Тақырып: Access-тің есеп формасы. Есептер шебері. Конструктор режимінде есеппен жұмыс.
Access-тіқосыпБілім алушылар мәліметтер қорын ашыңыз.
Қағазды түрде берілетін кестелерден және мәліметтер қорынан сұраныстарын көрсету үшін қолданылады. Формалардан айырмашылығы, мәліметтерді жеңіл топтай алады да, нәтижелерді қорыта алатыны.
Шеберді пайдаланып, есептерді тұрғызу.
Құрубатырмасын Есептер терезесінен таңдаңыз. Одан кейін есептер шебері. Білім алушылар кестесін мәліметтердің қайнары ретінде қолданыңыз. Сұраныстарға Тегі, Есімі, Сыныбы, Мекен-жайы, Телефон өрістерін таңдаңыз. Өрістерді сорттау әрекетін жасаңыз, топтаудың деңгейлерін таңдамай. Одан кейін тегі және есімі бойынша. Макетін Кестелік, кез келген стиль, Білім алушылар деген атпен сақтаңыз.
Қарау режимінде есеп ашылады. Құралтар тақтасына назар аударыңыз, ол «алдын-ала қарау» деп аталады.
Есеп конструкторын ашып, есеп бланкісімен танысып алыңыз. Атау аймағын, ескертулер, колонтитулдарды тауып алыңыз. Элементтерді басқару панелінің пайда болатынына назар аударыңыз. Яғни, есеп конструктордың құралдары дәл формалар конструкторының құралдарындікіндей. Есеп құру формаларды құруға ұқсас. Атау аймағында жалпы есептің атауы орналасқан, жоғарғы колонтитулда – өрістердің атулары, олар есептің әр бетінде жазылады. Төменгі колонтитулда – ағымды күні мен есептің бет нөмірі, олар әр бетінде жазылады. Атауларға Жазу элементі, Өріс мәліметтерді көрсету үшін қолданылады. Сызық элементі жоғарғы колонтитулды бөледі.
Мәліметтерді топтау.