Microsoft Word абай қҰнанбаев 1



Pdf көрінісі
бет8/15
Дата10.06.2020
өлшемі1,7 Mb.
#72974
түріМонография
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Байланысты:
abai kunanbayev1 (1)
Вариант 2 ЛД 117-1, Фармакология экзамен 2 вариант, Nursaule Rau - Іш жарығы, Вби жасанды берілу жолын к рсеті і, фарма тест былтыр, Психология пəнінен тест жауаптары
(Омар һайямнан) 
 
Ақиреттің  емес,  дүниенің  көркемдігіне  ғашық  болған  бұл  сияқты 
ақындардың  зары  -  ақиреттің  бейнетінен  қорқуда  емес,  дүниеніц 
рақатына жете алмауда. 
Көркемдікке  табыну  жағынан  Абай  оларға  біраз  ұқсап  қалады, 
бірақ  айрылар  жері  -«көркемдік  -  көркемдік  үшін»  дейтін  тезиске  бой 
ұсынбай,  көркемдіктің  өзіне  үлкен  мән  бере  қарауында.  Өмірдің,  яғни 
өркендеудің  қажетіне  жарамаған  көркемдіқ  адам  қызығар  көркемдік 
емес.  Абайдың,  мәселен,  «әйелді  сұлулығына  қарап  сүйме,  мінезіне 
қарап сүй» деуі де осыдан. Әйелдің сұлу болуына Абай: 
 
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы, 
Аласы аз қара көзі нұр жайнайды, 
Жіңішке қара қасы сызып қойған, 
Бір жаңа ұқсатамын туған айды. 
 
Маңдайдан тура түскен қырлы мұрын, 
Ақша жүз, ал қызыл бет тіл байлайды. 
Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі, 
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды!.. 
 
Жұп-жұмыр ақ торғындай мойыны бар, 
Үлбіреген тамағын күн шалмайды... 
Қолаң қара шашы бар, жібек талды, 
Торғындай толқындырып көз таңдайды... 
 
деп құмарта отыра, 
 
Сөйлесе, сөзі әдепті һәм мағыналы,- 
 
деп әйелдің сұлулығының үстіне мінезді, ақылды болуын, 
 
Әжімсіз ақ саусағы іске ыңғайлы,- 
 


 
150
деп  сұлулықтың,  ақылды,  мінезділіктің  үстіне,  әйел  еңбекке  де  бейім, 
епті  болуын  талап  етеді.  Бұл  көзқарас  Шығыс  эстеттерінің  үғымынан 
мүлде езгеше екендігі айқын.  
Төртінші,  сопы  ақындардың  жолы.  Бұлардың  ойынша,  дүниеде 
құмартуға  тұратын  еш  нәрсе  жоқ.  Себебі:  дүниенің  ракаты  дегеннің 
бәрі  фәни-уақытша;  бақилық  (мәқгілік)  рақат  -  ақиретте  ғана.  Ол 
рақатқа  жету  үшін  тәңірге  жалбарын.  Дүниеде  істейтінің  рақат  өмір 
жасау болмасын, тәңіріге жалбарыну ғана, яғни ораза, намаз, зекет, қаж 
сияқты құлшылықтар ғана болсын. 
Осындай 
ұғымда 
болғандықтан, 
сопы 
ақындардың 
шығармаларының бәрі - құдайға құлшылықты қалай өтеудің маңайында 
болады.  Бұл  дүниенің  рақатына  шығарма  арнаудың  жолына  олар  өліп 
бара жатса түспейді. 
Абай  бұл  жолға  түскен  кісі  емес.  Ол  да  ислам  дінін  таниды,  бірақ 
сөйте тұра, ақирет рақатын емес, дүние рақатын жырлайды. 
Абаймен 
замандас 
ақындардың 
ішінде 
сопылық 
поэзияға 
түскендер  бірқыдыру.  Мәселен,  Мағазмүлік  Батырғали  ұғлының  1908 
жылы  басылып  шыққан  «Әдебиет  қазақия»  деген  өлеңдер  жинағын 
оқысаңыз,  дінді  үгіттеуде  оны  бүкіл  Орта  Азияға  аты  белгілі  Аллаяр 
сопыдан айыра алмайсыз. 
«Шығыстық  әдебиет»  дегенде,  оның  осындай  әр  тармақты  екенін, 
бір  сарынды  еместігін,  еске  алу  керек.  Жоғарғыдағы  баяндауда  қай 
тарамды  болса  да,  түгелдей  паршалап  талдадық  дей  алмаймыз,  тек 
өзімізге  жанасатын  тармақтарына  ғана  тоқтадық.  Шығыс  әдебиетінің 
бұдан  басқа  тармақтарын  мен  өзім  білмеймін  және  азды-көпті  оқыған 
материалдарға  қарағанда,  басқа  тармақ  жоқ  қой  деп  те  шамалаймын. 
Бұл  аталғандардан  басқа  тармақ  болса,  прогрестік  әдебиет  яки  Европа 
мәдениетіне  бой  ұрған  әдебиет  болуға  тиісті  болар  еді.  Ондай  әдебиет 
мен  білетін  Шығыста  жоқ.  Өзге  Шығысты  қоя  тұрып,  Орта  Азияны, 
әсіресе  Россиядағы  мұсылман  халықтарды  алғанда,  меніңше,  Абай 
жалғыз 
қазақ 
топырағында 
ғана 
емес, 
Россиядағы 
мұсылман 
халықтардың 
ішінде 
европалық 
прогресті 
жырлаған 
бірінші 
адамдардың қатарынан орын алады. 
Қорытып  айтқанда,  өзінен  бұрынғы  қазақ  әдебиетін  таяныш  қана 
көріп,  үлгі  алуды  қанағат  көрмей,  құлашын  қазақта  бар  әдебиеттен 
асыра  сілтеген  Абай  Шығыс  әдебиетін  өзінің  ақындық  «багажын» 
молайту  есебінде  ғана  пайдаланады.  Қазақ  әдебиеті  мен  Шығыс 
әдебиеті - Абайдың үлгісі емес, азығы. 
Абайдың  шын  үлгісі  -  орыс  әдебиеті  және  өзге  ғасырдағы  орыс 
әдебиеті емес, XIX ғасырдағы классикалііқ орыс әдебиеті.  
Орыстың  әртінгі  ғасырларда  жасаған  әдебиетін  тануда  да,  XIX 
ғасырдағы  әдебиетін  тануда  да,  Абайға  ерекше  жәрдемі  тиген  адам  -  ұлы  В. 
Г. Белинский. Одан кейінгі Чернышевскийді де, Добролюбовті де, Писаревті 


 
151
де  Абай  оқыған.  Олардың,  көзқарастарынан  да  Абай  қажетті  деп  тапқанын 
алған, бірақ Абайдың орыс сыншыларынан ұстаз тұтқаны - Белинский. 
Белинскийді  оқу  Абайға  орыс  әдебиетін  тану  үшін  ғана  жәрдем  еткен 
жоқ,  сол  Белинскийдің  орыста  шын  мағынасындағы  ұлт  әдебиеті  қалай 
жасалу  туралы  пікірлерін  пайдалана  отыра,  қазақтың  шын  мағынасындағы 
ұлт әдебиетінің негізін салуға жетекші болды. Мысалдар келтірейік. 
1841  жылы  жазғай  «Әдебиет»  деген  сөздің  жалпы  мағынасы  және 
«Орыстың  поэзиясы»  деген  еңбектерінде  Белинский  орыстың  халықтық 
поэзиясынын, барлық жақсы қасиеттерін сипаттай келіп мынадай қорытынды 
жасайды. 
«Барлық  сәби  халықтың  санасы  ең  алдымен  поэзиясында  айқын 
көрінеді.  Сондықтан  мәдениеттің  қандай  төмен  сатысында  болса  да, 
поэзиясы жоқ халық болмайды» (Таңдамалы шығармалары, 1914 ж., 859 бет). 
«Шын 
мағынасындағы 
көркемөнердің, 
суретшілдіктің 
биігіне 
көтерілмеген  поэзияны  көркем  әдебиет  демейді,  ауыз  әдебиеті  дейді.  Ондай 
поэзияның  аты  -  халықтық.  Халықтық  поэзия,  көзі  кергенге  сенудің 
тұсауынан  босанбаған  халықтық  санасынан  туады.  Халықтық  поэзияда  ой 
жоқ,  ойға  күңгірт  ұмтылушылық,  сенушіліқ  болжаушылық  қана  бар  (878 
бет). Сондықтан онда ойдан тіл жағынан қызықтығы басымдау болады» (874 
бет). 
«Жалпы  мен  жалқының,  идея  мен  түрдің  таразысы  шын  және  толық 
мағынасында керкем әдебиетте ғана тең түседі. Сәби халықтың ойы әр кезде 
күңгірт, тұнық келеді, сондықтан оның (ойдың) түрі де екшелген болмайды... 
Осымен-ақ 
халықтық 
поэзия 
мен 
көркем 
поэзияның 
арасындағы 
айырмашылықты  аяқтауға  болады;  біріншісі  -  баланың  үйлессіз  былдыры, 
екіншісі - есейіп айқындалған сөз; біріншісі - жобалап қана сейлейді, екіншісі 
- айқын, бекіте сөйлейді» (925 бет). 
Белинскийдің  осындай  пікірлерімен  танысқан  Абайға  өзінен  бүрынғы 
қазақтың ауыз адебиет екілдерінің қатарында қалуға мүмкін бе еді?  
Бұл  сұраудың  жауабын  Абай  Белинскийден  тапты.  «Бұдан  көрінетін 
нәрсе,  -  дейді  Белинский  орыстың  халықтык  поэзиясы  туралы  пікірін 
қорытып  кеп,  -  аса  зор  және  ұлттығы  басым  ақын  Пушкин  өзінің  ақындық 
музасын  орыстың  халықтық  поэзиясының  аналық  құшағында  тәрбиелеген 
жоқ,  европалық  топырақта  тәрбиеледі.  Пушкинді  ақындыққа  даярлаған 
«Игорь полкы туралы сөз» емес, Кирша Данниловтың ертегі поэмалары емес, 
жабайы 
халықтың 
жырлары 
емес, 
Ломоносовтың, 
Державиннің, 
Фонвизиннің, 
Дмитриевтің, 
Жуковскийдін, 
және 
Батюшковтың, 
шығармалары,  жалғыз  Крылов  қана  болмаса,  бұлардың  бәрі  де  ұлт  ақыны 
емес еді, еліктеуші (Европаға.- С. М.) ақын еді» 935 бет). 
Пушкинді  одан  бұрын  жасаған  орыс  ақындарынан  неге  бөліп 
алатынын,  неге  Пушкинге  шейінгі  ақындарды  «еліктеуші»  деп,  Пушкинді 
ғана  «орыстың  бірінші  ұлт  ақыны»  деп  атайтынын  Белинский  былай 
баяндайды:  «Пушкинге  шейін  орыстың  поэзиясы  европалық  музадан 
үйренуден  артық  халге  жетпейді.  Сондықтан  Пушкинге  шейінгі  орыс 


 
152
поэзиясы өзіндік шабыты бар еркін шығармадан гөрі, шығарманың төңірегін 
шолған, көлеңкесіне ұқсаған шығарма еді. Орыс ұлтының айқын және күшті 
талантты  ақыны  Крыловтың  да  Лефонтенге  еліктеуден,  оны  аударудан  қол 
үзіп  кетуге  ұзақ  уақыт  батылы  жетпеді.  Державиннің  поэзиясында  орыс 
сөзінің,  орыс  ақылының,  ұшқындары  шашырағанмен  ол  ұшқындарды  басқа 
елдерден  араласқан  ұғымсыз  пікірлердің,  түрлердің,  көптірме  сөздерінің 
топаны  басып  сөндіріп  отырды.  Озеров  орыс  трагедиясын,  кәттә  «Дмитрий 
Донской»  атты  тарихи  трагедия  жазды.  Бірақ  ол  трагедияда  орыстікі  деген 
тек  кісілерінің  аттары  ғана  еді,  басқа  жақтары  орыстың  тарихына  қанша 
ұқсас  болса,  француз  бен  татар  тарихына  да  сонша  ұқсас  еді.  Жуковский 
«Людмила» және «Светлана» деген екі баллада жазды. Бұлардың бастапқысы 
неміс  балладасынан  (көбінің  бірі)  аудару  ғана  еді;  ал  екіншісінде  орыстың 
киелі  әдеттерінің  поэтикалық  суреттері  берілетіні  рас,  сөйткенмен  де  оған 
немістің  күйректігінің,  немістің  фантазиясының  рухы  сіңген,  Батюшковтың 
музасы  үнемі  басқа  елдердің  аспанында  қалықтауымен  күн  кешіп,  орыс 
жерінен  бір  де  гүл  үзіп  тақпады.  Бұл  келтірген  фактілерден  шығатын 
қорытынды: орыстың ақындары орыстың өмірінен поэзия боларлық еш нәрсе 
таба  алмай,  тұлпарларына  мініп,  шабыт  іздеп  басқа  елдерге  және  батыстық 
елдер  түгіл,  шығыстық  елдерге  сапар  шекті.  Пушкиннен  бастап-ақ,  орыс 
поэзиясы  үйренушілік  халден  құтылып,  дарынды  және  тәрбиелі  шеберлік 
халге көшті» (1534 бет). 
Пушкинге  және  оған  шейінгі  орыс  ақындарына  Белинскийдің  бұл 
берген бағасы Абайды ойға қалдырды, қазақ әдебиетінің алды-артын шолуға, 
ұғуға,  «қазаққа  да  Пушкиндей  ұлт  ақыны  керек»  деген  қорытындыға  келуге 
жәрдем етті. 
Әр  жылда  жазған  еңбектерінің  талай  жерінде  Белинский  Пушкиннен 
бұрын  жасаған  орыс  ақындары  Батыстың  әдебиетінен  үйренгенін, 
Пушкиннің  өзі  де  олардан  көп  үлгі  алғанын  айтады.  Бірақ  Белинскийдің 
баяндауынша, Пушкиннен бұрынғы орыс ақындарының Европадан үлгі алуы 
мен  ГІушкиннің  үлгі  алуы  екі  басқа:  өзгелер  үлгіні  еліктей  отыра  алған  да, 
Пушкин  еліктемей,  тек  әдебиеттік  багажын  молайту  үшін  ғана  оқыды. 
Сондықтан  Пушкин  Европаға,  әсіресе  Байронға  еліктеді  деп  ойлайтын  орыс 
сыншыларына Белинский былайша жауап береді: 
«Мәселен,  отызыншы  жылдардың  бір 
«оқымысты»  сыншысы 
Пушкинді  Байронмен  салыстырады,  Пушкин  геройларының  Байронның 
геройларына 
ұқсастығы 
кішкене 
шайтандардың 
үлкен 
шайтанға 
ұқсастығындай  деп  есептейді,  Пушкиннін,  талантын  түкке  тұрмайды  деп 
біледі.  Ол  оқымысты  сыншының  басына,  Байронның  Гомер  еместігі  сияқты, 
Пушкиннің де Байрон еместігі келмеген» (1515 бет). 
«Евгений  Онегин»  сияқты  роман  түрі  Байронда  да  бар;  әңгіме  құру 
әдісі,  сипаттап  отырған  шындықта  проза  мен  поэзияның  араласып  кетуі, 
тақырып  көлемінен  шығу,  ақынның  өзіне-өзі  сұрау  беруі,  оқиғаға  өзі 
араласып  отыруы  -  осының  бәрі  де  Байронда  бар.  Әрине,  басқаның  жаңа 
түрін өзінің шығармасына қолдану жаңадан өзі түр табудан анағұрлым жеңіл. 


 
153
Әйткенмен  Пушкиннің  «Евгений  Онегині»  мен  Байронның  «Дон-Хуанын», 
«Чайльд  Гарольдің»,  «Беппосын»  салыстырғанда,  түрі  мен  сөз  қолдануынан 
басқа  ұқсастық  табылмайды.  Мазмұны  былай  түрсын,  Байронның  рухы  да, 
Пушкиннін,  «Онегинінен»  атымен  басқа.  Байрон  Европаны  Европа  үшін 
жазды...  Пушкин  Россияны  Россия  үшін  жазды»  (1642  бет).  «Онегин»  - 
орыстың  қоғамдық  тұрмысының  белгілі  дәуірдегі  шындығының  поэтикалық 
картинасы»  (1648  бет).  Пушкиннің  поэзиясы  мен  орыстың  шындық  өмірі 
ғажап  қабысады.  Орыстыц  табиғатын  көрсетсе  де,  мінезін  көрсетсе  де  дәл 
келеді...  Орыстын,  жазынан  қысы  жақсы,  ...осыны  бірінші  рет  сипаттаған 
Пушкин...  орыстын,  географиясын,  физиологиялық  тіршілігін  Пушкиннің 
көрсетпеуі мүмкін емес, олай керсетуі, онын, орыс болып туғандығынан ғана 
емес, данышпан орыс боп туғандығынан» (1543-1544 беттер) 
Бірақ 
Белинскийдің 
баяндауынша, 
данышпан 
ақын 
болуға 
жаратылысында  данышпан  боп  туу  жеткілікті  емес.  Қанша  данышпан  боп 
туғанмен,  егер  сол  данышпандық  қасиетін  жарыққа  шығаруға  тиісті  жағдай 
болмаса, ондай ақын өсуге қажетті азығы жетпеген жақсы ұрық сияқты семіп 
қалады. 
Пушкиннің,  өзінен  бұрынғы  орыс  ақындарынан,  солардың  ішінде: 
Державин,  Крылов,  Гнедич  сияқты  дарынды  ақындарынан  бойы  мен  ойы 
асып  түсуіне,  Белинскийдің  ұғындыруынша,  белгілі  тарихи  жағдай  себеп 
болған. 
«1812  жыл  мен  1815  жылдың  арасы  Россия  үшін  ұлы  дәуір  болды,  - 
дейді  Белинский,  -  бұл  арада  біздің  айтайын  деп  отырғанымыз,  сол  ұлы 
дәуірдегі  оның  сыртқы  жарқырауы  ғана,  азаматтық  ішкі  дүниенің  пісуі,  сол 
дәуірдің нәтижесі болған білімге жетуі. Егер Россия 1812 жыл мен біз жасап 
отырған  күннің  арасында,  Петрдің,  патшалық  құруы  мен  1812  жылдың 
арасынан әлдеқайда көп оқиғаны басынан кешіріп, әлдеқайда көп ілгері кетті 
десек өсіріп айтпаған болар ек. Бірінші жақтан, 1812 жыл Россияның барлық 
түкпірін  сілкіледі,  оның  ұйықтаған  күшін  оятты,  бұған  шейін  мәлімсіз 
күштердің көзін ашты. Өз бастарының қамын ойлап жүрген бытыраңқы жұрт 
жалпыға  төнген  қауіпті  сезініп,  зор  бір  дене  боп  тұтасты,  халықтың  санасы 
оянып,  мақтаны  күшейді  және  осылардың  елдік  пікірдің  қайнар  бұлағы 
сияқтана,  еркін  сөйлеуге  жол  берді;  одан  басқа,  1812  жыл  бір  орыннан 
жылжымайтын  ескілікті  де  күйрете  соқты.  Сол  соққыда  өзінің  қонысынан 
ұзап шықпай, сонда туып, сонда өлетін дворяндар жойылды. Екінші жақтан; 
жеңіс  пен  шаттықтың  жолын  бойлай  шеру  тартқан  орыстың  жеңімпаз 
армиясы Европамен бетпе-бет кездесті. 
Осының  бәрі  жаңадан  туған  қоғамның  өсуіне,  күшеюіне  өте  күшті 
көмек  көрсетті.  Жиырмасыншы  жылдары  орыс  әдебиеті  еліктеуді  тастап, 
өзіндік қасиеті бар әдебиетке айналды; Пушкин шықты» (1646 бет). 
Жат  елдің  әдебиетіне  еліктеуден  безіп,  орыстың  ұлттық  әдебиетін 
жасауды  бастаушы  Пушкин,  әрине,  сол  кездегі  орыстың  қоғамдық  күшінің 
артында  емес,  алдында  болды.  Көш  бастайтын  ұлт  ақыны  болу  -  әрине, 
ұлтының  жақсы-  жаманының  бәрін  мақұлдау  емес,  жақсысын  ғана  дәріптеу, 


 
154
жаманнан  жирену,  жиреніп  қана  қоймай,  сол  жамандықпен  күресіп, 
қайткенде  құтылудың  жолын  сілтеу.  Белинский  Пушкиннің  осылай  өз 
тұсындағы орыс қоғамының күшіне  тіркелуші болмай, жетекші болуын айта 
кеп,  оқушыларына  Гогольдің  мына  бір  сөзін  ескертеді:  «Әдебиеттің  шын 
мағынасында ұлттық болуы, орыстың сарафанын суреттеуде емес, халықтың 
рухын  көрсетуде»  (1641  бет).  Осы  пікірге  Белинскийдің  қосымша  айтары: 
«Әр халықтық ұлттық сыры оның киімінде емес, аяқ-табағында емес, дүниені 
тани білу шеберлігінде» (1645 бет). 
«Ұлттық  ақынның  әдебиетте  көрсететіні  кімдер  болу  керек?»-деген 
сұрауға  Белинскийдің  берер  жауаптары:  «Көркемөнерге  адамды  көрсетуден 
қасиетті  міндет  жоқ.  Көркемөнерде  сипатталуға  жарағылықты  болу  үшін, 
адамға  адам  болу  ғана  қажет,  14-кластың  әкімі  болу  немесе  дворянин  болу 
қажет  емес,  мұжықта  да  жан  бар,  жүрек  бар,  тілек  пен  құмарлық  бар, 
махаббат пен кек бар, қысқасы өмір бар» (908 бет). 
«Бірақ біздің тілейтініміз: мұжықты оның сөз өзгешелігін көрсету үшін 
емес,  жалба-жұлба  боп,  кір-қоң  боп  жүруін  сипаттау  үшін  емес,  белгілі 
мақсат үшін, ол мақсатта адамдық ойдың көрінуі үшін алуы керек» (909бет). 
Орыстың  халықтық  әдебиеті,  жазба  әдебиеті  туралы,  жазба  әдебиетте 
Пушкиннің  орны  туралы  Белинскийдің  барлық  пікірлерін  қорыта  келгенде, 
қайталап айтарымыз: осы пікірлердің бәрі  Абайдың қазақ әдебиетін тануына 
да, қазақ әдебиетінің Пушкині болуына да аса зор ықпал етті. Қазақтың шын 
мағынасындағы  ұлттық  әдебиетін  Абайдың  бастауына,  қазақ  поэзиясын 
идеялық  жағынан  да  орыстың  XIX  ғасырдағы  поэзиясының  қатарына 
көтеруіне Белинскийдің жоғарғы айтқан пікірлері программа болды. 
Белинский - Абайдың идеялық ұстазы. Бірақ: 
 
Ақыл сенбей сенбеңіз, 
Бір іске кез келсеңіз,- 
 
дейтін Абай: 
 
Кім болса, мейлі сол айтты,- 
Ақылменен жеңсеңіз,- 
 
дейтін  Абай,  Белинскийді  ұстаз  көргенмен,  оның  айтқан  дарын  түгел 
қабылдай  бермейді.  Белинскийдің  идеалистік  бағытта  жүрген  кездегі 
ұсынатын  тезисі  -  «поэзияның  мақсаты  поэзияда  ғана»  дейтіні,  XIX 
ғасырдын,  40  жылдарынан  бері  шыға,  материалистік  пікірге  келген  кезінде 
«поэзия - өмір, өмір жоқ жерде поэзия жоқ» деуі бізге мәлім. 
Белинскийдің 
идеалист 
кезіндегі 
әдебиетке 
көзқарасын 
Абай 
қабылдамайды,  материалистік  кезіндегі  көзқарасын  ғана  қабылдайды. 
Абайдың  ұғымында,  поэзия  -  поэзияның  ғана  құралы  емес,  өмірдің  де, 
шыңдықтың да құралы. Белинскийдің бағасында «Поэзия - өмір» болғанмен, 
екінші  сөзбен  айтқанда,  поэзия  буалдыр  идеяны  емес,  шындық  тұрмысты 


 
155
суреттеуге  міндетті  болғанмен,  сөйте  тұра,  ол  поэзия  утелитарлық  яғни 
сипаттап отырған шындықтың пайдасына асарлық халге түспеу керек. Оның 
түсінуінде,  поэзия  шындықтың  сипатшысы  мен  сыншысы  ғана,  ақылшы 
емес.  Сондықтан  да  алдына  дидактикалық  міндет  қойған  поэзияны  ол 
ұнатпайды. 
Абай  Белинскийден  осы  бір  жерде  бөліне  жайылып,  өмірдін,  небір 
кемшілігін  көрмесін,  небір  оғаштығын  сынамасын,  сол  сипаттауы  мен 
сынауының  артын  «былай  бол!»  деген  ақыл  айтумен  бітіреді.  Сондықтан  ол 
Белинскийдің 
эстетикалық 
кодекстерінің 
«ақын 
керсетсін, 
бірақ 
дәлелдемесін»  деген  статьясын  қолданбайды.  Абай  көрсетумен  ғана 
қанағаттанбайды, көрсеткенін яғни сипаттағанын дәлелдеуге тырысады. 
Абайдың  ұғымында  поэзия  өмірдің  жетекшісі  болуымен  қатар,  өзінің 
поэзиялық  яғни  көркемдік  қасиетін  жоғалтпау  керек.  Өмірдің  неше  түрлі 
күнделік  мәселелеріне  арнап  кейде  жалпы  ақын  ғана  емес,  үгітші  ақын  боп 
жазатын  Абайдың  өлеңдерінің  көркем  шығатындық  себебі  -  поэзияның 
көркемдік қасиетіне аса жауапты қарауынан. 
Сондықтан  поэзияның  утелитарлық  маңызына  келгенде  Белинскийдің 
эстетикалық кодексін бұзатын Абай мына мәселелерде кеп қайта табысады. 
Белинский:  «Философ  силлогизммен,  ақын  бейнемен,  суретпен 
ойлайды», - десе, Абай осы заңды қабылдайды да қолданады. 
Белинский:  «Әрбір  көркем  шығарманың  негізінде  нақтылы  идея  болу 
керек», - десе, Абай бұны да қабылдайды, қолданады. 
Белинский:  «Керкем  шығарманың  идеясына  түрі  сәйкес  болу  керек»,  - 
десе, Абайға бұл да қонымды пікір. 
Белинский:  «Біркелкі  пікірлі  шығарманың  түрі  де  біркелкі  болу  керек, 
көркем шығарманың барлық бөлімдері бірінен-бірі бөлшектенбейтін тұтас 
болу керек», - десе, Абай да осыған қосылады. 
Орыстың 
XIX 
ғасырдағы 
эстетикалық 
пікірін 
осылайша 
қабылдаған Абай оның көркем әдебиетінен не үлгілер алды. 
Орыс  ақындарынан  Абайдың  аударғандары:  Крылов,  Пушкин, 
Лермонтов. 
Бізге  қажетті  мәселе  Абай  осы  ақындарды  әлдеқалай  аударды  ма, 
болмаса,  орыстың  өзге  ақындарын  қаламай  мына  атаған  үш  ақынды 
қалауында себеп бар ма? 
Жоғарыда  аталған  орыстың  үш  ақынын  Абай  әлдеқалай  емес, 
оларды  өзінің  көңіліне  ұнағандықтан,  олардың  ой-пікірі  мен  өзінің,  ой-
пікірінде  үндестік  болғандықтан  аударған.  Әйтпесе  аударманы  кәсіп 
қылайын деп ойламаған. 
Абайдың  шығармаларын  жинап  бастырушылардың  сөзіне  сенсек, 
оның  орыс  әдебиетінен  бірінші  аударған  шығармасы  Лермонтовтың 
«Бородиносы».  «Бородино»-  Лермонтовтың  Отанын  сүйгендігіне, 
жерін, елінің ерлік тарихын сүйгендігіне кепіл шығарма. Бұл - Абайдың 
өз  жерін,  өз  Отанын,  өз  елінің  ерлігін  сүюімен  қабысады.  Сондықтан 


