Оқушылардың іс-әрекетін басқара отырып мұғалім сабақты түсіндіруді олардың өздігінше
жұмыс ұйымдастыруды ұғыну үрдісін тексеруді қолға алады. Мұндай жағдайда оқыту
құралдары үлкен көмекші.
Сабақты түсіндіру барысында оқушылардың танмдық іс-әрекеттерін бақылап отыру
қиын, дегенмен оны әртүрлі тапсырмалардың көмегімен шешуге болады. Мұғалім
оқушылардың іс-әрекетін олардың тапсырманы орындау барысында бақылап отырады.
Жіберілген қателіктер тез арада түзетіледі, ал мұғалім болса өз жұмысына да оқушылар іс-
әрекетіне де түзету еңгізе алады. Бұл жағдайда оқыту құралының маңызы зор.
Өндірістік оқу сабақтарында оқушыларға кәсіптік және жалпы еңбектік шеберлікті,
дағдыны қалаптастыру үшін түрлі жаттығулар жасауына тура келеді.
Олардың қатарына
нақты обьектілер модельдер және де көмекші оқыту құралдары жатады. Мұндағы негізгі
мақсат – оқу процесін өндіріске жақындату.
Кейінгі кезде теориялық сабақтар оқушылардың өздігінше жұмысын ұйымдастыру
нығайту мәселесі байқалап келеді.
Оқушылардың өздігінше жұмыс жасауы жекелей немесе тобымен жүргізілуі мүмкін,
сондықтан да сабақ барысында оқыту құралдарының маңызы да арта түспек. Мұндай
жағдайда оқушылар өздерінің оқу барысындағы іс- әрекетін бақылап,
қателік жіберсе
түзету ееңгізе алады. Әр оқытушының қабілетіне байланысты білетін тапсырмалардың
да мүмкіншілігін дұрыс ұйымдастырған жөн. Былайша айтқанда оқушылардың өздігінше
жұмысын ұйымдастыруда оқыту құралдарының көмегі аса үлкен орын алады. Мысалы,
карточкалар, темттер, оқулықтар, есептер мен жаттығулар жинағы, оқыту программалары.
Оқыту құралдарын жасау қолданудағы негізгі мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекетін
ұйымдастыру дедік. Сондықтан да оларды осы мақсатта пайдалану барысында басқаша
да топтастыруға болады. Олар үш топқа бөлінеді.
o
Сабақ түсіндіру барысында ақпарат беру;
o
Оқушылардың өзідік жұмысын ұйымдастыру;
o
Сабақ барысын тексеру және басқару;
Оқу-іс-әркетіндегі пайдаланылатын формасына байланысты оқыту құралдарын басқа да
топтарға бөлуге болады:
o
Оқушылардың фронтальды жұмысын ұйымдастыру;
o
Оқушылардың топтық жұмысын ұйымдастыру;
o
Оқушылардың жекелей жұмысын ұйымдастыру;
Мұндай топтастырудың тек шартты түрде екенін айта кеткеніміз жөн, себебі кейбір оқыту
құралдары оқу-іс-әрекетінің әр түрлі формасында да пайдаланылуы мүмкін.
2
1
11
Оқыту процесіндегі дүниетаным мен оқушылардың іс әрекеті арасындағы
байланысты баяндаңыз.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының қоғамдық өмірінде жүріп жатқан демократиялық
өзгерістерге байланысты белгілі әлеуметтік шарттарды ескере отырып,
жеке тұлғаны
қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол
талаптардың бірі — оқушының дүниетанымын қалыптастыруда елеулі ықпал жасайтын
білім мазмұнын жетілдіру. Білім — дүниетанудың кәусар бұлағы. Ол неғұрлым тереңдеген
сайын
дүниетаным
да
қалыптасып,
тұрақтанатүседі.
Дүниетанымның қалыптасуына адам, табиғат, қоғам туралы білімдер тірек болады. Адам,
табиғат, қоғам — біртұтас дүние. Адам, табиғат, қоғам арасындағы байланысты және
оларды үнемі бірлікте дамитынын оқушылар бастауыш сыныптан бастап оқып, түсінуі
жолға қойылып отыр. Өйткені дүниетануды бастауыш
сыныпта оқытудың барысында
оқушының таным процесі дамиды. Танымға көмегін тигізетін оқушының сезім мүшелерінің
жұмысы арқылы олар сыртқы дүниені қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: