Мұғалімнің қызметі және оны түсіндіріңіз



Pdf көрінісі
бет35/63
Дата05.06.2024
өлшемі3,51 Mb.
#203176
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Байланысты:
Педагогика полный дайын (1)

Педогиканың мақсаты.
Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы 
ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен мақсаты. Адам жөніндегі 
ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. 
Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған 
практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім 
берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. 
теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие 
әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырады. 



Оқыту әдістерінің классификациясын айқындаңыз. 
Оқыту әдістерінің классификациясын айқындаңыз. 
Оку-тәрбиелік процесс - мұғалімнің оқыту қызметінің және оқушының оку қызметінің екі 
жақты үйлестірілген процесі. Сондықтан оқыту тәсілі деп оқушының танымдық және 
практикалық қызметін ұйымдастыратын, олардыңмұғалімнің мақсатты іс-әрекеттер жүиесін 
айтамыз. 
Дидактика мен жеке әдістемелер тарихы көрсеткендей, оқыту әдістемелері оқыту 
максаттары мен білім мазмұнына тәуелді болып келеді. 
Әдіс – оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндет- терді дұрыс орындау үшін 
мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. 


Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері бұл 
мұғалім мен оқушылардың оқу- тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара 
бірлескен іс-әрекет тәсілі. 
Оқыту әдісі - бұл қоғамның білім беру мекемесіне деген әлеуметтік тапсырысына тәуелді 
әлеуметтік категория. Себебі ол қоғамның білім беру ұйымдарының алдына қойған 
әлеуметтік сұранысына байланысты. Оқыту әдістерінің жүйесі білім мазмұнына да 
байланысты. Білім мазмұнының кезкелген өзгерісі оқыту әдісін таңдауға әсер етеді. 
Бәрімізге белгілі, өсіп келе жатқан ұрпакты окыту мақсаттары үстем еткен қоғам 
дүниетанымының әлеуметтік максаттрына сәйкес өзгеріп, толықтырылып отырды. 
Оқушыларда білімдеріскерлік мен дағдыларды қалыптас- тырумен қатар, мектеп алдында 
өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту мен тәрбиелеумен байланысты міндеттер кешені тұр. 
Педагогикада әдіс ұғымынан басқа әдістемелік тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл - 
бұл әдіс бөлшегі, әдіске қатысты жеке түсінік. Әдіс пен әдістемелік тәсіл ұғымдарын бөлу 
салыстырмалы түрде қолданылады. Іс- әрекеттің сол немесе басқа бір түрі бір жағдайларда 
оқыту әдістері болып есептелсе, екінші - бір жағдайда тәсіл ретінде қарастырылады. Егер 
мұғалім сабақтың дидактикалық мақсаты болып табылатын аспап жұмысының ұстанымын 
түсіндірсе, онда ол көрсету әдісін қолдануда, ал мұғалімнің көрсетуді суйемелдейтін 
әңгімесі - әдістемелік тәсіл болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет