Мұхтар әуезов абай роман-эпопея (бірінші кітап)



Pdf көрінісі
бет111/138
Дата14.09.2024
өлшемі2,25 Mb.
#204331
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   138
Байланысты:
Абай жолы.1 кітап

 
226 
Келген жерде сәлем беріп, жорға Жұмабаймен амандасса да Тәкежанға 
қараған жоқ. Екі туыскан суық кездесті. Аз отырған соң, Жұмабай Абайға 
әкесінің сәлемін айтты. Бірақ Тәкежан түндегі булықтырған ашу үстінде көп 
жайды аңғармапты. Шағымын аз ғана қып апарыпты. Ол Дәркембайды ғана сөз 
қылған екен. Мына бүгін таңнан бері маңайдағы тамам елдің келіп, ошарылып 
жатқанын жеткізбепті. Дәркембайдың өзін келтіргенді сұмдық көрген Тәкежан, 
мынандай бәле болар деп, тіпті ұйғармаған-ды. Қазірде осы ауылға кеп білгелі, 
біржолата жарыла жаздап отырған. 
Жұмабайдың айтуынша, Дәркембайды паналатқанды Құнанбай теріс депті. 
«Татымсызға еткен жақсылықтың қайрымы жоқ. Дәркембай менің басыма бір 
кезде қас ойлаған адам болатын. Оның амандығы да өзіне олжа. Абай 
жақсылық істейім десе, досқа істесін. Мынаған ара түспесін! Қайтарсын!» - 
депті. Абай бұған көнген жоқ. Және ұзақ жауап та айтқан жоқ... 
- Әкем елге өнеге айтар мұсылманмын дейтін. Мұсылманшылық қаза 
көрген халыққа рақымшылық етуді фарыз етеді. Тәкежанның дегеніне 
иланбасын. Мен мұндағы халыққа уағда беріп қойдым... Асырап жатырмын. 
Ренжімей рұксат етсін! - деп бір қойды. 
Тәкежан тырсиып, күйіп отыр еді. Ұрса жөнелді: 
- Ондай сопы болсаң, басыңа сәлде киіп, Дәркембайға арнап құшыр 
жисаңшы! 
- Қажет болса, құшыр да жиям. Халық қырылар болса, амандығым садаға!.. 
- Ендеше бар әне, ел ақтап кет!.. 
- Оған кетуден бұрын, әуелі өзімде бар мен сенде барды ортаға шығарып
үлеске салып кетемін. 
- Онсыз да салыпсың ғой!.. Бір Дәркембай емес, қыруар елді қаптатыпсың! 
Сен бір өзің емес, бәрімізді қара жерге отыртайын депсің!.. Ол, ол ма? Ен әуелі 
мына шешелеріңді де аштан өлтірерсің, бүйте берсен! 
- Шешелерімнің қамын сен жемей-ақ қой, білдің бе? Менің аналарым інде 
жатқан суыр емес, анау сенің Қаражан деген сараң қатының сияқты. Барын 
ортаға сала біледі. Халық көргенді бірге көрсе де, қабақ шытпайды. Мен осы 
кісілердің өздері тапсырған соң істеп отырмын. Өзінің қарынбайлығын әкеп 
мұндағыларға пана қылмақ кой... Үйдегенше, осы аналардың тәрбиесінен 
садаға кетсеңші Қаражан екеуің! - деп, Абай Тәкежанға қатты қадала қарады. 
Соңғы сөздері әкенің балаға ұрысқанындай біртүрлі ірі, салмақты. 
Тәкежанның бұдан арғы айтайын деген жауабын Ұлжан айтқызған жоқ. 
- Жә, жетті! Болды енді екеуіңнің салысуың! - деп, тоқтатып қойып, өзі 
Жұмабайға бұрылды да: 
- Сен енді қайта бер! Абай бұндағы аш-арық ағайынды шақырып қойыпты. 
Біз болсақ, барымызды бөле жерміз. Әзір қысталаң жоқ. Біз үшін қиналмасын 
ондағылар. Беріп жатқанымыз өз сыбағамыз. Баласының абыройын төкпесін, 
екі айтқызбасын елге! - деді. 
Тәкежан ұрыстан тоқтаса да, шеше сөзіне көнген жоқ. Мойнын сырт 
қайырып, тымағын киді де, шығуға айналды. Мұның осы ажарына қарап қойып, 
Ұлжан қатты сөйледі. 


 
227 
- Әй, сен ана Қаражанға сәлем айт! Аулына барған аш-арықты 
қыңратқымай оң шыраймен күтсін, кұтырмасын!.. Ол әкелген мал жоқ! Көзін 
ашып қарасын! - деді. 
Тәкежан мен жорға Жұмабай кетіп қалды. 
Бұлар үш қорықты түгел аралап шықты. Келген ауылдар мен барлық мал 
санын көріп, санап алды да, Қарашоқыға қайта тартты. Ендігі шағымдары тіпті 
үлкен болатын. 
Қыруар мал мен дүйім елді бұлай жосылтып келтіру Абай мен 
шешелерінің ісі емес. Ондайды істесе, жер-дүниенің иесі Құнанбай ғана істеуге 
болар еді. 
Абайдың бұған жеткені, әкені елемегені. «Жер мүліктің иесі өзім» дегені. 
Құнанбай Жидебайдағы істер туралы Жұмабай мен Тәкежан сөздерін түгел 
тыңдап алды да, Абайларға енді ыза болды. Шынында, бұл мінез ырықтан 
шығып, құрық әкету. 
Әкесінің ашуланған пішінін байқап, Тәкежан ырза бола бастады. 
Томырылған ашумен қатты бұйрық айтар деп дәмеленіп еді. 
Бірақ Құнанбай мұның көзінше шешілген жоқ. Тек қана: «Тыю салу керек» 
деді. 
Сүйітті де бұл екеуін қойып, Жақыпты шақыртты. Тәкежанға: «Қайта бер» 
деп, бұйрық етті. Келесі күн таңертең Жақып Жидебайға келіп, тағы да Зеренің 
үйінде отырып, Абайға әке сәлемін айтты. 
Әке жағынан екінші рет кісі келіпті және үлкен жұмыстар тұсында ауыр 
бұйрықпен жүретін Жақып келіпті. Осал белгі емес. Тегінде, ауыл-аймақ 
болсын, ағайын ортасы болсын, Құнанбайдың сәлемдерін әрқашан жіберген 
кісілеріне қарай, салмақтап танитын. Мысалы: «Алып кел, айдап кел!» дегендей 
бұйрық болса, ол Қарабас, Қамысбай сияқты атшабарлар түрінде келеді. 
«Айтып, білдіріп кел!» десе, жорға Жұмабай пішіндес болады. Кейде, ондай 
сәлеммен Құдайберді, Абай да жүріп қоятын. «Қорқытып, ызғар тастап, үйіріп 
кел!» десе Ызғұтты, Майбасар боп келеді. «Ұғындыр да бағындар!» десе, осы 
Жақып шығады. Ол, бірақ, рулар арасындағы келелі сөзге, іргелі кеңеске 
жүретін. Ал, іс тіпті үлкен боп, көп елмен қаржасатын кез болса, ондайда 
Қаратай шығады. 
Мына жолы Жақып кепті. Абай жаңағыдай сәлемшінің ауысуына қарап, 
Қарашоқыдан шығатын бұйрықтың саты-саты салмақтана бастағанын еске 
алды. Іштей әзірленіп отыр. 
Түс салқын томсарған, ашулы сияқты. Жақыптың жүзіне қарамай, 
қырындау отырып, барлық сөзді қиястана тыңдап отыр. 
Құнанбайдың бұйрығын айтудан бұрын, Жакып бірнеше дәлел айтты. Өз 
сөзі қып айтса да, Абай төркінін танып отыр. Әкесінің ойымен сөз тәрізін бұл 
күнде Абай оңай танитын болған. Жақыптың айтуынша, әке бастайтын іс бар да, 
бала кірісетін іс бар. Екі арасын айыру керек. Балаға әкенің ісі де абырой 
әпереді. Әкеден қиғаш кетіп, өздігімен кісілік іздеу балаға бедел бітірмейді 
екен. 
Абай мұны місе қылған жоқ. Баласының кісілігін ойлап, абыройлы болуын 
тілейтін әке мінезі де болады. «Өз ықтиярын, өз әмірін баласының мойнына, 
үнемі кескек қып тағып отырмайтыны да болады» деді. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   138




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет