Ағайын тілін табайын.
Бармысыздар, бауырлар,
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.
Есенбісіз, ұстаздар
Шаршамайтын қыс-жазда.
Қойдан да жуас қонақтар.
Құрметке ие үлкендер.
Алда жүзген желкендер.
Ізетке ие інілер,
Інілер, еті тірілер.
Кешке келген сайланып,
Отырамын деп жайланып.
Көрермендер аман ба,
Отырған анау ойланып.
Бәріңізге бір сәлем!
-Армысыздар ұстаздар, оқушылар! оқушылары арасында өтетін атты интеллектуалды ойынымызға қош келдіңіздер!
Нұрлы үмітпен арқалаған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде
Өзіндік менің үнім бар, - дегендей білімпаз жастар өздерін таныстырып өтсін
Әділ-қазы сайлайық.
Өтсін сайыс қызықты,
Өтсін сайыс әділ боп,
Жасасын мәңгі әділдік, - дей отырып, бүгінгі сайысымыздың әділ-қазылар алқасымен таныс болыңыздар:
1)
2)
3)
- Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына!
Ұкыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Білімнің нәрлі сырына
Қадамдарың оң болсын, - дей келе сайыскерлерімізге сәт сапар тілеп, бүгінгі ойынымыздың кезеңдерімен таныстырайық.
1-кезең: Бәйге!
2-кезең: Тіл өнері!
3-кезең: Жорға!
4-кезең: Дода!
1 кезең «Бәйгеде» сұрақтар берілген оған бірінші болып белгіні көтерген топ жауап береді. Егер де жауап бере алмаса келесі топ жауап бере алады. Әр жауап 10 баллдан есептеледі.
2 кезең «Тіл өнері». Бұл кезеңде жұмбақты шешіп, оның орысша және ағылшынша аудармасын айту керек. Толық жауапқа 30 ұпай, екі тілдегі жауапқа 20 ұпай, бір тілдегі жауапқа 10 ұпай беріледі.
3 кезең «Жорғада» оқушылар әр тор көзден өзі білем деген тор көзді таңдап, егер де жауап берген жағдайда сол балдық жүйе беріледі.
4 кезең «Додада» 3 топтың команда капитандары сайысқа түседі. Әрқайсыңа 2 минут беріледі. 2 минут ішінде қанша сұраққа жауап беріп үлгерсендер, сонша ұпайды қанжығаларыңа байлайсыңдар.
- Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар,
Бәйге, бәйге, бәйгелерді көріңіз, - дей келе біз келесі «БӘЙГЕ» кезеңін бастайық.
1. Жүргізуші топтарға қарапайым сұрақтар қояды.
2. Дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.