Мұғалімнің өз білімін көтеру бумасы Абдирова Айзат Еликбаевна бастауыш сынып мұғалімі Түсінік хат



Дата14.04.2022
өлшемі16,57 Kb.
#139215
Байланысты:
өз білімін көтеру бумасы


«Естай Есжанов атындағы № 9 орта мектеп»КММ
Мұғалімнің өз білімін көтеру бумасы


Абдирова Айзат Еликбаевна
бастауыш сынып мұғалімі

Түсінік хат
«Ұстаз ... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, бұлардың еш нәрсені ұмытпайтын ... алғыр да, алғарымпаз, ақыл иесі, ... мейлінше шешен, өнер білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ ...., жұрттың бәріне... жақсылық пен ізгілік көрсетіп .... қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болу керек» - деген Әл-Фараби.
Мұғалім әрдайым даму үстінде сондықтан өзінің еңбек жолының барлығында зерттеуші болып табылады. Әсіресе мұғалімнің кәсіби шеберлігін қалыптастыру барысында ғылыми-әдістемелік іс- әрекет үлкен әсерін тигізеді.
Бұл іс- әрекет болжамы:
*білім саласында болып жатқан қазіргі кездегі өзгерістермен әрдайым таныстыру;
*өз әріптестерінің әртүрлі формадағы сабақ ұйымдастыру тәжірибесін оқып үйрену;
*жаңа білім тұжырымдамасымен, бағдарламаларымен танысу.
Өзінің педагогикалық шеберлігін арттыру үшін мұғалім әртүрлі курстарға қатысады, сол сияқты өз білімін арттырумен шұғылданады. Ожеговтың анықтамасы бойынша өз білімін арттыру дегеніміз «Басқаның көмегінсіз,өз бетімен дайындалу арқылы білімін арттыру, кәсіби-әдістемелік білім мен біліктілігін тереңдетуге және кеңейтуге, пәндік дайындық деңгейін көтеруге бағытталған».
Өз білімін арттыру мұғалімнің тұрақты іс-әрекеті болғандықтан, оған кіретіндер:
*белгілі мәселеге байланысты ғылыми зерттеу жұмысы;
*кітапханаға бару, ғылыми – әдістемелік және оқу кітаптарын оқу;
*педкеңеске, мұғалімдердің пәндік секцияларына қатысу;
*өз әріптестерінің сабағына қатысу, сабақты ұйымдастыру;
*сабақты өткізу әдістемесі т.б. сұрақтар жөнінде пікір алмасу;
*әртүрлі формадағы сабақтарды, сыныптан тыс іс- шараларды және оқу материалдарын теориялық талдаудан, практикалық өндеуден өткізу.

Мектептің өзекті мәселесі
Инновациялық жаңарту аясында мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда жеке тұлғаға бағдарлап оқыту.
Мектеп қызметінің стратегиялық мақсаты
Зияткерлік ой-өрісі кең,дене бітімі жетілген,рухани ұстанымы дамыған Қазақстан республикасының азаматын қалыптастыру,білім-тәрбие үрдісінде жеке мүмкіндігіне қарай жағдай жасау,білімберу ортасында бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны жетілдіру.
Мектеп жұмысының мақсаты
Жеке тұлғаға бағдарлап білім беру негізінде оқыту сапасын арттыру және базалық құзыреттілігін дамытып,қалыптасуына әсере ететін жағдай жасау.
Әдістемелік тақырыбы

Мақсаты:

  • оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін жетілдіру мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімді оқып-үйрену.


Міндеттері:

  • педагогикалық-әдістемелік білімді тереңдету;

  • педагогика ғылымының жетістіктерін, озат тәжірибені оқып-үйрену;

  • жалпы мәдени деңгейді көтеру.


Негізгі принциптері:

  • ғылымдылығы:

  • саналылықпен меңгеру;

  • практикамен байланысты теориялық іздену;

  • қажетті дағдыларды меңгеру;

  • жүйелілігі мен жоспарлылығы;

  • мұғалімнің білімге қызығушылығы;

  • дайындық дәрежесіне сай өзгешелігі.


Маңыздылығы:

  • ҚР «Білім» туралы Заңының 51-бабының 5-тармағында «Мұғалім өзінің педагогикалық шеберлігін, парасаттылығын , шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіріп отыруға міндетті,»- делінген;

  • Мұғалім еңбегі жоғары деңгейдегі ұтқырлығымен , күрделілігімен және жан-жақтылығымен ерекшеленеді, бұл оның терең және кәсіптік білімінің, білік-дағдыларының болуын қажет етеді. Өзіндік білім алудың шеңберінен тыс мұғалімнің тұлғалық және кәсіптік дамуы мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет