен 
еркін 
енетін, 
дүниежүзілік 
мәдениетті 
танитын, 
төл 
мәдениетін 
құрметтей 
білетін, 
рухани дүниесі бай, интеллектуалдық өрісі кең, білімі жоғары, құқықтық 
құжаттық 
мәдениеті, 
жан 
жақты 
ақпараттандырылған 
заман 
талабына 
сай 
белсенді ұрпақ тәрбиелеу. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, 
арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы 
• Педагог - әдіскер. Қазіргі жағдайда педагог қызметінің ауқымы кең және 
алуан түрлі. Оның негізгі бағыттарының бірі – әдіскерлік мәдениетін өзін 

өзі дамытуы, кәсіби шеберлігін үздіксіз арттырып отыруы. Әдіскер 
– 
педагог 
өзінің 
жұмысын 
жоғары 
деңгейде 
жүргізіп 
қана 
қоймай, 
басқаларға өз тәжірибелерді тауып, танып, тарата білу керек; б) оқу әдіскерлік 
проблемаларды 
танып, 
талдама 
жасайды; 
в) 
алуан 
түрлі 
әдіскерлік 
жұмыстарды 
тиімді 
тұтастыра 
білуі 
керек; 
г) 
жас 
педагогтардың өзін - өзі дамытуға көмек береді. Өзін - өзі дамытуға 
бағдарлама 
құрғанда 
жалпы 

мәдени, 
философиялық 

әдістемелік, 
тәрбиелік, 
дидактикалық, 
педагогикалық, 
психологиялық, 
техникалық 
дайындықтарға 
назар 
аударады. 
Әдістемелік 
жұмыстың 
өз 
мәнінде 
жүруіне 
«ашық 
сабақтардың» 
рөлі 
зор. 
Педагог 
өз 
оқу 
орнының 
көлемінде 
шектеліп 
қалмай, 
семинарларға, 
конференцияларда 
қатысу 
белсенділік танытады. Білім жетілдіру курстарына қатысады. 
• 
Педагог 
– 
зерттеуші. 
Педагог 
зерттеуші 
ретінде 
өзінің 
педагогикалық 
қызметінде 
қайшылықтар 
мен 
қиындықтарға 
кездеседі, 
оны 
шешуге 
деген 
қажеттілік 
туындайды. 
Жұмысқа 
шығармашылықпен 
қарау, 
шабыттану 
– 
зерттеушіліктің 
қозғаушы 
күші 
болып 
табылады. 
Педагогикалық 
инновацияның 
дамуына 
байланысты, 
педагогикалық 
эксперимент жүргізе отырып тіпті жас педагогтар да өзінің зерттеушілік 
қабілетін 
дәлелдей 
алады. 
Сондықтан 
педагогикалық 
негізгі 
міндеттерінің бірі методикалық мәдениет арқылы өзін - өзі дамыту болып 
табылады. 
• Педагог - шығармашылықпен өзін- өзі дамытушы тұлға. Педагог – зиялы 
тұлға және 
мәдениет 
адамы. 
Педагог 
– 
рухани 
бай 
тұлға. 
Педагог 
– 
адамгершілігі мол, мейірімді тұлға. Педагог – бәсекелестікті тұлға. 
• 
Ендеше, 
бүгінгі 
білім 
мен 
білік 
бәсекелес 
заманда 
ұландарымыздың 
биіктен көрінуіне күнделікті ісіміздегі жаңашылдығымыз бен жанжақты берген тәрбиеміз 
арқылы қол жеткіземіз. ХХІ ғасыр білімділер ғасыры. Сондықтан, бізге ой өрісі жоғары, 
зерделі, жанжақты дамыған, парасатты ұрпақ керек екенін бір сәтте естен 
шығармағанымыз жөн. 


11 
Мұғалімнің сөзі. Сөйлеу техникасы және сөйлеу мәдениетін өз сөзіңізбен 
жазыңыз. 
 
Біз күнделікті өмірде жазғаннан гөрі, ауызша көп сөйлейміз. Соның ішінде мұғалімнің 
сөйлеу тілінің сапасына сөздердің дұрыс айтылуы мен дұрыс жазылуы кіреді. Дүние есігін 
ашқан жас бала сөз сөйлеуді, тыңдауды үлкендерден үйренеді. Балаға, оқушыға сөйлеп 
үйренуде қоршаған орта, яғни мұғалімдер, қоғамдық орындар, мектеп, балабақша, т.б. 
тікелей әсер етеді. 


Ауызша сөйлеудегі дағдыланудың ең қажет сатысы – сөз. Сөйлеу тілі арқылы мұғалім 
оқушыға білім нәрін құйып немесе түрлі сөздермен оқушылардың санасын қалыптастыруға, 
таным деңгейін арттыруға, тіл арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасауға үйретеді. 
Сөйлеу тілінсіз мұғалім – мұғалім емес. Сондықтан да мұғалімдер үшін сөйлеу тілінің 
ерекшеліктері, маңызы өте зор болып саналады. Адамға ауа қандай қажет болса, мұғалімдер 
үшін де сөйлеу тілі сондай қажет. Дей тұрғанмен, әр мұғалімнің өзіндік тіл ерекшеліктері, 
дауыс ырғағы, тәжірибесі, мимикалық іс-әрекеті де әртүрлі. 
Мұғалімнің сөйлеу тілінің негіздері – ауызша сөйлеу мен жазбаша тіл. Сонымен қатар 
дауыс ырғағы, үні, дауыс күші, интонация, сөздердің дұрыс байланысып, сөйлемнің дұрыс 
құрастырылуы, анық естілуі, дұрыс сөйлеу, тіл тазалығы, сөз дәлдігі, сөз әсерлігі, ой 
тиянақтылығы жатады. Бұлардың қатарына мұғалімнің дикциясын, яғни дұрыс дыбыстап 
айтуын да жатқызамыз. Мұның барлығы да сөйлеу тілінің негізгі элементтері әрі сабақтың 
сапасын арттырушы қасиеттері болып табылады. 
Кез-келген мұғалімнің сөйлеу тілінің деңгейі жоғары болуы үшін алдымен педагогтік әдеп 
пен ұстаздық шеберлік қажет. Болған немесе болатын оқиға, пікір-талас, ой 
қорытындысына байланысты мұғалімнің сөйлеу тілі де біркелкі, біржақты емес, әр қырлы 
болып отырады. Болашақ мұғалім оқу орнында жүргенде-ақ өзінің бойында ұстазға тән 
қасиеттерді қалыптастыра бастау керек. 
Оқушылар қазіргі жаһандану заманында ғылым мен техника, қоғамның үздіксіз дамуын 
назардан тыс қалдырмайды, ал әрбір жаңалыққа құштар мұғалім сыныптағы ахуалға, тосын 
жағдайларға тез арада бейімделіп, шешімін тауып, әділ бағалап отыруы тиіс. 
Дикциясы жақсы мұғалімді оқушылар да асқан қызығушылықпен тыңдайды. Мұндай сабақ 
қызықты өтеді. Сондай-ақ сабақты қызықты өткізіп қана қоймай, мұғалім мен оқушы 
арасындағы тығыз байланыстың орнауына да үлкен септігін тигізеді, яғни дикция – мұғалім 
мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты тығыз орнатудың сатысы. Дикцияның түрлері өте 
көп. Өте жақсы дикция деп үні жағымды, орфоэпиялық заңдылықты білетін, сөзі анық, 
интонация, екпін, т.б. кідірістерде мәнерлеп оқып, байыпты, қалыпты сөйлеуді айтамыз. 
Мысалы, сабақ барысында да бір сөзді 25 балаға айтқызсақ, сол сөздің 25 түрлі айтылғанын 
естиміз. Сонымен қатар бір адам бір сөйлемді әртүрлі естіп, дауысын, үнін, интонациясын, 
т.б. өзгертіп, сан құбылтып айта алады. Мұғалім сабақ түсіндіргенде, ойын жеткізгенде, 
әртіс сияқты мың құбылып, шамасы келгенше, оқушының зердесіне құюға тырысады. 
Мұғалім үшін тағы бірден-бір қажет нәрсе – интонация. Өйткені әр жағдаятқа келгенде, 
бірқалыпты сөйлей бермей, оқу, оқыту, жағдайында құбылта, келтіре, ұқсата сөйлеу керек. 
Ешбір заңдылықты сақтамай, бірқалыпты сөйлеп өткізген сабақ оқушының 
қызығушылығын төмендетеді, сабақты толық түсінуіне де кедергі келтіреді. 
Мұғалім аузыекі сөйлеп қана қоймай, дауыс ырғағы мен дикциясы арқылы оқушы санасына 
әсер етіп, «тағы қандай қызықты дүниелер айтады екен» деген ой туғызып, сабақты одан әрі 
жандандыра түсуге ықпал етуі тиіс. 
Сухомлинский «Тәрбие өнері дегеніміз – ең алдымен, сөйлей білу, адам жүрегіне жол таба 
білу өнері. Мұғалім сөзі – шәкірт жүрегіне жол табуда теңдесі жоқ құрал» деген. Бұл сөзде 
расында да үлкен шындық бар. Өйткені сабақ мұғалімнің сәлемдесуімен басталып, 
қоштасуымен аяқталады. Демек, сыныптағы негізгі тұлға – мұғалім. Сондықтан да сыныпта 
оқушының сөйлеу тілін қадағалаумен бірге, мұғалім өзінің тіліне де ерекше мән беруі керек. 


