Мұхаммед Хайдар Дулати (1499–1551) – белгілі тарихшы, әдебиетші, Моғолстан мен оған іргелес облыстардың тарихы жөніндегі аса құнды түпнұсқа болып саналатын «Тарих-и Рашиди», «Джаһаннаме» дастандарының авторы. Ташкентте дүниегекеліп, Үндістандағы Кашмир уалаятында қайтыс болған.
Ғалым Жетісудағы Дулат тайпасы әмірлерінің ұрпағы. Ата-бабалары Моғолстан мемлекеті құрамындағы Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның, Қырғызстан мен Түркіменстанның саяси өмірінде белгілі адамдар болған. Дулати — өззаманы үшін жан-жақты әрі аса терең білім алған ғұлама адам. Оған Бабыр, Сұлтан Саид хан сияқты орта ғасырлық аса көрнекті ғұламалар тарих ғылымы, поэзия, музыка, сәулетөнері, зергерлік салалары бойынша дәріс берген.