Пәні: Физика
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:
Қысым
|
Мектеп: Ақсай қаласының №5 ЖОББМ
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты жөні: Акашаева Ляззат Садыковна
|
Сынып: 7
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы
|
Қатты денелердегі қысым
|
Осы сабақта жүзеге асатын оқу мақсаты
|
7.3.1.2 – қысымның физикалық мағынасын түсіндіру және өзгерту әдістерін сипаттау;
7.3.1.3 – есептер шығаруда қатты дененің қысымының формуласын қолдану
|
Сабақ мақсаты
|
Қатты денелердегі қысым ұғымын түсінеді, мысалдар келтіре алады;
Қысымның формуласын пайдаланып, есептер шығаруда қолданады
Өмірде, табиғатта және техникадағы қысымға сипаттама береді, дәлелдер келтіреді.
|
Бағалау критерийі
|
Қатты денелердегі қысым ұғымы мен оларды өзгерту тәсілдерін біледі;
Есептер шығаруда қысымның формуласын пайдаланады,
Қысымды өмірде, табиғатта және техникада мысалдар келтіріп сипаттайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Арнайы пәндік лексика мен терминология:
Диалог үшін пайдалы дәйекті сөздер
Қатты денелердегі қысым …
Қысымның өлшем бірлігі …. болады.
Қысым ......... тәуелді
Сөздік
Қазақша
|
орысша
|
Ағылшынша
|
қатты
|
твердый
|
solid
|
қысым
|
давления
|
pressure
|
дене
|
тело
|
body
|
күш
|
сила
|
force
|
аудан
|
площадь
|
area
|
|
Құндылықтарды дарыту
|
Жалпыға бірдей еңбек қоғамы – өнеркəсіпте, ауыл шаруашылығында
|
Пән аралық байланыс
|
жаратылыстану, биология, математика
|
Мұғалімге ескертпе
|
W-толық сыныппен жұмыс жасау
G-топпен жұмыс
I-жеке жұмыс
E-оқушы тәжірибесі
D-мұғалімнің демонстрациясы
|
Алдыңғы білім
|
Газдардың сұйықтар және қатты денелердің молекулалық құрылымы
|
Жоспарланған сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған қызмет (іс-әрекет)
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-2 мин
2-7 мин
|
Оқушылардың сабаққа қатысын қадағалау, дайындығын тексеру.
Сынып оқушыларын 3 топқа бөлу: пайда болған суреттерге сипаттама жасау.
(I)Үй жұмысын тексеру:
Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға және талқылау дағдыларын дамытуға арналған «Серпілген сауал» әдісі арқылы үй жұмысын сұрау. Оқушыларға доп беру арқылы сұраққа жауап береді.
Көлемін сақтап, пішінін оңай өзгертетін заттың күйі қандай?
Заттарды құрайтын бөлшектер не деп аталады?
Белгілі пішіні мен көлемі болмайтын заттың күйі?
Заттардың қатты күйіне тән қасиеті қандай?
Диффузия дегеніміз не?
Диффузия қандай денелерде жылдам жүреді?
ҚБ: сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларды шапалақтау арқылы бағалау
|
Түрлі суреттер:
Техника: шынжыр табанды трактор
Өсімдік: раушан гүлі
Жәндік: ара
Доп
|
Сабақтың ортасы
7-15 мин
15-30 мин
|
(D) Жаңа сабақ. «Ең бастысы» оқыта үйрету әдісі (Оқушылар 5-7 минут ішінде шаблон-картаға алған ақпаратты жазады (түйінді сөздер, суреттер, тәжірибелер)
Күш әрекетінің тіреу ауданына тәуелді екендігін дәлелдейтін тәжірибелер көрсету. Мұғалім кітапты қырынан және тігінен орналастыру арқылы тәжірибе көрсетеді.
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шаманы қысым деп атайды. ХБЖ да өлшем бірлігі 1Па=1 Н/м2 (Паскаль)
Қысым бетке перпендикуляр бағытта әрекет ететін күштің осы беттің ауданына қатынасымен анықталады:
Бағалау критерийі:
Картаны толтырады.
Қысым ұғымын меңгереді, формуласы мен өлшем бірліктерімен танысады
Дескриптор Білім алушы
қысымның физикалық шамаларға тәуелділігін түсіндіреді.
қысымның анықтамасын қолданып, қорытынды жасайды, есептеу жүргізеді.
ҚБ «Назар аударту немесе оқуға бағыттау»
(G) Топтық жұмыс ұсыну «Интерактивті сурет» әдісі Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, суреттің мағынасын түсінеді, есептеулер жүргізеді. Оқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады.
1 топ: 1 тапсырма:(Топ мүшелерінің алдына бірнеше суреттер топтамасын ұсынамын) Қысымды арттыру және азайтуға арналған суреттерді ажыратыңдар?
Жауабы: қысымды азайту |