«И.П. Шухов атындағы Преснов орта мектеп-гимназиясы» КММ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Альжанова С.Р.
|
Пән: Қазақ тілі
|
Сынып: 5 «А»
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қош келдің, Наурыз!
|
|
Жалпы мақсаты:
|
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі туралы білімдерін тереңдету.
|
|
Сабақтың түрі:
|
Сайыс сабақ
|
|
Сабақтың көрнекілігі:
|
1. Интербелсенді тақта.2. Плакаттар, суреттер. 3. Топтардың аты, ұрандары.4.Карточкалар
|
|
Негізгі идея
|
Оқушыларды елін сүюге, дәстүрлі мерекелерді құрметтей білуге тәрбиелеу.
|
|
Күтілетің нәтиже
|
Пәндік: Қазақ халқының салт-дәстүрі, наурыз мейрамы туралы әңгімелей алу.
Тұлғалық:Оқушылардың ойлау қабілеті дамиды, ой қиялы, іздену негіздері дамиды.
Жүйелік-әрекеттік: Оқушылар халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеп, сабақ барысыңда меңгерген сөздік қорды өмірлік жағдаяттарда орынды қолдана алу.
|
|
1Қолданылған модульдер
|
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, диалогтік оқыту, АКТ пайдалану, оқытуды басқару және көшбасшылық, талантты және дарынды балаларды оқыту.
|
Сабақ кезеңі
|
Мұғалім әрекеті
|
Оқушы әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
|
1. Оқушылармен амандасу
Оқушылар назарын сабаққа аудару
- Сәлеметсізбе, балалар, ұстаздар! Бүгінгі Наурыз мейрамына арналған «Қош келдің, Наурыз!» атты сайыс- сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
- Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам.
Құрметті қонақтар, балалар! Наурыз құтты болсын!
- Наурыз - бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн.
Психологиялық тренинг «Тілек шоғы».
Ережесі: Мұғалім қолындағы бәйшешекті жанында тұрған балаға есімін атап, тілек айтып ұсынады. «Кімде-кім жақсылық жасап, жылы тілек білдірсе, ол өзіне қайта «тілек шоғы» болып жақсылықпен оралады».
2. Топқа бөлу..
Ал, енді оқушыларымыз наурыз мейрамға дайындаған тақпақтарын ұсынады.
Сайыстың шарттарымен таныстыру:
1. Таныстыру.
2. Жасырынған сөзді табу
3. Кім көп кәмпит жинайды?
4. Ребус шешу
5. Бәйге
6. Метаграмма шешу
7. Тапқыр болсаң тауып көр
8. Сатылай кешенді талдау бойынша жұмыс
9. Топ басшылар сайысы
|
Мұғаліммен амандасу.
Сабаққа зер салу
Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас
Жылы сөйлеп, барлығымен амандас – деп оқушылар бір – бірімен амандасады
Оқушылар Наурыз мерекесімен құттықтап, бір-бірлеріне тілек айтады.
Оқушылар киіз үйдің түстері арқылы екі топқа бөлінеді
(Слайд бойынша үйде жаттаған тақпақтарын айтады)
Оқушылар сайыстың шарттарымен танысады
Оқушылар:
Жарысқа біз даярмыз,
Жалқаулықты қоямыз.
Үздік оқып әрқашан,
Ылғи "бестік" аламыз.
|
«Қошемет»
|
Интерактивті тақта
Гүл
Киіз үй суреті
1-слайд
2-слайд
|
|
Жаңа материалдың таныстырылымы
ІІ Тұсаукесер
|
Сайысты ашық деп жариялау. Әділқазылар алқасын сайлау.
1 - бөлім – Таныстыру.
«Көктем» тобы сайысты бастайды. Өз топтарын таныстырады. Ұрандарын айтады.
|
1. Топ басшысы: Дурнова Алина
Тобымыздың аты: «Көктем»
Тобымыздың ұраны:
Көктем келді қалаға,
Көктем келді далаға.
Қарлар еріп көл болып
Суға толды сай – сала.
Топ басшысы: Дробышева Арина
Тобымыздың аты: «Наурыз»
Тобымыздың ұраны:
Асыл жандар қысқы сүрден ас қамдар,
Бел алады берекелі бастаулар.
Жақсылықтар жиынтығы әз-Наурыз,
Жамандықты өткен жылға тастаңдар!
|
Әділ-қазылар тобы баллдарды
тақтаға жазып көрсетеді
|
|
|
|
|
«Қошемет»
|
Суреттер
3-слайд
|
|
ІІІ Негізгі бөлім
Жаңа материалды қолдану
|
2. «Жасырынған сөзді табу» бөлімі.
Бұл бөлімде қай топ жылдам сөзтуымды шеше алады.
3 - бөлім: «Кім көп кәмпит жинайды?
