Мұхтар Шаханов(2.07.1942 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысы, Ленгір ауданы, Қасқасу селосы) — қазақ ақыны.
Өмірбаяны
Шымкентпедагогикалықинститутын бітірген (1969). "Оңтүстік Қазақстан" (1960-65), "Лениншіл жас" (1965-70) газеттерінде, республикалық телевизия, радио редакцияларында (1971-75) істеді. 1976 жылдан Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі мемлекеттік комитетінде бөлім бастығы. Алғашқы өлеңі ("Сырдария") 1959 жылы жарияланды. Тұңғыш өлеңдер жинағы ("Бақыт") 1966 жылы жарық көрді. М.Шахановтың "Балладалар" (1968), "Ай туып келеді" (1970), "Қырандар төбеге қонбайды" (1974), "Сенім патшалығы" (1976) атты кітаптары шықты. Өлеңдерінде философиялық ой басым. "Махаббат заңы" атты поэзиялық спектаклі республикалық театр сахнасына қойылды (1974). Мұхтар Шаханов көптеген әндер мәтінін жазды. Мәтінін де, музыкасын да өзі жазған "Жұбайлар жыры", "Туған күн кешінде", "Гүл дәурен", "Мен саған ғашық едім" атты әндері жүртшылыққа кеңінен таныс. М.Шаханов — ҚазақстанЛенинкомсомолы сыйлығының лауреаты (1972). Қазақстан Жазушылар одағыбасқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы т.б. қызметтер атқарды. КСРОхалық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР-ның Халық депутаты. 1993-2003 жж. Қазақстан РеспубликасыныңҚырғыз РеспубликасындағыТөтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. 2004—2007 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазір 2004—2007 депутат. "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.
Шығармалары
Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. "Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш.Айтмановпен бірлесіп жазған "Күз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды. Мұхтар Шахановтың поэзиясының арқауы ана тілі тағдыры, халқының тағдыры. Ақынның: "Тарихын тұр санаңа өткел тастап, Өз тілінде ойлау, сөйлеу тоқталған сәттен бастап, Бүкіл баба рухымен байланысың кесілер. Тағдырыңнан ата ғасыр шамын солай өшірер. Қатенді әбжіл түзетпесең, толыққанды жоқ тірлік. Біз бабалар сүйегіне, сеніміне бақ құрдық, Бақ құрдық та ұлтсыздық кеңістікке ат бұрдық. Өз тіліңді жерсінбеудің, Өз анаңды менсінбеудің, Арсыздығы қай дәуірде болып еді тапқырлық? Ол — рухи мүгедектік әрі ұлттық сатқындық", — деген тұжырымдамасын 20-ға тарта елдердің алдыңғы қатарлы гуманистері қолдаған. М.Шахановтың сөзімен айтсақ: "Өйткені қай елде болса да, ана тілін сыйламау — туған анасының жүрегіне тебумен бірдей". 2006 жылы ақынның "Тілсіздендіру анатомиясын" атты кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа тіл, ұлттық рух, космополиттік ағым төңірегіндегі жазылған бірнеше эссе-поэмалары енген.
Шетелдегі танымалдығы
Қырғыз Республикасының халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996), БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Түрік республикасының "Түрік дүниесіне қызметі үшін" халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық "Руханият", түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің "Шахрияр", ЮНЕСКО- ның "Боорукер" клубы сыйлықтарының иегері. 2002 жылы "Жазагер жады космоформуласы" шығармасы үшін Калифорния Ғылым индустрия, білім және өнер академиясының А.Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында "Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны" сыйлығы берілген. 2006 жылы Түркияның Невшехир қаласында әлемнің 26 мемлекетінде өкілдері бар КИБАТЕК (Кипр, Балқан, Еуразия, Түркі әдебиеттері қоғамы) түркі халықтары арасынан дараланған тұлға ретінде әдебиет сыйлығын Мұхтар Шахановқа тапсырды. Осы жылы Америка өмірбаян институты белгілеген 2005 жылдың "Жыл адамы" атағы берілді. Мұхтар Шаханов "Оңтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы". "Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін" медальдармен марапатталған.[1]