«Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп» кмм-нің 9- сынып оқушысы Олжабаева Альмира Менің тұңғыш Президентім



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі18,42 Kb.
#98129
  1   2
Байланысты:
Олжабаева 9


«Мұхтар Әуезов атындағы орта мектеп» КММ-нің 9- сынып оқушысы
Олжабаева Альмира

Менің тұңғыш Президентім
Президент дегеніміз – өз елінің тәрбиелі тұтқасы.
Ж. Аймауытов
Осыдан 29 жыл бұрын егемендігімізді жариялап, тәуелсіздікке қол жеткіздік.
Менің Отаным осы күнге жеткенше үш жүз жылға жуық бодандықтың бұғауында, жетпіс жылдан аса кеңестік кезеңнің шырмауында болды.
Жер бетінде елінің тәуелсіздігін, халқының бостандығын ойламайтын жұрт жоқ шығар. Бұл тәуелсіздік біз үшін басқа қонған бақ , астыға тиген тақ. Бақты бағалаған халықты бастайтын тақ иесі де болуы тиіс. Бұл – ежелден келе жатқан өмір заңы. Осыған байланысты ата тарихты ақтарсақ, ежелден ел басқарған ер жүрек батыр бабаларымызды, ұлы хандарды кездестіруге болады. Күллі қазақ халқын өз туының астында жинап, үш жүздің басын қосқан Абылай ханды, елінің азаттығы үшін аянбай қан мен тер төккен Кенесарыны айтсақ та жеткілікті болар. Басты біріктірер басшысыз елдің ел болуы қиын ғой. Елдігімізді иеленген соң, қазақтың маңдайына біткен шоқ жұлдызы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тұңғыш Елбасы болды. Нұр ағаның бастауымен менің Отаным әлемге танылды. Елім елдігін көрсетіп, ерлігін танытты.
Бүгінде Нұрсұлтан аға ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама, аты аңызға айналған тұлғаларымыздың жалғасындай көрінеді.
Қазақ халқы егемендігін алып, тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызда ед бола алатындығымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен Елбасымыз бен үкімет басындағы елі үшін еңбек еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.
Елбасымыздың ел астанасын Сарыарқа төсіне көшірудегі көрегендігін қалай айтпасқа? Қазіргі Нұр-Сұлтан танымастай құлпырып барады. Осы орайда астанамыздың Нұр-Сұлтан болып өзгеруі – Елбасының елеулі еңбегіне берілген кішкентай ғана құрмет деп білемін.
Елбасы әр жолдауында «Қазақстанның болашағы жастардың қолында», - деп бізге үлкен сенім білдірді. Осыны біле отырып: «Біз елімізге қандай жақсылықтар әкелер екенбіз? – деген ой толғайды. Ал осы сұраққа тек білім арқылы, көп іздену арқылы жетуге болады. Бізге дейінгі атқарылған игілікті істерді құрметпен қарауымыз керек. Ел Президентін құрметтеп «хан біреу болу керек, қалғандары тіреу болу керек» - деген есті сөз бар. Оның мәндісі, қазіргі қисынға жүгінгенде, тарих тегершігін айналдыруда жеке тұлға, ел көсемі дегенге сай келеді. Бұл – бір қазақ емес, әлемнің бар халқы мойындаған ақиқат. Сондықтан да американдықтар Дж. Вашингтонын, орыстар Бірінші Петрді, түіктер Ататүрікті пір тұтады. Оларды өздерінің шын мәніндегі мемлекеттігінің негізін қалаушы, ел тағдырының ең бр қиын кезеңінде тізгінін ұстап, ту көтерген тарихи тұлғасы ретінде құрметтейді. Содай текті де дара тұлға – Н.Ә. Назарбаев.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет