Сегізкөз өрімі, plexus sacralis, өрімдердің ішіндегі ең маңыздысы, IV (төменгі бөлігі) және V бел нерві алдыңғы тармақтарынан және сегізкөз алдыңғы тесіктерінен шығатын төрт сегізкөз нервтерінің (S, - SIV) дәл осындай тармақтарынан құралады. Өрім нервтері бір-бірімен қосылып, foramen in- frapiriforme арқылы жамбас астау куысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді, Сегізкөз өрімінен шығатын тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді. Қысқа тармақтар аяқ-бел аймағын, ал ұзын тармақтар оның бел өрімі тармақтарымен жабдықталған бөлігінен қоспағанда бүкіл аяқты нервтендіреді. Құйымшақ өрімі Құйымшақ өрімі, plexus coccygeus, V сегізкөз және құйымшақ нервтерінің алдыңғы тармақтарынан құрылады. Одан жіңішке nn. аnоcoccygei шығып, құйымшақ нервінің артқы тармағымен қосылып, кұйымшақ ұшы жанындағы теріде тармақталады.Құйымшақ өрімі m. coccygeus сіңірлі бөлігінің алдыңғы бетінде және lig. sacrospinale орналасады ; ол жыныстық өріммен және симпатикалық сабаудың соңғы бөлімімен байланысады. Құйымшақ өрімінің тармақтары : 1. Бұлшықеттік тармақтар, rami musculares, m.coccygeus, m.levator ani, m. sacrococcygeus anterior бағытталады. 2. Артқы өтіс-құйымшақ нервтері, nn. anococcygei, үштен бесеу мөлшерінде жіңішке тармақтар, құйымшақ бұлшықетінің алдыңғы беті бойымен, аталмыш бұлшықетпен және m. levator ani арасында, құйымшақ ұшында жүріп, теріге кіріп, артқы өтіске дейін құйымшақ аймағында тармақталады.