Microsoft Access бойынша лабораториялық жұмыстар №1 лабораториялық жұмыс



бет3/17
Дата07.02.2022
өлшемі66,67 Kb.
#86092
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ms Access

































№ 3 лабораториялық жұмыс.

Тақырып: Конструктор шебірінде Access сұраныстарын құру. Таңдау сұраныстары. Сұраныстардағы саналатын өрістер. Сұраныстардың негізінде формаларды құру.


  1. Access-ті қосып, Емтихандар мәліметтер қорын ашыңыз (№1 лабораториялық жұмыста құрылған).

  2. Констукторрежимінде мәліметтер қорының екінші макетін құрыңыз:

2 кесте

Білім алушының реттік нөмірі

Тегі

Есімі

Сынып

1-ші емтихан

2-ші емтихан

3-ші емтихан






















Өрістердің аттарын кесте1 берілгендей беріңіз.

Өрістердің қасиеттері:


Білім алушының реттік нөмірі: типі санауыш, өрісі - №, индекстелген,қайталаусыз.
Тегі: типі мәтіндік, өрістің өлшемі 50, міндетті ,бос жолсыз, индекстелген.
Есімі: типі мәтіндік, өрістің өлшемі 25, міндетті, бос жолсыз, индекстелген.
Сынып: типі мәтіндік, өрістің өлшемі 7,жазу Сынып, енгізу маска КОМ-999, міндетті, бос жолсыз, индекстелген.
Емтихандағы баға: типі сандық, байттық форматы, өрістердің жазуларын пәндердің аттарын қойыныз, мысалы, тарих, биология, Between 2 and 5 («Айтылулардың шеберін» пайдаланыңыз, ал «бағаны қате енгізіңіз» деген қате мәтінін пайдаланыңыз.
Білім алушының реттік нөмірі өрісін кілттік етіп қойыңыз. Кестені Емтихандар деген атпен сақтаңыз да, кесте шеберін жабыңыз.

  1. Сұраныстардың конструктор шеберіне кіріңіз. «Құру» батырмасын немесе «Конструктор режимінде сұраныстарды құру» объектісін Сұраныстар терезесінде таңдаңыз. Конструктор режимінде сұраныстар қолдан жасалады. Сұраныстардың қайнары бір немесе бірнеше кесте немесе сұраныс болып табылады. Емтихандар кестесін мәліметтердің қайнары ретінде сақтаңыз. Ашылған терезлермен танысып алыңыз. Сұраныстың жоғарғы жағында мәліметтердің қайнарлары орналасады. Бланктің төменгі жағында:

  2. Сұраныста өрістерді беру үшін ( Өріс жолы мен Кестенің аты);

  • Сұраныста мәліметтерді сорттау үшін (Сорттау өрісі);

  • Сұрыптау үшін (Сұрыптау шарты);

  • Сұраныста мәліметтерді топтау үшін;

  • Сұраныста өрсітердегісанауыш мәндері үшін.

  1. Емтихандар кестесінің өрістердің барлығын сұранысқа қосыңыз. Тегі бойынша сұрыптауды таңдаңыз. Сақтаған кезде Сұраныстың макеті деген атпен сақтаңыз. Сұраныста кестенің барлық мәліметтер көрсетіледі.

  2. Сұрыптауға сұраныстар. Сұрыптауға сұраныстарды құрыңыз. Конструктор шеберінде әр жаңа сұраныс орындалады. Макетті бірнеше рет көшіруге болады, әр сұранысты сұраныстың мазмұнын көрсететін атымен сақтаса. Төменде берілген Таңдау шартын беріңіз. Әр қайсысын оған сәйкес атпен сақтаңыз:

  • А әріпінен басталатын білім алушылардың тегі бойынша;

  • Бір сыныпта оқитын білім алушыларды;

  • Берілген сыныпта оқимайтын білім алушыларды (мысалы, Not 365).

  1. Логикалық амалдармен сұрыптауға сұраныстар. Емтихандарда баға өрісіне сұраныстарды таңдау шартын құрып, сұраныстың макетін көшіріңіз. Берілген аттармен сақтаңыз.:

  • Тек қана үздік білім алушыларды (Үздіктер аты).

  • Екпінді оқитын білім алушыларды (Екпінділер аты).

  • Не болса бір үші бар білім алушыларды (Орташа оқитындар аты).

  1. Параметрді пайдаланып сұраныстарды таңдау. Егер өрісте мәтіндік енгізу терезесін таңдау шартының орнына қойылса, мысалы [Тегінді енгіз], онда бағдарламаны іске қосқанда параметрді орнатуға болады. Параметр – бұл өрістің мәні көрсетілген ізделінетін барлық жазбалардың кез келген мәні. Параметрлердің мәндері бойынша жаңа сұраныстарда таңдау амалын орындаңыз:

  • Білім алушының тегі бойынша.

  • Білім алушының реттік нөмірі бойынша.

Параметрді қолданып іздеу әрекет кезінде дәл сәйкестілік қолданылады.

  1. Сұраныстағы саналатын өрістер. Макеттің жаңа көшірмесінде мыналарды қосыңыз:

  • Әр білім алушының орташа баллды есептеу үшін саналатын өріс: (орташа балл ([мат]+[физ])/2)

  1. Сұраныстағы топтық амалдар. Құралдар тақтасындағы батырмасымен топтау қосылады (топтық амалдар). «Топтау» бланкісінде топтау мен функциялар орындалатын өрістерді қоюға болады. Олар топтық деп аталады да, мәліметтердің тобы арқылы нәтижелерді қорытындауға қолданылады. Топтық функциялармен танысыңыз.

  • Әр сыныптың әр пәннен орташа баллды есептеңіз. Өрістерге Сынып, 1 Емтихан, 2 Емтихан, 3 Емтихан өрістері қосылуы керек. Тегі өрісі керек емес! Топ өрісінде топтауды мен барлық өрістерде топтық функцияны Avg() қолданыңыз. Сыныптар бойынша орташа деп сақтаңыз.

  • Барлық білім алушылар үшін пәндер бойынша орташа бағаларды табыңыз. Барлық өрістерде топтық функцияны Avg() қолданып тек қана баға өрісін қосыңыз. Сыныптар бойынша орташа деп сақтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет