Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары кезінде ми зақымдануының белгілері бірнеше минут, сағат (тәулік соңына дейін) өткен соң тегіс жойылады. Олардың пайда болуына кіші-гірім қан құйылулар (плеториялық форма), аздаған жібу ошақтары (ишемиялық форма) жөне гипертониялық криздер әсер етеді.
Ми қан айналысының өткінші бұзылымдары атеросклерозбен, қант диабетімен, әр түрлі себептерге байланысты болатын васкулиттермен, жүрек және қан ауруларымен ауыратын және қанның артериялық қысымы көтеріле беретін адамдарда, қан тамырларының түрлі аномалиялары (ауытқулары) бар сырқаттарда жиі кездеседі.