Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет26/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Тұлғаның қалыптасуы
– тұлғаның шындықпен өзара әрекеті барысындағы өзгеріске түсу 
үдерісі және оның дене құрылысы мен әлеуметтік-психологиялық жаңаруындағы 
өзгерістердің пайда болуы.Оқушы тұлғасының дамуы мен қалыптасуында тәрбие ортадан 
дамуына қажетті материалды іріктейді; жағымсыз ықпалдардан шығу жолдарын іздестіреді; 
оқушының мүмкіншілігін анықтайды, ашады, табиғи нышандарының дамуына жағдай 
жасайды. 
Тұлғаның дамуы мен тәрбиесі көптеген идеяларға негізделеді: 
— адамды қабілетіне және дарындылығына сүйеніп, жан-жақты дамыту; 
— ересек адамдар мен балалардың бірлесу ісәрекеттерінің ынтымақтастығы, мұғалім мен 
балалар еңбегінің бірлестігі, мұғалімнің балаға ерекше көңіл аударуы, ата-аналармен мен 
мұғаліммен ынтымақтастық, өзін-өзі құрметтеу идеясы , өзінөзі тәрбиелеу т.б.Тәрбие 
адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, өзіндік өңдеу белсенділігін 
арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны.Қалыптасу түсінігіне 
келетін 
болсақ, 
ол 
жеке 
адам 
дамуының 
нәтижесі 
ретінде 
оның 
кемелденуін және тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді.Балада табиғаттан, 
тумысынан жалпы адамдарға тән сөйлеу мәдениеті және жеке өз басына байланысты 
әртүрлі нышандар қоры, табиғи қасиеттері жеке адамның өзіндік мүмкіншіліктерін 


құрайды, солар арқылы түрлі қабілеттіліктердің қалыптасуы басталады.Табиғи 
мүмкіншіліктер 
адамның 
әлеуметтік 
өмір 
әрекеттерінің 
барысында 
дамиды. 
Адамның өмір сүру ортасы болмаған жағдайда табиғи нышандардың, қабілеттіліктер мен 
бейімділіктердің де күші жойылады.Жеке адамның қалыптасуында өзін-өзі тәрбиелеудің 
маңызы зор, ол – адамның саналы түрде, белгілі бір мақсат көздеп өзінің бойына 
қалыптастыратын қасиет, мінез-құлық, дағдысына бағытталған жұмыс. Егер тәрбие 
жеткіліксіз, әлсіз болса, баланың қалыптасуына кері әсер етеді.Жеке тұлға дамуы мен 
қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған 
орта, тәрбие – сыртқы әсерлер. Сыртқы әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен 
толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке тұлғаның дамуы мен 
қалыптасуы – осы екі фактордың байланысынан пайда болады.Тұлғаны әлеуметтендіру 
біріккен қарым-қатынас іс-әрекет барысында қалыптасады. Педагог кез келген қызметке 
кірісуі үшін алдын ала қойылатын талаптарды ескереді. Педагогикалық талапты орындау 
ғана педагогикалық мақсатты қатынастардың нәтижелі болуын қамтамасыз етіп қоймайды. 
Балалар ұжымындағы шағын топтардың пікірі мен беретін бағасы және іс-қылықтары да 
маңызды.Тұлғаны 
әлеуметтендіруде 
әлеуметтік 
тұрғыда 
отбасына 
әлеуметтік-
экономикалық, 
құқықтық, психологиялық және педагогикалық, баланы отбасына тәрбиеге алған отбасына 
қолдау көрсету, көп балалы және мүгедек балалы отбасы балаларының денсаулығын 
нығайтуға көмектесу негігі орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет