Хайдар Дулатидің әкесі Мұқамед Хусейн Шайбани ханның қолынан қаза табады. Әкесіқайтыс болғансоң 1509 жылы Хайдар Дулати солкезде Кабул уәлаятын билеп тұрған өзінің туған бөлесі Бабыр патшаның қарамағына барады. Ал Бабыр өзінің атақты «Бабырнаме» атты мемуарлық кітабында Хайдар Дулатидың ақындық талантын, білімділігін, садақ жебесін жасаудағы шеберлігін аса жоғары бағалаған. Сұлтан Саид хан Қашқар елінің билік тағына отырған кезде Хайдар Дулати осында келіп, Қашқар билеушілерінің бірі болады.
Сондай-ақ ол ханның мұрагері Әбу ар-Рашид сұлтанның ұстаз-тәрбиешісі болып тағайындалады. 1533 жылы хан тағына отырғанӘбу ар-Рашид дулат тайпасының басшыларынан қауіптеніп, оларды қатты қуғынға ұшыратады. Дулати Үндістанғақашыпкетіп, ондаҰлы Моғолдар сарайының әскер басы болады. 1541 жылы Бабыр ұрпақтарының көмегімен Кашмир елін жаулап алып, сонда дербес мемлекеткеөзі жеке дара билік жүргізеді. 1551 жылы