Диагностика критерилері
Ми қан айналымының жіті бұзылыстары бірден пайда болады (минуттар, сирек сағаттарда) жəне ошақты немесе жалпы милық менингеалды неврологиялық симптомдардың пайда болуымен сипатталады.
Ошақты неврологиялық симптомдар:
- қозғалмалы (геми-, моно-, парапарездер);
- сөздік (сенсорлы, моторлы афазия, дизартрия);
- сезімталдық (гемигипалгизия, терең жəне күрделі сезімталдықтың бұзылыстары);
- координаторлы (вестибулярлы, мишықтың атаксиясы, астазия, абазия т.б);
- көру (скотомалар, квадрантты жəне гемианопсиялар,амавроз,фотопсиялар т.б);
- ми қабы қызметінің бұзылысы (астериогноз, апроксия жəне т.б).
Достарыңызбен бөлісу: |