Білім алушының реттік нөмірі: типі санауыш, өрісі - №, индекстелген,қайталаусыз. Тегі:типі мәтіндік, өрістің өлшемі 50, міндетті ,бос жолсыз, индекстелген. Есімі:типі мәтіндік, өрістің өлшемі 25, міндетті, бос жолсыз, индекстелген. Сынып:типі мәтіндік, өрістің өлшемі 7,жазу Сынып, енгізу маска КОМ-999, міндетті, бос жолсыз, индекстелген. Емтихандағы баға: типі сандық, байттық форматы, өрістердің жазуларын пәндердің аттарын қойыныз, мысалы, тарих, биология, Between 2 and 5 («Айтылулардың шеберін» пайдаланыңыз, ал «бағаны қате енгізіңіз» деген қате мәтінін пайдаланыңыз. Білім алушының реттік нөмірі өрісін кілттік етіп қойыңыз. Кестені Емтихандар деген атпен сақтаңыз да, кесте шеберін жабыңыз.
Емтихандар кестесін толтыру және өзгертуге арналған шеберді қолдану формасын құрыңыз. Оны Емтихандар деген атпен сақтаңыз. Құралдар тақтасындағы «Құру (создать)» батырмасын шеберді шақыру үшін қолданылады. Міндетті түрде мәліметтер қайнарын көрсетіңіз! Осы форманы пайдаланып мәліметтер қорын толтырыңыз. 8-10 өрістерін 1-кестедегі толтырған білім алушыларды енгізіңіз.
Емтиханның нәтижесін графикалық түрде көру үшін форма-диаграмманы құрыңыз. Диаграммаға білім алушылардың тегі мен үш бағасын қосыңыз. «Гистограмма» типін таңдаңыз. Білім алушылардың тегтерін абцисса бойынша етіп таңдаңыз да, емтихандарды мәліметтер аймағына апарыңыз, сондағы тышқанның екі рет шерту арқылы «мағыналардың нәтижесін есептеу» терезесін шақыртып, «жоқ» деген белгі қойыңыз. Форманы Диаграмма атымен сақтаңыз. Форманы ашып, «Өлшемдерін өзгерту» арқылы қоршауларын өзгертіңіз.
Конструкторды пайдаланып форманы құрыңыз (қолдан құрылады). Негізі ретінде кесте немесе сұраныс болады.
Құралдар тақтасындағы «Құру» батырмасын таңдап, Емтихандар кестесін негізі ретінде таңдап алыңыз. Одан кейін форманың конструктор шеберін таңдаңыз. Мәліметтер аймағы форманың бос бланкісі ашылады. Олармен танысып алыңыз. Егер мәліметтер аймағы ғана болса, онда түр мәзірінде аты/форманың ескертулері дегенді қосыңыз. Басқару элементтерінен форма құрылады. Олар құралдар тақтасында орналасады. «Жазу» элементі жазбаларды жазуға арналған. өрісі кестедегі мәліметтерді көрсетеді және санауға арналған элементі.
Форманың мәтіметтер аймағына өрістерді сүйретуді пайдаланып, барлық өрістерді апарыңыз. Сонымен қатар, форманың мәліметтері сәйкес келетін кестенің мәндерімен байланысады («Мәліметтер» өрістің қасиеті). Мәліметтер аймағындағы әр өріске жазу қосылады, оның қасиеті өрістің атымен сәйкес келеді. Оны алып тастаңыз.
Кестенің бағандарына жазбаларды енгізіңіз. «Емтиханның ведомості» деген жазбамен қойыңыз.
Түгел форманың қасиетін өзгертіңіз. Ол үшін тышқанның оң жақ батырмасын форманың сол жағындағы жоғары жағынан шерту керек . Үнсіз бойынша форма бір бағанды болады. Макеттің «Үнсіз бойынша» қасиетін «Ленталық формаға» ауыстыру керек. Онда форманың түрі жазбалардың кестесі болады.
Ведомость деген атпен форманы сақтаңыз. Қайтадан конструктор шеберіне кіріп, форманы түзетіп алыңыз. Өлшемі бойынша барлық элементтер түзетіңіз. Макеттің қасиеттерін қолдаңыз: типі, түсі мен шегінің ені, безендірілуі, мәтіннің және фонның түсі.
Форманың өрістері кестенің мәліметтерін көрсететінін анықтап алыңыз. Ол үшін «Мәліметтер» өрісінің қасиетін қараңыз. Форманың саналатын өрістері. Ондай өрістер кестемен байланысты емес. Элементтер тақтасынан алынған «Өріс» элементін қолдану арқылы құрылады. батырмасын шертіп, айтылулардың шеберін қолданып, «Мәліметтер» қасиеті жазылады. Орташа балл өрісін мәліметтер аймағына қосыңыз. Әр білім алушыға орташа бағасын табыңыз. «Фиксированный» өрісін макеттің қасиеттерінен беріңіз. Сонымен қатар, экранға үтірден екі белгі ретінде қойыңыз. Орташа балл өрісін мәліметтер аймағына қосыңыз. Әр пән бойынша орташа бағаны Avg() («Статистические» тобы) функциясын пайдаланып анықтап алыңыз. Үтірден кейін екі белгіге дейін белгілеп алыңыз. «Пән бойынша орташа балл» дегн жазбаны қойыңыз. Мәліметтер қорынан іздеу: ( Кеңейтілген фильтрді пайдаланып):
а) білім алушының тегі бойынша;
б) сынып бойынша;
в) әр пән бойынша 5 бағаны алған білім алушыларды табу;