Мұхтар әуезов



бет5/7
Дата18.05.2022
өлшемі74,08 Kb.
#143780
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Презентация (10)

Әуезовтің шығармашылығында "Абай жолы" романының орны бөлек. Әуезов Абайдай ұлт мақтанышын дүниежүзіне танытқан қаламы қарымды қаламгер. Әуезов өзінің роман-эпопеясында қазақ халқын, оның ұлттық дәстүрін барлық қырынан энциклопедиялық деңгейде жан-жақты ашып көрсетті. Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы әлемдік деңгейде "ХX ғасырдағы ең үздік шығармалардың бірі" (Луи Арагон) деген жоғары бағаға ие болды.

Әуезовтің абақтыға жабылғанға дейінгі шығармашылығына көз жүгіртсек, қаламгердің ұлт-азаттық қозғалыс, әлеуметтік тақырыпқа өте жақын болғанын көреміз. 1928 жылы Әуезов "Хан Кене" драмасын жазып бітірді. Алайда бұл трагедия тек алты жылдан кейін ғана, 1934 жылы театр сахнасында қойылды. Мұнда Кенесарының, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. Бұл шығарма қоғамда қызу пікірталас туғызып, оны сахналауға уақытша тыйым салынды. Әуезовтың айтуынша, пьесаны жазбастан бұрын Орынбордан, Омбыдағы Сібір ведомствосынан, қырғыз-қазақ арасынан көп материал жинаған. Оның пікірінше, әрбір тарихи деректі әркім өзінше пайымдауы мүмкін, бірақ өзіндік тарихи тұжырымдамасы жоқ автор тарихи тақырыпқа шығарма жаза алмайды. Мұхтардың атын көпшілікке әйгілі еткен "Абай" журналы еді. Ұлт-азаттық сарындары да осы кезеңде қалыптаса бастады. Алғашқы жылдары жазылған көркем шығармаларында елдің тұрмыс-тіршілігі, әлеуметтік жағдайы суреттелсе, 20-шы жылдардың ортасына қарай ұлт тағдырына деген алаңдаушылығы шығармаларында жиі көрініс тапты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет