Хайдар Дулати «Тарих-и Рашидиді» жазу үстінде өзін дарынды ақын ретінде де танытабілген. Проза тілімен түсіндіру қиын болған кейбір жәйттерді оларагідік поэзия тілімен, яғни жырмен жеткізген. Оныңақындықдарынынкезінде «Тарих-и Рашидиді» өзгетілдергетәржімажасағанБатыс пен Шығыстың көптеген ғұламалары ерекше атап көрсеткен. Хайдар Дулатидіңбұлеңбегін тұңғышретАнглияның аса көрнектітарихшысыДенисон Росс (1871–1940) ағылшынтілінеаударып, оны 1895 жылыЛондондабастырыпшығарған. Осы кітап сол күйінде ешбір өзгеріссіз қайтадан 1972 жылы Лондонда жарық көрген.
Шығарманың қазақ тарихына қатысты тұстарын кезінде белгілі шығыстанушы ғалымдар В. Вельяминов-Зернов, В. Вяткин, т. б. тәржіма жасап, өз еңбектерінде ғылыми негізде пайдаланған. Шежіренің кейбір бөлімдерін кезінде қазақтын көрнекті ғалымы С. Асфендияровта аударған. Хайдар Дулати шежіресінің қазақ тарихына қатысты жерлері 1969 жылы орыс тілінде жарық көрген. Өзбек ғалымдары «Тарих-и Рашидиді» парсы тілінен орыс тіліне аударып, 1996 жылы Ташкентте бастырып шығарған. Қорыта айтқанда, Хайдар Дулатидің «Тарих-и Рашид» еңбегі — түркітектес халықтар тарихынан, соның ішінде қазақ кауымының көне шежіресінен аса құнды деректер беретін бірден-біртуынды.