4 - бөлім: «Ребусты шешу"
5 - бөлім: «Бәйге» Сайыстың бұл шартында 2 топқа 5 сұрақтан беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
1. Қыдыр ата қай күні адамдар арасына келетін болған?
2. Наурыз көже қалай жасалады?
3. Наурызша деген қандай мағына береді?
4. Ұлттық тағамдарды ата?
5. Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы қалай аталады?
6. Көктемнің алғашқы гүлдері қандай?
7. Қазақтың қандай дәстүрлері бар?(
8. Киіз үйдің құрылысы
9. Қандай тыйым сөздер бар?
10. Қандай ұлттық ойындар бар?
6 - бөлім: «Ұйқасын тап» Дәптермен жазбаша жұмыс
К - ден егер бастасаң,
Шомыласың суына.
Ш - дан егер бастасаң,
Жазда аунайсың құмына (Көл, шөл)
Г - ден бастасаң мен кілең,
Ажарымын өмірдің.
К - ден егер бастасаң,
Қалдығымын көмірдің. (Гүл, күл)
Сергітусәті. «Қаражорға биі»
7 - бөлім: “Тапқыр болсаң тауып көр”
1. Тұңғыш президент – Н. Назарбаев
2. Белі бүкір, алысқа түкір – Мылтық
3. Жыл басы – Наурыз
4. Республикамыз қалай аталады? – Қазақстан Республикасы
5. Әліпбидегі бірінші әріп – А
6. Наурыз көжеге неше тағам қосылады? 7 тағам
8 - бөлім: «Дыбысқа мінездеме беру»
9 - бөлім: «Топ басшыларының жарысы» Топ басшылар мақал – мәтел айтып жарысады.
|
2.Оқушылар жасырыңған сөзді табады. /Наурыз көже/ 3.Сайыстың бұл шартында 2 топ «Септіктер» тақырыбында білімдерін сынайды. Қай топ жылдам, әрі сауатты тапсырманы орындайды.
4. Оқушылар топта ребусты шешеді.
Атаңның баласы болма,
Адамның баласы бол.
Еңбек-адамның көркі,
Адам заманның көркі.
5.Оқұшылар сұрақтарға жауап береді.
1.(Жауабы: 21 наурыз)
2.(7 немесе 9 тағам түрі)
3.(Наруыз айында жұп - жұқа қиықша қырбық жауған қар) 4.(бесбармақ, бауырсақ, қазы - қарта, жал - жая, құрт, ірімшік, сүзбе, айран, қатық, қаймақ, май т. б)
5.наурызкөк)
6. ( бәйшешек, жауқазын, қызғалдақ).
7.Тұсау кесер, шілдехана, бесік тойы, сырға салу, құда түсу)
8.(шаңырақ, уық, кереге)
9. (Босағаны керме, есікті теппе, табалдырықты баспа, нан қоқымын шашпа, малды теппе)
10.(алтыбақан, арқан тартыс, аударыспақ, қыз қуу, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ)
6. Сайыстың бұл шартында оқушылар берілген өлеңдерді оқып, оның жауабын айтуы, дәптерге жазуы керек.
Балалар видеороликқа қарап бірге билейді.
7.Сайыстың бұл шартында оқушылар интерактивті тақтадан ұяшық таңдап, берілген сұрақтарға жауап береді.
8.Сайыстың бұл шартында әр топ 1 дауысты, 1 дауыссыз дыбысқа мінездеме береді. «Сатылай кешенді талдау» технологиясы бойынша.
|
|
4-слайд
5-слайд
|
|
|
«Қошемет»
Әділ - қазы мүшелері әр топтың
бағасын
|
6-слайд
7-слайд
8-слайд
Жұмыс дәптері
9-слайд
10-слайд
11-слайд
12-слайд
13-слайд
|
|
Сабақты қорытындылау
|
Сайыстың соңында әділ - қазы мүшелері әр топтың бағасын шығарып, жеңімпаз топты анықтайды. Жеңген топқа марапаттау қағазы беріледі. «Кері байланыс» рефлексия
Үйге тапсырма: Наурыз мейрамына байланысты сөзжұмбақ құрастыру.
|
Әр бір оқушы сабақтан алған әсерін кері байланыс смайлик арқылы көрсетеді.
|
шығарып, жеңімпаз топты анықтайды
|
смайликтер
|
|
Тәуелсіздіктің 24 жылдығына арналған
«Тәуелсіздік-ел тірегі» тақырыбында өткен суреттер көрмесінде 1 орын жеңіп алғаны үшін Жамбыл ауданы И.П. Шухов атындағы мектеп-гимназияының оқушысы
Әлжан Мирас
МАРАПАТТАЛАДЫ
2032 әскери бөлімінің командирі
полковник А.Мусин
Достарыңызбен бөлісу: |