Дұрыс сөйлеген мұғалім әрқашан да оқушыларына үлгі болады. Әр оқушы тәрбиені, 
тәртіпті, үлгіні өз ұстазынан алуға ұмтылады, соған ұқсағысы келеді. 


12 
Педагогикалық қарым-қатынас стильдеріне мысал келтіріңіз. 
Педагогикалық қарым-қатынас стильдері. Мұғалім тәжірибесінде орын алатын 
педагогикалық қарым-қатынастың түрлерімен қатар оның негізгі стильдерімен танысып 
өтейік. Педагогикалық қарым-қатынас стилі - педагогтың өз шәкірттерімен әрекеттесуінің 
дербес-психологиялық ерекшеліктері. Әр мүғалімнің балалармен қарым-катынас 
орнатуында өзіне ғана тән ерекшеліктері болады. Осы ерекшеліктеріне байланысты әр 
мүғалімнің кабинетке кіруімен бірге оқушылар сыныбында әр түрлі психологиялық ахуал 
орын алады.
 
Педагогика, психология, әлеуметтану ғылымдарында қарым-қатынастың мынандай 
стильдері топтастырылған: авторитарлык, либералдық, демократиялық, 
1. Қарым-қатынастың аеторитарлық стилінде мұғалім оқушылардың қызығушылықтарын 
ескерусіз өзі ғана шешім қабылдайды, оқушылардың пікірлері маңызды болып 
есептелмейді, олар тек мұғалімшң айтқанын, нұсқасын орындаушылар ретінде 
қабылданады. Оқушыларға ешқандай еркіндік берілмейді, олар үнемі бағынышты, тәуелді 
позицияда болып, педагогикалық ыкпалдың объектісіне айналады. Мұғалімнің дауыс 
ырғағында бұйрық беру, қатал тәртіп орнату, өктем сөйлеу, қысым жасау сияқты қасиеттері 
басым болады. Мұндай қарым-қатынас барысында оқушылардың тұлға ретінде дамуына 
көп кедергілер кездеседі және ұстаз бен оқушылар арасында көптеген түсініспеушілік, 
шиеленіс, қарама-қайшылық жағдайлары кездеседі. Мұнда мұғалім: «Менің айтқаньм заң», 
«Мен бұйырамьн, сендер орындайсыңдар» деген позицияны ұстанады. 
2. Қарым-қатынастың либералдық стилінде мұғалім өз бетінше шешім қабылдаудан бас 
тартып, жауапкершілікті оқушыларға, әріптестеріне ысырады. Мұғалім тек оқыту 
процесімен шектеліп балалардың тәрбиесіне көп көңіл аудармайды, оқушыларды өз 
беттерінше жібереді. Бұлдай қарым-қатынас стилі бойынша жұмыс істейтін мұғалімдердің 
сыныбында үлгерім де, тәртіп те қанағаттанарлықсыз болады. Мұғалім балалар ұжымының 
дамуына, жеке оқушылардың даму мәселелеріне немқұрайлы қарайды, қиын жағдайлардан 
құтылу үшін қатты талап қоюдан бас тартып ешкандай белсенділік, шығармашылық 
танытпайды. Оқушылардың тәрбиесі, дамуы қадағаланбайды, қарым-қатынас барысында 
ынтымақтастық, түсінісушілік болмайды. Мұғалім «Сен тимесең, мен тимеймін», «Қалай 
болса, солай болсын» деген позицияны ұстанады. 
3. Қарым-қатынастың демократиялық стшінде оқушы мен мүғалім педагогикалык қарым-
қатынастың тең құқылы субъектілері ретінде қарастырылады. Оқушылар мен мұғалім 
ынтымақтастық қарым-қатынаста болады, окушылардьщ жеке пікірлері есепке алынып, 
олардың белсенділіктері. шығармашылықтары жоғары бағаланады. Өзара қарым-
қатынастары кеңес беру, ақыл айту, өтініш, сенім арту сияқты формалар арқылы іске 
асырылады. Мұндай стиль окушылардьң тұлға ретінде дамып қалыптасуына, олардың 
субъектілік позицияға ие болуына, гуманистік қатынастардың орнығуына, жағымды 
психологиялық ахуалдың калыптасуына әсері көп. Бұл стильді ұстанатын педагогтар 
оқушылардьң көңіл-күйін, психологиялық жағдайын түсінуге, олардың мүмкіншіліктерін 
жетістіктерін дұрыс бағалауға, оларға дұрыс құндылықтық бағыт-бағдар беруге тырысады. 
Осындай мұғалімдердің басқаруымен жұмыс істейтін оқушылар да өз беттерінше жұмыс 
істеуге дағдылану, жауапкершілік, шығармашылық, өзінің қабілеттерін дамытып іске асыру 
ерекшеліктері жиі байқалады. Бұл стиль бойынша жұмыс істейтін мұғалім: «Бәріміз бірге 
жоспарлаймыз, бірігіп орындаймыз, бірігіп жетістікке жетеміз» деген позицияны ұстанады. 


Н.Н.Ханның зерттеуінше мұғалімнің оқу-тәрбие процесінде ынтымақтастың қарым-
қатынасты іске асыруға даярлығы мынандай компоненттерді қамтиды: 
1. Педагогикалық іс-әрекетке деген кәсіби ынтаның болуы. 
1. Оқу процесінде оқушы түлғасын қалыптастыруға қажетті білім көлемінің болуы. 
3. Педагогикалық процестің қызметіне жағымды әсер беру мақсатындағы кәсіби іскерліктер 
жиынтығы. 
В.А.Кан-Калик мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың мынандай 
топтамасын анықтаған: 
1.Бірлсскен шығармашылық іс-әрекетке әуестену негізіндегі қарым-қатынас (мұғалім 
окушыларды шығармашылыққа ынталандырады, балалар мұғалім соңынан қалмайды). 
2. Достық ықылас негізінде құрылған педагогикалық қарым-қатынас (мұғалім оқушының 
ересек жолдасы ретінде қарым-қатынаста болады, татулық, достық қатынас орнайды). 
3. Дистанциялық қарым-қатынас (түрлі әлеуметтік рөль атқаруларына байланысты оқушы 
мен мұғалім арасында такты дистанция сақталады, мұғалімнің жетекші ролі орын алады). 
4. Қорқыту арқылы қарым-қатынас орнату {мұғалімнің өктемдігі басым болады, балалар 
үнемі мұғалімнің ұрсуынан үрейленіп жүреді). 
5. Балалармен жұмыс істеген кезде әзіл-қалжыңға негізделген қарым-қатынас (балаларға 
ұнау үшін жас мұғалімдер қалжыңдасып сөйлеуді ұстанады, бірақ бұл дұрыс нәтижеге 
жеткізбейді). 
Мұғалім шәкірттер алдында өзінің 
4. артықшылығын көрсетуге бағытталған қарым-қатынас (мұғалім тек өзінің беделімен гана 
айналысады, үнемі өзінің балалардан жогары екенін дәлелдеуге тырысады). 
Әр жас мұғалім өзінің дербес ерекшеліктеріне, мүмкіндіктеріне, қабілеттеріне байланысты 
педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік стилін қалыптастырады. Қарым-қатынастың 
өзіндік стилін қалыптастыру үшін ең алдымен жас маман өзінің психологиялық 
ерекшеліктерін, құндылық бағдарын, ішкі қабілеттерін, шығармашылық әлеуетін арнайы 
зерттеп білуі қажет. Коммуникативтік қабілетті зерттеуге арналған диагностикалық 
әдістемелердің түрлері қазіргі педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде өте көп. 
Солардың бір мысалы ретінде адамның қарым-қатынас жасауға бейімділігін анықтауға 
байланысты мынандай тестті қарастырып өзімізді зерттеп көрейік. 


13 
Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын тұжырымдап дәлелдеңіз. 
Педагогика ғылым ретінде қалыптасуының тарихи және философиялық контексті бар. Бұл 
процесс бірнеше кезеңдерден тұрады және әр түрлі мәдени және интеллектуалды 
дәстүрлердің ықпалында дамыды. Педагогиканың ғылым ретінде қалыптасуын түсіндіру 
үшін оның негізгі белгілерін қарастырайық: 
1. Теориялық негіздерінің дамуы 


Педагогикалық теориялардың дамуы ғылыми дисциплина ретінде педагогиканың 
қалыптасуына негіз болды. Ежелгі Грециядан бастап, педагогикалық ой-пікірлер 
Аристотель, Платон сияқты ойшылдардың жұмыстарында көрініс тапты. Олар білім беру 
маңыздылығын және оның адам дамуындағы рөлін талқылады. Ортағасырлық Еуропада, 
Ағарту дәуірінде және заманауи кезеңде педагогикалық ой-пікірлер одан әрі дамыды, бұл 
әртүрлі оқыту әдістерінің және білім беру жүйелерінің пайда болуына ықпал етті. 
2. Зерттеу әдістерінің қалыптасуы 
Педагогика әдістемелік тұрғыдан эксперименттік, бақылау, сауалнама және талдау сияқты 
әдістерді қолдана отырып, білім беру процестерін зерттеуге мүмкіндік береді. Мысалы, Жан 
Пиаже балалардың ойлау процесін зерттеу үшін эксперименттік әдістерді қолданды. Бұл 
әдістер педагогиканың нақты ғылыми дисциплина ретінде дамуына мүмкіндік берді. 
3. Педагогикалық институттардың пайда болуы 
Педагогикалық институттар мен университеттердің педагогика факультеттері білім беру 
теориясы мен практикасын зерттеуге арналған. Бұл институттар педагогикалық білім 
берудің сапасын арттыруға және педагог мамандарды даярлауға бағытталған. 
4. Халықаралық ықпалдастық және стандарттар 
Халықаралық білім беру ұйымдары және конференциялар, мәселен, ЮНЕСКО, педагогика 
саласындағы зерттеулер мен инновацияларды ынталандыруда маңызды рөл атқарады. Бұл 
ұйымдар педагогикалық тәжірибелерді стандартизациялауға және жаһандық деңгейде білім 
беру сапасын жақсартуға көмектеседі. 
Қорытынды 
Педагогика ғылым ретінде қалыптасуының бұл кезеңдері оның теориялық, әдістемелік және 
практикалық аспектілерінің ұштастырылуын көрсетеді. Бұл өз кезегінде педагогиканың 
қоғамдық маңызын арттырып, білім беру жүйесінің жетілдірілуіне ықпал етеді. 



Педагогика ғылымының пәні мен атқаратын қызметі. Негізгі 
категорияларын анықтаңыз.Мысал келтіріңіз. 
Педагогика ғылымының пәні 
Педагогика – бұл білім беру, оқыту және тәрбиелеу процестерін зерттейтін ғылым. Оның 
негізгі пәні – білім беру процесіндегі оқытушы мен оқушы арасындағы өзара қарым-
қатынас, сондай-ақ бұл процестердің қоғамға, дамуға және жеке тұлғаның қалыптасуына 
тигізетін әсері. 
Педагогика ғылымының атқаратын қызметі 
1 Теориялық қызмет: Педагогика оқыту мен тәрбиелеу процестерінің заңдылықтарын ашып 
көрсетеді, білім беру жүйелерінің даму теорияларын ұсынады. 
2 Тәжірибелік қызмет: Зерттеулер мен теориялық білімдерді нақты оқыту және тәрбие 
практикасына қолдану. 
3 Дамытушылық қызмет: Білім беру мекемелерінде жаңа оқыту әдістерін енгізу арқылы 
оқушылардың дамуын жетілдіру. 
4 Бағалаушы қызмет: Оқыту мен тәрбиелеу процестерінің тиімділігін талдау және бағалау. 
Негізгі категориялары 


 1 Оқыту: Бұл категория оқу материалдарын оқушыларға жеткізу және меңгерту процесін 
қамтиды. 
• Мысал: Интерактивті оқыту әдістері, оқушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз етеді. 
2 Тәрбие: Жеке тұлғаның моральдық, эстетикалық және физикалық дамуына бағытталған 
процесс. 
• Мысал: Мектеп ішіндегі спорттық бағдарламалар, оқушылардың дене шынықтыруға 
қатысуын қамтамасыз етеді. 
3 Білім: Адамның білімділік деңгейін арттыруға бағытталған ақпаратты жинақтау және 
меңгеру процесі. 
• Мысал: Емтихандар мен бақылау жұмыстары арқылы оқушылардың білім деңгейін 
бағалау. 
4 Даму: Оқушылардың жеке, әлеуметтік және кәсіби қабілеттерін дамыту. 
• Мысал: Кәсіби бағдар беру сабақтары, оқушыларға әртүрлі мамандықтар туралы түсінік 
беру. 
5 Өзін-өзі тану: Оқушылардың өзін-өзі танып, өзіндік санасын қалыптастыруы. 
• Мысал: Рефлексия жүргізу, оқушыларға өз оқу процесін ой елегінен өткізуге мүмкіндік 
беру. 
Бұл категориялар педагогикалық тәжірибеде тығыз байланысты және бір-бірін 
толықтырады, олардың әрқайсысы білім беру процесінің тиімділігін арттыруға бағытталған 



Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі теориялық әдіснамалық 
тәсілдерін реттеңіз. 
Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына қатысты теориялық және әдіснамалық тәсілдер 
әртүрлі психологиялық мектептер мен бағыттардан шыққан. Осы теориялар адамның өсуі 
мен дамуын түсінудің негізін қалайды және олардың әрқайсысы адам мінез-құлқының 
әртүрлі аспектілеріне баса назар аударады. Міне, жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының 
негізгі теориялық әдіснамалық тәсілдері: 
1. Психоаналитикалық тәсіл (Зигмунд Фрейд) 
• Негізгі идеялар: Фрейдтің теориясы бойынша, адамның мінез-құлқы түсініксіз және ес 
білмейтін психикалық процестермен басқарылады. Ол балалық шақтағы психосексуалдық 
даму фазаларын басым көрсетеді. 
• Қолдану: Терапиядағы негізгі мақсат – бейсаналық конфликтілерді ашу және оларды 
шешу. 
2. Бихевиоризм (Джон Уотсон, Б.Ф. Скиннер) 
• Негізгі идеялар: Бихевиоризм адамның мінез-құлқын бақылауға және оның сыртқы 
ортамен өзара әрекеттесуіне баса назар аударады. Ол сыртқы стимулдар мен жауаптар 
арасындағы байланысты зерттейді. 
• Қолдану: Тәрбиелеу және оқыту процестерінде, мінез-құлықты формалдау және өзгерту 
үшін жүлделеу және жазалау тәсілдерін пайдалану. 


3. Гуманистік психология (Карл Роджерс, Абрахам Маслоу) 
• Негізгі идеялар: Гуманистік теория адамның бойындағы потенциалды жүзеге асыруға 
басымдық береді. Олар адамның бақытқа жетуі және өзін-өзі іске асыруы маңызды деп 
санайды. 
• Қолдану: Психотерапияда, оқытуда және кеңес беруде адамдардың жеке дамуына 
көмектесу үшін қолданылады. 
4. Когнитивтіктеория (Жан Пиаже, Лев Выготский) 
• Негізгі идеялар: Когнитивтік теориялар адамның ойлау процестеріне және білім алуына 
назар аударады. Пиаже балалардың ойлау қабілетінің кезеңдік дамуын ұсынады, ал 
Выготский әлеуметтік орта мен мәдени контексттің рөлін баса көрсетеді. 
• Қолдану: Оқыту стратегияларын жасақтауда және балалардың интеллектуалды дамуын 
қолдауда. 
5. Эволюциялық психология 
• Негізгі идеялар: Эволюциялық психология адам мінез-құлқының эволюциялық 
тамырларын зерттейді. Ол биологиялық және генетикалық факторлардың адамның 
психологиясына қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі. 
• Қолдану: Түрлі мінез-құлық мәселелерін түсіну және оларға әсер ету жолдарын анықтау. 



Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасудағы мәселесін 
шешіңіз. 
Оқушының жеке тұлғалық дүниетанымының қалыптасуы – бұл күрделі процесс, ол балаға 
өзінің және өзгелердің орнын, әлемдегі және қоғамдағы рөлдерін түсінуге көмектеседі. 
Мектеп жасындағы балалардың дүниетанымын дамыту үшін келесі стратегияларды 
қолдануға болады: 
1. Білім беру бағдарламаларын кеңейту 
• Көптүрлілікке негізделген оқу: Оқушыларға әртүрлі мәдениеттер мен идеялар туралы 
білім беру арқылы олардың дүниетанымын кеңейтеді. 
• Сыни ойлауды дамыту: Оқушыларды ақпаратты талдауға және өз пікірлерін 
қалыптастыруға үйрету. 
2. Тәрбиелік жұмыстарды күшейту 
• Әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыру: Экологиялық сана-сезім, қайырымдылық 
және қоғамға пайдалы іс-әрекеттерге баулу. 
• Адамгершілік құндылықтарды насихаттау: Өзара сыйластық, төзімділік және әділдік 
қағидаларын үйрету. 
3. Әлеуметтік ортаны жақсарту 
• Қауіпсіз және қолдаушы орта құру: Мектепте буллингке жол бермеу, психологиялық 
көмек көрсету. 
• Отбасымен бірлескен жұмыс: Ата-аналармен бірлесіп, оқушылардың дүниетанымын 
қалыптастыруға ықпал ету. 


4. Шығармашылық қабілеттерді дамыту 
• Өнер және мәдениет сабақтары: Сурет салу, музыка, театр және басқа да шығармашылық 
қызметтер арқылы оқушылардың өзіндік ой-өрісін дамыту. 
• Жобалық жұмыстар: Топтық және жеке жобалар арқылы оқушылардың жауапкершілік 
сезімін арттыру және олардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту. 
5. Технологиялық құралдарды пайдалану 
• Ақпараттық технологиялар: Интернет және басқа да ақпараттық ресурстар арқылы 
оқушылардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейту. 
• Оқу платформалары: Электрондық оқу материалдарын және интерактивті құралдарды 
қолдану арқылы оқыту процесін жетілдіру. 
Осы стратегияларды дұрыс пайдалану арқылы оқушылардың жеке тұлғалық дүниетанымын 
тиімді түрде қалыптастыруға болады, бұл олардың өмірде жауапты, ойшыл және 
толерантты адамдар ретінде өсіп-жетілуіне ықпал етеді




Отандық ғалымдардың жеке тұлғаны дамыту туралы ой-пікірлерін 
талдаңыз. 
Абай философиясында адам проблемасы, оның ішкі дүниесі мент танымы слеулі орын 
алады. Жанды байыту мақстаы – бұл ағарту ісі. Абай халықтың қараңғылығына 
қынжылады. Ол: «Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады» деп жазады (26 сөз) 
Адам табиғаттан жан мен тән берілген.Тәннің қызығы – жеу, ішу, ұйықтау. Сезім мүшелері 
айнала қоршаған орта туралы білім береді. Оның айтқаны «Көзбенен көріп, құлақпен естіп, 
қолмен ұстап, тілмен татып, мұрынмен иіскеп, тыстағы дүниеден хабар алады... Кімде-кім 
сырттан естіп білу, көріп білу секілді нәрселерді көбейтіп алса, ол - көп жиғаны бар адам: 
сынап, орындысын, орынсызын - бәрін де бағанағы жиған нәрселерінен есеп қылып, қарап 
табады. 
Бұлай 
етіп 
бұл 
харекетке 
түсінген 
адамды 
ақылды 
дейміз. 
Қазақ халқының ұлы ошйылы А.Құнанбаевтың XIX ғ. бірінші жартысындағы 
философиялық-әлеуметтік ой-пікірлері қоғамдық көзқарастың ең өзық үлгісі болды. 
Абайдын негізгі зерттеу объектісі — адам. А.Құнанбаев адам проблемасы, оның қоғамдағы 
мақсат-мұраты 
жөніндсгі 
қоғамдық-саяси 
ойдыц 
негізін 
қалаушы. 
Адам мәселесі ұлы ойшыл шығармаларындағы негізгі әлеуметтік-рухани проблема болып 
табылады. Ол адамның тұлға ретінде әлеуметтік-саяси тұрғыда жетілуіне ықпал ететін 
алғышарттардың қатарында- "талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақымды" атап 
көрсеткен.Толыкқанды, жетілген адам- адамгершілігі мол, білімді, еңбекқор, сабырлы, 
имандылығы мен ұяты жоғары, қанағатшыл болуға тиіс дейді. Ол халықты осындай 
қасиеттерді өз бойларына дарытуға шақырып, жалпыадамзаттық ізгілікке үнледі. 
Адамның қоғамдық өмірдегі орны туралы мәселе Абайды ерекше толғандырған. Адам 
белгілі бір табиғи және әлеуметтік-саяси ортада өмір сүріп, қалыптасады, ал қоршаған 
дүниенің оның мінез-құлқында, санасында, көзқарасында, дағдысында, іс-әрекетінде өз 
белгісін қалдыратыны сөзсіз, Адам мен қоғам арасыңдағы қарым-қатынасқа Абай зор мән 
беріп: '"Адам баласын замана өсіреді... Дүниеде жалғыз қалған адам- адамның өлгені" |1, 
78],- дейді. Демек, ұлы ойшыл адамның тұлға ретінде қалыптасуына негіз болатын қоғам, 
сол кезеңдегі тарихи дәуір екенін жете түсінген. Сондықтан да: "Адам ата-анадан туғанда 
есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татыт ескерсе, дүнидегі жаксы, жаманды таниды-дағы, 
сондайдан білгепі, көргені көп болған адам білімді болады" [1,42,] - деп тұжырымдайды. 
Жеке тұлғаның қоғамның дамуы мен тарихи үрдістерінде ерекше орын алатыны анық. 
Әрбір дәуірдің мәні мен ерекшелігі жеке тұлғалар арқылы анықталады. Біріншіден, 
Отандық тарихта өзіндік орны бар қоғам, мемлекет қайраткерлерінің бірі — ХХ ғасыр 


басындағы А. Байтұрсыновтың өз халқын ұйқыдан оятып, бостандық, теңдік және 
туысқандық жолына салу үшін жүргізген жанпида күресі келер ұрпақты патриоттық тәрбие 
беруде үлгі болмақ. Екіншіден, бүгінгі күнде Ахметтің азабы мол еңбегі азаматтықтың биік 
үлгісі ретінде қазақ елінің тарихын қайта жаңғырту үстінде. Үшіншіден, ұлы қайраткер 
күрескердің еңбегін мүдірместен демократиялық дәстүрлерге берік бүгінгі қазақ, Қазақстан 
Республикасы зиялылары қайталайтындығына біздің ешбір күмәніміз жоқ.Қазақстандық 
ғалымдар да психология мен әлеуметтану ғылымдарының сан алуан аспектілерімен қатар 
тұлғаның дамуын зерттеуге елеулі үлес қосты. Қазақстандық ғалымдардың тұлғаны 
дамытуға қатысты бірнеше негізгі ойлары мыналарды қамтиды: 
1. Абай Құнанбаев – қазақ ақыны, ойшылы және философы, қазіргі қазақ әдебиетінің атасы 
ретінде де белгілі. Оның шығармаларында адам болмысын терең түсіну, өзін-өзі жетілдіру, 
рухани кемелдену көрінеді. Ол ақыл-ой және рухани жетілдіру арқылы білім алудың, өзін-
өзі тәрбиелеудің және жеке тұлғаның дамуының маңыздылығын атап өтті. 
2. Дарья Ким – қазақ психологы, тұлғаны дамыту және өзін-өзі дамыту психологиясы 
бойынша еңбектердің авторы. Оның жұмысы жеке тұлғаның қалыптасуына әлеуметтік-
мәдени ортаның ықпалына, сондай-ақ үйлесімділік пен әл-ауқатқа жетудегі өзін-өзі тану 
мен өзін-өзі дамытудың маңыздылығына бағытталған. 
3. Әлия Нұрмұхамедова – әлеуметтік институттардың тұлғаның қалыптасуына әсерін 
зерттейтін қазақстандық әлеуметтанушы және психолог. Оның зерттеулері әлеуметтік 
бейімделу, өзін-өзі анықтау және жеке тұлғаның құндылық бағдарларын қалыптастыру 
мәселелерін қозғайды.4. Әбдірашит Сыздықов – білім беру және психологиялық қолдау 
көрсету арқылы тұлғаны дамыту саласында жұмыс істейтін қазақстандық психолог. Ол 
жеке даму процесінде, әсіресе тез өзгеретін әлеуметтік-мәдени жағдайда психологиялық 
көмек пен қолдаудың маңыздылығына назар аударады.Бұл ғалымдар және басқа да 
көптеген қазақстандық мамандар қазіргі Қазақстан жағдайында тұлғаның қалыптасу және 
даму процестерін зерттеу, осы күрделі процесті түсіну үшін өзіндік әдістер мен 
тұжырымдамаларды қолдану бойынша белсенді жұмысты жалғастыруда. 



Жеке тұлғаны қалыптастыруға әсер ететін факторларға тәжірибе 
келтіріңіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет