Гиперсілтемелер – Интернеттегі WEB-беттердегі сияқты презентацияда да қолданылады. Гиперсілтемеде шерту басқа слайдқы, басқа презентацияға немесе Интернеттегі WEB-бетке көшуді жүзеге асырады.
Год(дата), Месяц(дата), День(дата), ДеньНед (Дата;2) – сәйкесінше, жыл, ай, күн, апта күндерін белгілейді. ДеньНед функциясындағы 2 аргументі – дүйсенбіден басталған апта күндерін есептеу үшін қажет. Мысалы: =ДеньНед(Сегодня();2) – ұяшыққа қажетті апта күнін шығару.
Грамматиканы тексеру – бұл хаттардың грамматикалық және стилистикалық ережелерін тексеру.
ЕГЕР (ЕCЛИ) (логикалық _ұғым; 1 мән; 2 мән) – 1 мән шешімі болса,онда логикалық ұғым ақиқат және керісінше жағдайда 2 мән ақиқат болады. Мысалы: A1 ұяшығында 30000 саны енгізілген, ал B1 ұяшығында =ЕСЛИ(A1<20000; 12; 15) формуласы енгізілген. Шарттың орындалмауына байланысты нәтижесі 15 тең болады.
Емлені тексеру (емле) – бұл құжаттағы сөздердің жазылуын тексеруге және түзетуге мүмкіндік беретін редактор құралы. Редактор тексерілетін құжаттағы сөздерді сөздікпен салыстырады, бұл ретте белгісіз сөздер бөлінеді.
ЖӘНЕ (И) (логикалық_1 ұғым; логикалық_2 ұғым;....) – егер аргументтердің барлығы АҚИҚАТ мән қабылдаса, онда мән АҚИҚАТ (“ИСТИНА”),кері жағдайда ЖАЛҒАН (“ЛОЖЬ”) болады;