 
156
бұл  өлеңді  аударудағы  оның  мақсаты  да  ап-ашық:-  халқын,  Отанын 
сүюде, ерлікке жұмылуда орыстан үлгі алуға шақыру. 
«Бородинодан»  кейін  Абай  өзінің  сүйікті  ақындарының  өлеңдерін 
аудару  ісіне  ерекше  мән  бере  қарап,  қазақ  елі  үшін  бұл  істің  пайдалы 
екенін  ескеріп  және  өзінің  ақындық  шеберлігін  ұштай  да  өрістете 
түсуге  орасан  ықпалы  бар  екендігін  сезіп,  Пушкиннің  «Евгений 
Онегинінен»  бірнеше  үзінділер,  Лермонтовтан  20  шақты  өлең, 
Крыловтан 15 шақты мысал аударады. 
«Бородинодан»  кейін  Абайдың  аударуға  кіріскені  -  «Евгений 
Онегиннен»  үзінділер.  Пушкиннің  бұл  романнан  басқа  шығармаларын 
Абайдың аударғаны бимағлұм. 
Абай  Пушкиннің  «Евгений  Онегинін»  аударуға  неге  ерекше 
құмартты  және  бұдан  не  көздеді?-  деген  сұрау  азамат  ақынның 
аудармаларын  оқи  бастағанда  алдыңнан  көлденеңдеп  шыға  келеді. 
Бұған  өз  тұсымыздан  айтар  пікірден  бұрын,  Белинскийге  сөз  беріп 
алған  жөн.  Ұлы  сыншының  «Евгений  Онегинді»  Пушкиннің  өзге 
шығармаларынан  бөліп  алатын  себебі:  «Орыс  қоғамының  өркендеу 
жолындағы  аса  қызық  бір  кезеңін  поэзия  арқылы  көркем  суреттеп 
беруінен (1633 бет), шын энциклопедиялық шығарма болуынан еді. 
Сонсын,  қай  елдің  жастарына  болса  да  үлгі  етерлік  көркем 
образдардың  асқан  ақындық  шеберлікпен  жасалуы,  Татьянаның, 
бойындағы  кіршіксіз  таза  махаббаттың  реалистік  тұрғыдан  суреттелуі 
шығарманың мән-маңызын биік деңгейге көтерді. 
Абай  ұлы  шығарманың  осы  қасиетін  қалтқысыз  көре  білді.  Және 
оны  жазған  Пушкиннің  жан  жүйесі,  айтар  ойы  өзінің  жан  жүйесімен 
қабысатындығын сезді. 
«Евгений  Онегинді»  Абай  тұтас  аударған  жоқ,  одан  оның 
аударғандары:  романның  басында  (бірінші  тарау,  X  -  XI  -  XII 
шумақтар)  Пушкиннің  Онегинді  сипаттауы,  Татьянаның  Онегинге 
жазған  хаты  (екінші  тарау,  XXXI  шумақ),  бақша  ішінде  жолыққан 
Татьянаға  Онегиннің  берген  жауабы  (төртінші  тарау,  XII  -  XVI  шу- 
мақтар),  Онегиннің  Татьянаға  жазған  хаты  (сегізінші  тарау,  XXXII 
шумақ),  Татьянаның  Онегинге  берген  жауабы  (сегізінші  тарау,  XIII 
шумақ). 
Орыс  поэтикасында  «онегиндік  шумақ»  аталып,  әр  шумағы  14 
жолдан  құралатын,  әр  жолында  тоғыз  буын  болатын,  үйлесі  -  а,  б.  а,  б, 
в,  в,  г,  г,  д,  ж,  ж,  д,  з,  з  боп  келетін  түр  «Евгений  Онегиннің»  өн 
бойында  өзгеріссіз  сақталады.  Абай  өз  аудармаларында  бұл  түрді 
қолданбай,  «Онегиннің  сипатын»  шумағы  төрт  жолдан,  әр  жолы  11 
буыннан құралатын, үйлесі - а, а, б, а боп келетін түрмен -қара өлеңмен 
аударады. «Татьянаның Онегинге жазған хатын», «Онегиннің Татьянаға 
жауабын»,  «Онегиннің  Татьянаға  жазған  екінші  хатын»,  «Татьянаның 
қайтарған  жауабын»  әр  шумағы  төрт  жолдан,  әр  жолы  сегіз  буыннан, 
үйлесі а, б, а, б боп келетін түрмен аударған. 


 
157
«Онегиннің  сипаты»  -  Абайда  34  жол  өлең.  Пушкиннің 
оригиналында  да  аударылған  жолдардың  саны  34  (Абай  X  және  XI 
шумақтарды  тұтас  аударған  да,  XII  шумақтан  алты  жол  ғана  алған). 
Пушкин  Онегиннің  ішкі  сарайын  сипаттауды  осы  34  жолға  сыйғызған. 
Бұл  34  жолдың  алдыңғы  жағында  Онегиннің  сыртқы  дүниемен  қарым-
қатынасы,  алған  білімі  айтылады  да,  кейінгі  жағында  әдеті,  салты 
айтылады. Абай Онегиннің ішкі дүниесін сипаттауды ғана аударған. 
«Онегиндік  шумақтың»  Абай  түрін  сақтамағанмен,  мазмұнын 
сақтайды, образдарын тамаша дәл келтіреді: Пушкиннің оригиналы мен 
Абайдың  аудармасын  қатар  оқып  көрсең,  мағынасы  да,  көркемдігі  де 
дәл  түсетініне  ғажап  қаласың.  Осыған  қарағанда,  «онегиндік  шумақты» 
Абайдың  сақтамауы  ол  шумақты  қазақшалауға  әлі  келмегендіктен  емес, 
қазаққа  ұғымсыз  болар  деген  ойдан  туған  болу  керек.  Өйткені  өлеңнің 
көпшілікке түсінікті болуына Абай ерекше назар аударғаны мәлім. 
Татьяна  мен  Онегиннің  бірін-бірі  ұғуына  байланысты  өлеңдерге 
келгенде, Абай түп нұсқанық арнасынан біраз шығып кетеді. Ең алдымен түп 
нұсқада Татьяна Онегинге хат жазады да (екінші тарау, XXXI шумақ) Онегин 
Татьянаға  хат  жазбайды,  бақша  ішінде  жолығып,  неге  үйлене  алмайтын 
сырын ауызша айтады (төртінші тарау, XII - XVI шумақтар). Абай Онегиннің 
осы  ауызша  жауабын  хатқа  айналдырады  да,  Пушкиннің  сарынымен  өз 
жанынан  жазады.  Сол  сияқты,  түп  нұсқада  (сегізінші  тарау,  XIII  шумақ) 
Татьяна  Онегинге  екінші  рет  хат  жазбайды,  үйіне  кеп  жолыққанда  жауабын 
ауызша  айтады.  Осы  жауапты  да  Абай  хатқа  айналдырып,  романның  жалпы 
сарынын  сақтағанмен,  өз  жанынан  жазып  шығады.  Татьянаның  Онегинге 
жазған хатын (екінші тарау, XXXI шумақ) және Онегиннің Татьянаға жазған 
хатын'  (сегізінші  тарау,  XXXII  шумақ)  аударғанда,  Абай  мазмұнын  сақтай 
отыра,  көп  жерінде  еркін  кетіп,  оригиналда  жоқ  сөздерді,  жоқ  теңеулерді 
қосып жібереді. 
Мәселен: 
 
Михрабым сен, бас ұрамын, 
Тіл жете алмас ғұзіріме. 
Жетпедім, не жасырамын, 
Гауһарымның қадіріне. 
 
Он сегіз мың бұл ғаламның 
Бар тынысы күнде тұр, 
Мен сияқты сорлы адамның 
Ықтияры сенде тұр,- 
 
деген сөздер Пушкинде жоқ. Пушкинде Евгений мен Татьянаны қосуға бөгет 
-  тағдыр,  бірақ  бұл  тағдыр,  Пушкинше  «лаухыл-махфуздың»  жазуы  емес, 
қоғамдық  тұрмыстың  шындығынан  шыққан,  Евгений  мен  Татьянаның  өмір 
жолындағы  шиырлар.  Ал  Абайдын,  ұғымында,  бұл  «тағдыр»  шынында 


 
158
«лаухыл-махфуздық»  болып  кетеді.  Сондықтан  да  ол  Онегиннің  аузына  түп 
нұсқада кездеспейтін: 
 
Сен - ағашта піскен алма, 
Қазір едің, алмадым. 
Құп кіріптар қылды алла, 
Әлде нені қарғадың?- 
деген сөз салады. 
Осыған қарап, Абай Пушкинді түсінбеді я аударуға әлі жетпеді немесе 
Пушкиннің  ойын  бұзды  деуге  бола  ма? Түсінбесе  я  әлі  жетпесе,  «Онегиннің 
сипатын»  неге  дәл  береді?  Бұзғысы  келсе,  Пушкиннің  пікір  арнасынан  неге 
шықпайды? 
Біз  бұл  арада  Абайдың  «Онегинді»  аударуының  академиялық  жағын 
тексерейік  деп  отырғанымыз  жоқ,  тек  кезегі  кеп  қалған  сөз  болғандықтан 
айтып отырмыз, әйтпесе біздің тақырыбымыз -  Абайдың осы шығарманы не 
мақсатпен аударуы ғана. 
Өзге  мәселеде  рационалист  Абай  «Евгений  Онегиннен»  үзінділер 
аударғанда  да,  осы  нысанасынан  көз  жазбайды.  Онегин  мен  Татьянаның 
жүрек сырларын ақтарысатын жерлерін таңдап аударудағы Абайдың мақсаты 
-  шын  сүйісе  білудің  маңызы  қандайлығын  қазақтың  қызы  мен  жігітіне  үлгі 
қылып тарту, өз заманындағы «қалың малдың» қамауында отырған қазақтың 
қыз бен жігітін Евгений мен Татьянадай болуға, малдың күшімен сүюге емес, 
жүрек күшімен сүюге шақыру. 
Осы  мақсатпен,  «Евгений  Онегиннің»  кейбір  жерлерін  өзінше  өзгерте 
жазған Абай қазақ аулының сауатсыз қыз бен жігітіне бұл оқиғаны түсінікті 
етем  деген  мақсатпен,  Татьянанын,  Онегинге  берген  жауабын  (сегізінші 
тарау) жазғанда: 
 
Сен шошыдың ғашығыңнан, 
Өзге жұрттан қамшы жеп, 
Мен де сорлы нәсібімнен, 
Жатқа тидім «алшы» деп,- 
 
деп қазақ аулының қамшы тебелесін орыстын, тұрмысына қолданып: 
 
Қаймақ еді көңілімде, 
Бізге қаспақ болды жем. 
Екі сөз жоқ өмірімде, 
Мен де сорлы, бақыты кем,- 
 
деп  дворян  семьясында  өскен  Татьянаның  сөзіне  қаймақ  пен  қаспақты 
қосқандағы Абайдың мақсаты - оның Онегинді сүюін қазақтың қыз, жігітіне 
ұғымды бейнемен беру. 


 
159
Онегин  мен  Татьянаның  бейнесін  Абайдың  жақсы  көргендігі  оның  өз 
жанынан  шығарған  «Онегиннің  өлердегі  сөзі»  деген  өлеңінен  керінеді. 
Романда  оқиға  Онегиннің  Татьяна  ерге  шыққан  кезінде,  үйіне  кеп 
жолығуымен,  Татьянаның:  «Менің  тағдырым  шешілген...  мен  сені  сүйем, 
(несіне  жалған  айтам?)  бірақ  менің  тиген  ерім  бар,  оған  берілуден  айни 
алмаймын»,  -  деуімен  бітеді.  Абай  мұнымен  тоқтамай,  өз  жанынан 
«Онегиннін,  өлердегі  сөзі»  деген  өлең  шығарады.  Бұл  өлеңде  өлім  халінде 
жатқан Онегин: 
Жарым жақсы киім киіп, 
Келді жанға жылы тиіп. 
Диуана болды бұл көңілім, 
Басылмай бір құшып, сүйіп,- 
 
деп сандырақтайды да, көзіне елестеген Татьянаны: 
 
Есіркеп сүйгізіп еді, 
Кетіппін жүз есе күйіп,- 
 
деп қасында тұрғандай көреді. Сөйтіп: 
 
Қылдың арам ойыңды. 
Бір бұрмадың мойныңды, 
Сен ақылмен көңіліңді 
Тыйып, жеңдің, бойыңды,- 
 
деген арызын айтып, өмірде қолы жетпеген ғашықтық арманмен: 
 
Атам, анам қара жер, 
Сен аша бер қойныңды, 
Сенен басқа еш жерден 
Таба алмадым орнымды,- 
 
деп тіршілікпен қоштасады. 
Бұл  өлеңнін,  мазмұны  да,  түрі  де  ескі  араб,  парсы  ғашықтарының 
жырына  ұқсас.  Ғашықтық  дертінен  сарғайып  өлу,  ескі  Шығыс  әдебиетінде 
болмаса,  Европа  әдебиетінің  «Евгений  Онегин»  сияқты  реалистік  стильде 
жазылған 
шығармасы 
түгіл, 
романтикалық 
стильде 
жазылған 
шығармаларында да ұшырай қоймайды. 
«Евгений  Онегин»  романын  Абайдың  неге  түгел  аудармағандығы, 
Пушкиннің  басқа  шығармаларын  неге  ayдармағандығы  бізге  мәлімсіз. 
Әйткенмен бұл арада бір мәселенің бетін ашып кету керек. 
Абай  -  түгелімен  реалист.  Оның  шығармаларында  романтизмнің  өзі 
түгіл  көлеңкесі  де  жоқ,  ал  Пушкин,  әсіресе  1825  жылға  шейінгі  Пушкин, 
негізінде  романтик.  «Бақшасарай  фонтанынан»,  «Кавказ  тұтқынынан»,  «Цы- 


 
160
гандардан» аудармай, Абайдың «Евгений Онегинінен» аударуы да сондықтан 
болу керек. 
Олай  болса,  романтиктігі  Пушкиннен  де  басым  жататын  Лермонтовты 
неге аударады Абай? 
Абай  орыс  ақындарынан  56  шығарма  аударған,  солардың  сегізі 
Пушкиннен  («Евгений  Онегиннен»  үзінділер),  он  төрті  Крыловтан; 
Мацкевич, Бунин, Полонскийден бір-бір өлеңнен, авторы белгісіз үш өлең, ал 
қалған 28 шығарма Лермонтовтан. Осы мәселеге біраз тоқтайық. 
Ең алдымен, Абай Лермонтовтың поэмаларынан ешқайсысын аударған 
емес.  Абайдың  «Мұңлы  шайтан»  деп  басталатын  өлеңін  Лермонтовтың 
«Демон» атты поэмасын
ЫҢ 
кіріспе сөзінен аударылды деп есеп қып жүр. Ол 
дұрыс  емес.  Абайдың  шайтанды  сипаттауы  Лермонтовтан  басқаша. 
Лермонтовта  шайтан  азғындық  жолға  еріксіз,  қысым  көргендіктен  түссе, 
Абайда  менмендік  пен  бақ  құмарлықтан  түседі.  Абайда  -  шайтан  түзелусіз 
кеткен  бұзық,  оның  жүрегінде  мейірім  оты  мен  махаббат  сөнген. 
Лермонтовта  олай  емес.  Лермонтовтың  баяндауында,  шайтан  зорлықсыз 
мейірімді,  шын  махаббатты  іздеп  жиһан  кезеді  де,  сол  махаббатты  грузин 
қызы  -  Тамарадан  табады.  Шайтанның  Тамараға  айтатын  ғашықтық 
сөздерінен адам қоғамының ішіндегі әділетсіздіктердің сыры ашылады. Олай 
болса,  тақырыбы  ұқсас  болғанмен,  Лермонтовтың  шайтанынан  Абайдың 
шайтаны  басқа.  Лермонтовтық  шайтаны  -  әділетсіздікке,  қиянатқа, 
жауыздыққа  қарсы  тұрушы,  Абайдын,  шайтаны  -  қиянат  пен  жауыздықтың 
қордасы.  Лермонтов  шайтанды  тіршілік  шындығының  тұрғысынан  алып 
қарайды, Абай дін тұрғысынан алып қарайды. 
Екінші. Лермонтовтын, өлеңдерінен Абайдың аударғандары - түгелімен 
қоғам  тұрмысындағы  әділетсіздікке  ызаланған,  бірақ  сол  әділетсіздіктерді 
түзеуге  шамасы  келмей  торыққан,  жалғызсыраған  адамның  көңіл  күйін 
көрсететін  өлеңдер.  Мұндай  өлеңдерді  Абай  өзінің  көңіл  күйіне  дәл 
келетіндіктен аударған. 
Үшінші.  Абайдың  «Лермонтовтан  аударды»  дейтін  шығармалары  үш 
жүйеге бөлінеді. 
1.  Көлемі,  мазмұны,  көркемдігі  Лермонтовтың  орнгиналымен  дәл 
түсетіндер.  Мәселен,  Лермонтовтын,  «Выхожу  один  я  на  дорогу»  деп 
басталатын  өлеңі  20  жол.  Осы  өлеңді  Абай  «Жолға  шықтым  бір  жым-жырт 
түнде жалғыз» деп бастап аударады да, 20 жолды 20 жолға сыйғызады және 
мағынасын  да,  көркемдігін  де  дәл  түсіреді.  Осы  сияқты  аударылған  бірнеше 
өлең  бар.  «Парус»  Лермонтовта  12  жол  болса,  Абайда  да  сондай;  «Жартас» 
Лермонтовта да, Абайда да сегіз жол; «Қараңғы түнде тау қалғып» та сондай. 
Бұлардын, бәрі-дәл аудармалар.  
2.  Көлемін  қысқартып,  негізгі  мазмұны  мен  көркемдігін  сақтап 
аударған  өлеңдер.  Мәселен:  «Теректің  сыйы»  Лермонтовта  76  жол  өлең, 
Абай  оны  қысқартып  38  жолға  түсірген.  Лермонтовта  «Кабардинец» 
аталатынды,  Абай  «Ер  Серкеш»  деп  атап,  сол  «ердің»  «құранмен» 


 
161
шұғылданатын  жерлерін  аудармай  қалдырып  кеткен,  Лермонтов  казачканы 
20 жолмен сипаттаса, Абай: 
 
Казак-орыс қатыны бір сұлуды 
Әкеліп ем, қайтейін, оны да ал,- 
 
деп екі-ақ жолға түсіреді. «Еврей күйі», «Қанжар», «Бородино» тағы бірнеше 
өлеңдер солай қысқартылған.  
3.  Жалпы  сарыны,  жалпы  мазмұны  ұқсап  отыратын,  Лермонтовтан 
«аударма»  деуден  гөрі,  «Лермонтовтың  сарынымен»  деуге  келетін  өлеңдер. 
Мәселен,  Лермонтовтың  «Дума»  дейтін  өлеңі  оригиналда  44  жол  өлең. 
Абайдың  «Қарасам,  қайғыртар  жұрт  бұл  заманғы»  деп  басталатын  өлеңі 
барлық  жинақтарында  да  «Лермонтовтан»  делініп,  жоғарыда  аталған 
«Думаға»  қосақталып  жүр.  Абайда  да  жол  саны  -  44.  Солай  бола  тұра, 
мазмұнның  ұзын-  ұрғасы  жақындап  қалғанмен,  бірақ  өлеңді  аударма  деу 
қиын. 
Бұл өлеңнің: 
 
Қарасам, қайғыртар жұрт бұл замангы, 
Салқын, қуыс - өмірі я қараңғы. 
Білім де жоқ, білімге сенім де жоқ, 
Өнерсіз қартаяр деп біл балаңды,- 
 
дегені Лермонтовтың: 
 
Печально гляжу я на наше поколенье! 
Его грядущее иль пусто, иль темно. 
Меж тем, под бременем познанья и сомненья 
В бездействии состарится оно,- 
 
дегені дәлге жақын кеп қалады да: 
 
Жасынан білер ескі шалдың мінін, 
Аптық жерін, ақылға кеш екенін, 
Өзі өнерсіз, өмірден тез суынар, 
Ойлаған жолаушыдай бос жүргенін,- 
 
дегені Лермонтовтың: 
 
Богаты мы, едва из колыбели, 
Ошибками отцов и поздним их умом, 
И жизнь уж томит, как ровный путь без цели, 
Как пир на празднике чужом,- 
 


 
162
дегеніне  мағына  жағынан  жанаспай,  алшақ  жатады.  Абайда  «бұл  заманның 
жасы»  -  шалдарды  сынаушылар,  ал  Лермонтовта  ол  жастар,  сол  «әкелердің 
қателері мен кенже қалған ойынан сабақ алып өскендер». Бұл өлеңнің қалған 
шумақтарын  да  Лермонтовтың  оригиналымен  салыстырсаң,  осылай  дәл 
шықпайды. Оның бір мысалын әлгіде «Шайтан» деген өлеңнен де байқадық. 
Абай  өлеңдерінің  ішінде  жалпы  сарыны  үйлесетін,  бірақ  дәл  аударды 
дегенге  сыймайтын  өлең  бірнешеу.  Бұларды  аударма  деуден  гөрі,  әр 
ақынның  Абайға  жасаған  ықпалы,  әсері  деп  дәлелдеген  орынды.  Мәселеге 
осы  тұрғыдан  қарағанда,  Абайдың  өз  шығармалары  дейтін  өлеңдерден  де 
Лермонтовпен  я  басқа  ақындармен  үндес  шығатын  шығармалар  табылып 
қалуы  әбден  ықтимал.  Бірақ  бұған  қарап,  ақынның  төл  өлеңдерін  «еркін 
аударған»  деген  сылтаумен  басқа  ақындарға  таңа  беру  орынды  болмайды. 
Мысалға  «Ғашықтық  іздеп  тантыма!»,  «Күлімсіреп  аспан  тұр»,  «Ал  сенейін, 
сенейін»  деген  өлеңдерде  творчестволық  ықпалдардың  барын  айту,  оларды 
аударма деп танудың бірден-бір шарты бола алмайды. 
Лермонтов  пен  Абайдың  арасындағы  байланысты  аяқтар  алдында 
айтып  кететін  бір  мәселе  -  Абайдың  өлерден  екі  жыл  бұрын  ғана  «Вадимді» 
аударуы.  «Вадим»  -  прозамен  жазылған  шығарма.  Оны  18  жасар  Лермонтов 
Пушкиннің  «Капитан  қызының»  әсерінен  жазған.  Екеуінде  де  айтылатын 
оқиға  -  Емельян  Пугачев  бастайтын,  XVIII  ғасырдағы  орыс  шаруаларының 
көтерілісі және екеуі де осы көтерілісті сипаттағанда, бүйректері шаруаларға 
бұрып, оларды жақтап отырады. 
Өз  шығармаларында  да,  басқа  аудармаларында  да  бұл  Абайдың 
жолаған  тақырыбы  емес.  Қару  алып  майданға  шығу  идеясын  насихаттау 
Абай  творчествосына  тән  емес.  Еңбекші  халықтың  қанауда  отырғанын 
сипаттағанымен,  Абай  сол  еңбекшілерді  көтеріліске  шақырған  кісі  емес. 
Осындай  жолдағы  Абайдың  «Вадим»  сияқты  көтерілісті  жырлайтын 
шығарманы  аударуы  -  Абайдың  өмірбаянынан  да,  шығармаларынан  да 
себебін  таппайтын  мәселе.  Сондықтан  «пәлендей  себептен»  деп  біз  де 
сауегейлік жасай алмаймыз. 
Лермонтовтың  «Вадимді»  жазуы,  әсіресе  18  жасында  жазуы,  таң 
қаларлық  жағдай  емес,  себебі:  көңіл  күйлерінде  ұқсастық  болғанмен, 
Лермонтов,  әрине,  Абай  емес  те,  Абай  Лермонтов  емес.  Лермонтов  -  қоғам 
тұрмысындағы қиянатты  көрсетумен,  сынаумен  ғана  қанағатсынбай,  сол 
қиянатты,  Абайша  ақыл  айтып  емес,  күшпен  түзетем  деп  арпалысатын 
жаны жанжалшыл ақын. 
Өлеңдерінде  сарындастық  болғанмен,  Лермонтов  пен  Абайдың 
пікірлері  де  үнемі  бір  арнамен  ағуы  мүмкін  емес.  Себебі,  Лермонтов  -  1825 
жылғы  декабристер  көтерілісінің  қанды  ізін  баса  шыққан  кісі,  сондықтан  да 
оның  шығармаларынан  шоқпарлы  Николай  сөндірген  декабрь  өртінің 
ұшқындары шашырап отырады. 
Абайдын,  дәуірі  -  көтеріліс  дәуірі  емес.  Абай  әдебиет  майданына 
араласа  бастаған  кезде,  қазақ  халқының  көтеріліс  жылдары  арттағы  алыста 
қалған оқиға. Бұл кезде ішкі Россияда болып жатқан шаруа жанжалдарының 


 
163
жаңғырығы  болмаса,  оның  мән-мақсаты  Абайға  жеткен  жоқ.  Шаруаларды 
балтаға  шақырған  Чернышевскийдін,  шығармаларын  Абай  оқығанмен  де, 
оның  ішкі  сырына  терең  бойламаған.  Міне,  осы  арада  Абайдың 
революционер-демократ болмай, ағартушы- демократ болғандығы көрінеді. 
Бұл  жөнде  Абайдын,  орыс  әдебиетінен  не  алғандығы  туралы  айтатын 
пікірімізді  кейінірек  қалдырып,  әуелі  оның  Крыловты  неге  аударған  себебін 
ашып алайық. 
Мысал жанры әдебиетте қайдан пайда  болды деген сұрауға Белинский 
«Шығыстан»  деген  жауап  береді.  Онысы  рас.  Өзге  Шығысты  былай 
қойғанда, мысал түріндегі ертегілер қазақта да көп. Бірақ, халық ертегісіндегі 
мысалдарда оқиға бар да, қорытынды жоқ, бағыт бар да, нысана жоқ. Халық 
әдебиетіндегі  осындай  нысанасыз  мысалдарға  сүйене  отырып,  жазба 
әдебиетте  нысаналы  мысалдар  жазған  адам-француздың  XVII  ғасырдағы 
ақыны Лафонтен. Лафонтен өсімдік пен өсімдіктің, өсімдік пен хайуанаттың, 
хайуанат  пен  хайуанаттың  я  хайуанат  пен  адамның  арасындағы  қарым-
қатынастарды  айтқан  боп,  қасқырдың  озбырлығын,  зорлығын,  түлкінің 
айлакерлігін,  еменнің  қаттылығын,  шошқаның  топастығын,  қарғаның 
ақмақтығын  сипаттаған  боп,  қоғам  тұрмысында  кездесетін  теріс  қылықтар 
мен мінездерді сықақтап, жалпы қоғамға «ондайдан сақтаныңдар» деген ақыл 
айтады. 
Крыловтың  мысал  жазуда  Лафонтеннен  үлгі  алғанын  айта  кеп, 
Белинский  Крыловты  одан  бөліп  ап  былай  дейді:  «Крыловтық  мысалдары  - 
орыстың  іскерлік  ойының,  орыстын,  тапқырлығы  мен  сықағының,  орыстың 
ауызекі сөзінін, қымбат қазынасы» (1370 бет). 
«Крылов  өзінің  кейбір  мысалдарының  мазмұнын  Лафонтеннен 
алғанмен,  -  дейді  Белинский,  -  оны  аударды  деп  атауға  болмайды. 
Табиғатында  орыс  боп  жаралған  ол  аударғандарының  бәрінің  түрін  де 
орыстікіне айналдырды, орыстық рухта берді. «Орыс мені біледі, мен орысты 
білем»  деп  айтуға  жарайтын  әдебиетімізді  біз  де  дәріптейміз,  құрметтейміз» 
(771 бет). 
Белинскийдің  осы  пікірін  оқып  алды  ма,  я  өзі  солай  деп  ойлады  ма, 
әйтеуір  Лафонтенді  Крылов  қалай  аударса,  Крыловты  Абай  да  солай 
аударған.  Лафонтеннен  аударған  мысалдарына  Крылов  орыстық  түр, 
орыстық рух берсе, Крыловтан аударған мысалдарына Абай да қазақтық түр, 
қазақтық  рух  берген.  Сондықтан,  егер  «Крыловтан»  деген  ескерту  тұрмаса, 
Абайдың 
одан 
аударды 
деген 
мысалдарының 
басқа 
тілден 
аударылғандығында ешбір белгі жоқ. 
Крыловтың  «Квартет»,  «Демьянова  уха»  деген  сияқты,  европалық  я 
орыстық  тұрмыста  ғана  кездесетін  мысалдарын  Абай  аудармайды.  Абайдың 
аударғандары қазаққа түсінікті болатын мысалдар ғана. 
Лермонтовтың  кейбір  шығармаларын  қысқартып  аудару  әдісін  Абай 
Крыловқа  да  қолданады.  Бірақ  мысалдың  басында  я  ақырында  тұратын 
насихат  сөздерін  кейде  өзінше  бұрғаны  болмаса,  орыс  тұрмысына  ғана 
арнаулы, қазақ түрмысында кездеспейтін кейбір әдет-ғұрыптың, көріністерін 


 
164
қазақшалағаны  болмаса,  орыстың  әдетіне  байланысты  кейбір  теңеу, 
салыстыру,  әсірелеулерді  қазақ  әдетіне  байланысты  теңеу,  салыстыру, 
әсірелеулермен  алғаны  болмаса,  жалпы  оқиғалық  мазмұнын  бұзбайды. 
Мәселен,  «Есек  пен  бұлбүл»  деген  мысалын  Крылов  «Бұлбұлға  есек 
кездесті» деп оқиғадан тура бастаса, Абай: 
 
Тойған есек шөпті оттап маңайдағы, 
Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы, 
Қаңғырып өлкені өрлеп келе жатып, 
Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы,- 
 
деп  бұлбұлға  жолығар  алдында  есектің  қыдырғанын  баяндап  алады.  Крылов 
мысалдың  аяғында:  «Тәңірі,  бізді  де  сондай  қазыдан  сақтағайсың»,-  деп 
қорытынды пікірін бір ғана жолмен айтса, Абай: 
 
Демеймін мені мақтасын, 
Я жақсын, я жақпасын, 
Сөйтсе де мұндай сыншыдан 
Құдайым бізді сақтасын,- 
 
деп Крыловтың бір жолын төрт жолды бір ауыз өлеңге айналдырады, 
Өйткенмен  жалпы  көлемі  бірдей  (Крыловта  да  бұл  мысал  28  жол, 
Абайда да 28 жол) аударманың мағынасы оригиналға дәл. 
«Шегіртке  мен  құмырсқа»-  Крыловта  30  жол  өлең,  Абайда  36  жол. 
Алты жолды артық қосқанда, Абай Крыловтын, жолын жолға сыйғыза алмай 
отырған жоқ. Крылов: 
 
Билеуге құмар шегіртке 
Жазды ән caп өткізді, - 
Ойлаған жоқ шұқыр деп, 
Ызғарлы қыс кеп, көзді,- 
 
деп мысалын тура қыстың келуінен бастаса, Абай: 
 
Шырылдауық шегіртке, 
Ыршып жүріп ән салған. 
Көгалды қуып гөләйттап, 
Қызықпен жүріп жазды алған.  
 
Жаздыгүні жапырақтың 
Бірінде тамақ, бірінде үй, 
Жапырақ кетті, жаз кетті, 
Күз болған соң, кетті күй,- 
 


 
165
деп  шегірткенің  жазғы  сайранын  Крыловтан  кеңірек  толғап  кетеді.  Өйтудегі 
мақсаты  -  Крыловты  толықтыру,  не  әдемілеу  емес,  осы  мысалды  оқуға 
ұсынып  отырған  қазақ  халқына  «қыстың  қамын  жаз  же»  деген  ақылын 
толығырақ  айту.  Мұндай  ақылды  Абай  ол  кезде  қоныстанбаған  көшпелі 
ауылдың қысқа әзірленуі аса қажетті деп санайды. 
Осындай  әдісті  Абай  Крыловтың  барлық  мысалдарын  аударғанда  да 
қолданады.  Әрбір  жеке  мысалды  аударғанда  оның  көздеген  мақсаты: 
біріншіден,  қазақ  халқына  Крыловты  таныстыру  болса,  екінші  жақтан,  осы 
аударып  отырған  мысалы  қазақ  халқының  тіршілік  пайдасына  асса  екен  деп 
тырысу. 
Біз  бұл  еңбегімізде  Абайдың  аудармаларын  зерттеу  мақсатын  қойған 
жоқпыз. Біздің мақсатымыз - Абайдың орыс классиктерінен не үлгі алғанын, 
кімдердің  шығармаларын  не  мақсатпен  аударғанын  ғана  айту.  Сондықтан 
оның  орыс  әдебиетінен  алған  үлгілері  және  аудармалары  туралы  пікірімізді 
осымен  аяқтап,  қазақтың  классикалық  жазба  әдебиетін  Абайдың  қалай 
бастап, оның негізін қалай қалағанын баяндауға кірісейік. 
Қазақтың  реалистік  жазба  әдебиетінің  негізін  қалаушы  Абайдың  ұлы 
ақындық  еңбегінің  мәнін  ашып  керсету  үшін,  үлгі-өнеге  алған  арналарын 
барынша  мол  және  мүмкін  қадарынша  нақты  баяндауға  ерекше  назар 
аудардық.  Осындай  творчестволық  қуатты  үш  арнадан  нәр  ала  білген 
данышпан  Абайдың  қазақ  әдебиетіне  қосар  үлесі  де,  кейінгі  ұрпаққа 
қалдырған  мұрасы  да,  ол  жасаған  дәстүрдің  құнарлылығы  мен  пәрменділігі 
де оның, ақындық шеберлігін, жаңашылдығын баяндау кезінде әңгіме болып 
отырады. 
Көркем әдебиеттің белгілі бір дәуіріне басшы болу жазушы атаулының 
бәрінің қолынан келе бермейді. Жазушының әр сыңайлы болатындығын - бір 
жазушының  ақылынан  сезімі  күшті  (мәселен,  біздің  Ақан  сері),  «бір  жазу- 
шының сезімінен ақылы күшті (мәселен, біздің Ақмолда), ал бір жазушының 
ақылы да, сезімі де күшті болатындығын естен шығаруға болмайды. 
Бірыңғай сезімге берілген ақын, өмірге сыншы бола алмайды, бірыңғай 
ақылға  берілген  ақын  көркемдік  жағынан  ойсырап  жатуы  мүмкін,  өйткені 
ақындықтың өзі - көркем сезінудің жемісі. Сезіну мен сезінудің арасында да, 
ақылдылық пен ақылдылықтың арасында да айырма көп: сезімнің де ұлысы, 
кішісі бар; ақылдың да ұлысы, кішісі бар. Ақынды қаншама сезімді дегенмен, 
біз оны Абаймен қатар қоя алмаймыз, Ақмолданы ақылды дегенмен, біз оны 
Абаймен  қатар  қоя  алмаймыз.  Абайдың  сезінуі  Ақаннан  өлшеусіз  зор, 
ойлануы  Ақмолдадан  өлшеусіз  зор.  Абай  зор  сезім  мен  зор  ақылдың  басы 
түйіскен жерден шыққандықтан және сол зор сезім мен зор ақылға зор білім 
қосылғандықтан  ғана  қазақ  әдебиетінің  тарихында  жаңа  дәуірді  бастаушы 
боп  отыр.  Егер  онда  зор  сезім  мен  зор  ақыл  болмаса,  Шығыстан,  Европадан 
кітапты көп оқумен Абай бола алмас еді. Кітапты көп оқыған кісінің бәрі зор 
бола берсе, енеден туып есін біле кітаптың арасында өсетін, бастауыш, орта, 
жоғарғы  мектептерді  кезекпен  асықпай  бітіретін,  одан  кейінгі  өмірін  де 
кітаптың  арасында  өткізетін  елдің  барлық  адамдары  да данышпан  болар  еді. 


 
166
Бірақ  өмірде  олай  болмайды.  Жалғыз  кітаптан  ғана  емес,  жалпы  өмірден  де 
өзіне қажетті нәр алу, олардан мән-маңыз табу, өзінің тоқығанын көпшілікке 
ортақ ету шын ма-ғынасындағы ақылды адамның қолынан келеді, ондайларға 
халықтын, қойған аты - данышпан. 
Біздің Абай - ақындығының үстіне, осындай данышпан адам. Азғантай 
ғана  мектептік  білімін  өз  бетімен  үстеп,  жалғыз  қазақтың  ғана  емес, 
марксизмге  шейінгі  барлық  адам  баласының  гуманитарлық  пікірінің  ең 
биігіне шыға алуы да оның осындай қасиетінен. 
Әрбір  ақын  -  данышпан  емес  те,  әрбір  данышпан  -  ақын  емес. 
Данышпан  ақын  сол  уақытта  ғана  бола  алады,  егер  ол  шығармаларын  оқуға 
мүмкіншілігі  бар  ақындардың  бәрін  біліп  алғаннан  кейін,  алдына:  «Менің 
солардан  айырмам  не  болмақ?»  деген  сұрау  қоя  алса,  және  «Мынау  болу 
керек»,-деген үлкен міндетін анықтап алғаннан кейін, сол міндетті іске асыра 
алса. 
«Адамнын,  міндеті  не?»-деген  сұрауға  Абайдың  берер  жауабы:  «Өзің 
үшін  еңбек  қылсаң,  өзі  үшін  оттаған  хайуанның  бірі  боласық;  адамдықтың 
қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың». 
Абайдың еңбегі - жазушылық. Олай болса, оның алдына қойған міндеті 
өзінің  ғана  көңіл  күйін  шертетін  жазушы  болуы  емес,  адамдық  яғни 
қоғамдық  мәселелерді  қозғап,  оны  дәуір  талабының  биік  мұнарасына  көтере 
білетін жазушы болу. 
Қазақтың,  Шығыстың,  орыстың,  орыс  тілі  арқылы  Европаның 
әдебиеттік қазыналарынан білімін толықтыруда көп пайда алған Абай: «Мен 
өзім қайткенде өзге ақындарға ұқсамаймын, қайткенде көптің ойына жетекші 
ақын болам?»- деген міндет қояды да, сол міндеттің шешуін таба да біледі. 
Ең  алдымен,  Абайдың  «ақын  кім?  Оған  ақындық  шабыт  қандай 
жағдайда  келеді?  Шабыты  келген  ақынға  не  істеу  керек?-деген  сұрауға  не 
жауап беретініне тоқтайық. 
Абай,  әрине,  дінге,  тәңірге  сенеді.  Бірақ  оның  бұл  сенуі  құлшылық 
етумен  барабар  емес.  Абайдың  ұғымында,  адамда  тәңірі  «берген»  ақындық 
өнер  болғанмен,  ақындық  шабыт  келмесе  жаза  алмайды.  Бұл  мәселеде  оның 
пікірі  Пушкинмен  үйлеседі.  Егер  Пушкин  «Поэт»  деген  өлеңінде  Аполлон 
жәрдем бергенше, ақын жай ғана күн көргіш адамның бірі деп есептесе. Абай 
да шабыт келуді тәңіріден деп ойлап былай дейді: 
 
Адамнын, кейбір кездері 
Көңілде алаң басылса; 
Тәңірінің берген өнері   
Кек бұлттан ашылса... 
 
Тәңірінің күні жарқырап, 
Ұйқыдан көңіл ашар кез, 
Қуатты ойдан бас құрап, 
Еркеленіп шығар сөз. 


 
167
 
Ақындық  өнерді  бұлт  басқанда  «тәңірі»  ол  бұлтты  серпілтеді  екен  де, 
жарқыраған  күннің  сәулесінен  ақынның  ұйықтаған  шабытын  оятады  екен 
дейік;  сонда  ғана  ақын  «қуатты  ойдан  басын  құраған  сөздерді  іріктеп 
шығара» бастайды екен дейік; сонда ғана: 
 
Сылдырап өңкей келісім 
Тас бұлақтың суындай,- 
 
құйылады  екен  дейік,  мақұлдайық.  Ал  енді  Абайдың  ойынша,  сол  құйылған 
келісімді сөздердің атқаратын міндеті не? 
Жоғарғы «Поэт» деген өлеңінде Пушкиннің бұл сұрауға берер жауабы: 
ақын  сапырылысқан  жұрттың  шуынан  безіп  далаға  қашады  да,  кең 
жайылымды  толқын  мен  мол  сылдырлы  бәйтеректің  қасына  барады.  Ал 
Абайдың берер жауабы: 
 
Сонда ақын белін буынып, 
Алды-артына қаранар, 
Дүние кірін жуынып, 
Көрініп ойға сөз салар. 
 
Қыранша қарап қырымға, 
Мұң мен зарды қолға алар 
Кектеніп надан зұлымға, 
Шиыршық атар, толғанар 

Әділет пен ақылға 
Сынатып көрген-білгенін, 
Білдірер алыс-жақынға 
Солардын, сөйле дегенін. 
 
Сөйткен уақытта: 
 
Ызалы жүрек, долы қол, 
Улы сия, ащы тіл. 
Не жазып кетсе, жайы сол, 
Жек көрсеңдер, өзің біл. 
 
Ашық  пікір,  бойына  біткен  ақындық  өнерін  Абай  «тәңірі»  берген 
қасиет  деп,  ақындық  шабытты  жіберетін  де  «тәңірі»  деп  түсінгенмен,  сол 
шабыт келе қалған күнде діншіл ақындардай: 
 
Әуеле хамді құдайға зікір, сәнә - 
Салауат расулыне айттым жәнә, 


 
168
Бір хамдұ хәтіріме келе қалды, 
Жағыма жәрдем бергіл алла тағала! - 
 
деп тәңіріге мүнәжат қыла жөнелмейді, 
 
 
Бисміллә деп айтылар сөздің басы, 
Бисміллә әр уақытта дін жолдасы, 
Һидаят тәуфиқыны бергей еді, 
Һәр уақыт бәндэсіне бір алласы,- 
 
деп зікір салмайды. 
 
Мүсарриф молда болар дін ағасы, 
Дахида міскіндүр һәм жол баласы, 
Мұддәрис ғалымға бер бай болса да, 
Болса да сом алтыннан босағасы,- 
 
деп,  елді  молдаға  зекет  беруге  шақырмайды.  Абайдың  шабыт  келгенде 
қолына алары - халықтың мұң мен зары; кектенетіні - надан мен залым, «улы 
сиясын» төгетіні де, «өткір тілін» түйрейтіні де сол надандық пен залымдық. 
Сол  надандық  пен  залымдыққа  қарсы  құрал  ғып  жұмсайтын  Абайдың 
«өткір тілі» қандай тіл? 
Тіл  туралы  Абайдан  басқа  қазақ  ақындарының  да  пікір  айтқандары  аз 
емес. Мәселен, Ақмолданың өлеңдерінде: 
 
Иірілген ауыздағы тіл - бір жылан, 
Тебінбесе шақпайды деп қылма гүмән,- 
 
деген, 
Гүл тұрмас гүл қалпында мезгіл қайтса 
Тіл - тікен, сөз харажат таппай айтса,- 
 
деген  жолдар  кездеседі.  Бұл  даө  күшті  айтқан  пікір.  Абайдың  тіл  туралы 
пікірі бұдан да терең. Ол әуелі тілдің, жәрдемімен жасалатын көркемөнердің 
өзге өнерлерден орнын бөліп ап, «Сегіз аяқ» деген өлеңін: 
 
Алыстан сермеп, 
Жүректен тербеп, 
Шымырлап бойға жайылған, 
Қиядан шауып, 
Кисынын тауып, 
Тағыны жетіп қайырған. 
Толғауы тоқсан қызыл тіл, 


 
169
Сөйлеймін десең өзің біл - 
 
деп, тілдің тебіренуін, сол тебіренген тілге өтінішін айтудан бастайды да: 
 
Өткірдің жүзі, 
Кестенің бізі 
Өрнегін сендей сала алмас,- 
 
деп, өезге өнерден сөз өенерін жоғары қояды. 
Тебіренген  тілдің  өсіретін  жемісі  -  сөз.  Адамның  дыбыстардан  құрап 
білдіретін  ойының  бәрі  сөз.  Бірақ  адам  атаулының  бәрі  бір  ұлт  емес,  алуан-
алуан  ұлт.  Әр  ұлттың  тілі  бар.  Ұлттық  тіл  -  сол  ұлттың  тіршілігінің  айнасы 
да, құралы да. Әрбір ұлттың тілі сол ұлттың барлық мүшесіне түсінікті бола 
білсе ғана тіршілігінің айнасы мен құралы болады. 
Тілдің  осындай  маңызы  барын  ұққан  Абай  ұлттық  тілдің,  сол  ұлтқа 
жат, түсініксіз сөздерден таза болуын қатты талап етіп былай дейді: 
 
Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы, 
Ол - ақынның білімсіз бишарасы. 
Айтушы мен тыңдаушы көбі надан, 
Бұл жұрттын, сөз танымас бір парасы. 
 
Абайдын,  «бөтен  сөзбен  былғанса  сөз  арасы»  деген  пікіріне  аздап 
тоқтайық. 
Абайдың  заманында  қазақ  тілі  халыққа  түсініксіз  араб,  парсы 
сөздерімен  өте  шұбарланғанын  біз  жоғарыда  айтқамыз  да,  дәлелдер  де 
келтіргеміз.  Абайдың  шығармаларында  мұндай  шұбарлық  «Алланың  өзі  де 
рас,  сөзі  де  рас»  деген  діни  тақырыпқа  арнаған  бір  ғана  өлеңінде  кездеседі. 
Өзге өлеңдерінде кездесетін ижеттес, уарт, баж, шаһбаз, һәмишә, дәһри деген 
бірен-саран  араб  пен  парсы  сөздері  өлеңнің  мағынасын  ұтуға  ауырлық  та 
келтірмейді, түрін де бұзбайды. 
Өлеңдері түгіл, діни тақырыпқа арнаған «Отыз сегізінші сөзінен» басқа 
Абайдың насихат сездері де таза қазақ тілінде жазылған, қара сөздің мұндай 
таза  тілмен  жазылуы  Абайдың  заманында  өте  сирек  кездеседі.  Мәселен, 
Абаймен  екшелес  өскен  Қаржас  Шорманның  Мұсасының  Садуақас  деген 
баласы  1907  жылы  баспадан  шығарған  «Аушы»  дейтін  кітабына  жазған 
кіріспе сөзін қалай жазғанын көрсете кетуге болады: «Қазақ-қырғыз таиіғасы 
саядлық  етуге  һауасы  болсалар  да,  бағзылары  аушылық  (құсшы)  тариқасын 
камел  ақламаған  жаһаттан,  ақыл  мәртәбә  милләтиһи  хызмет  болмақын  үмид 
уаржа  идәрәқ  бу  қысқа  шарисаланы  төртіп  әйләдік.  Бізден  садыр  олынған 
хата  уа  кемшілікләрні  әһіл  қалам  басаратден  илтимасымыз  қүсу  ғайри  ғафу 
идәрәқ шафқат қаламы илә тәсхих нтмәләрі тамға олынор». 
Жалғыз  кітап  тілі  емес,  кеңсе  тілі  де  ол  кезде  қазаққа  түсініксіз, 
татарша,  арабша  араласқан  сездерден  құралатын.  Мәселен,  1872  жылы 


 
170
жазылған  бір  бұйрықтың  тілі  былай:  «Биборнай  Байғара  Яугашар  ұғлина 
тапшырамын:  бізнің  қол  астымыздағы  қазақ  Сибанбай  дигән  қыз  алыгг 
қашып  кетіп  дүр,  көп  дуния  қазналары  билән,  ақша  алды  дип  айта  дүр, 
Ңұдайберген  Иділ  баласы  бар  дүр.  Қызы  бірлән  икісін  бітірәрсін,  әгәр 
бітмәсә  бізге  иібарарсын,  ат  ялдап  иібарсам  кирәк  даю  поласнай  Тоқай 
Қарауыл ұғли, мөһір бастым». 
Осындай  араб,  парсы,  татар  тілдерімен  шұбарланған  қазақ  тілін  тек 
өлеңдерінде  ғана  емес,  прозасында  да  жат  сөзден  аршу  тілге  аса  жауапты 
қараған Абайдан ғана табылады. 
Қазақ  тілін  шығыстық  жат  сөздерден  осылай  тазалаған  Абай  ол  тілге 
орыс сөздері араласуға қалай қарады? 
Абай заманында қазақ ауылдарының орыс поселкелерімен қоян-қолтық 
араласуы,  базар  арқылы  қазақтың  орыс  қалаларымен  араласуы  қазақтың 
тіліне  де  әсерін  тигізді.  Орыс  өндіретін  заттарды  тіршілігіне  қолданған 
қазақтар  орыстың  «хомутын»  -  «қамыт»  деп,  «дугасын»  -  «доға»  деп, 
«возжасын»- 
«божы» 
деп, 
«чайнигін»-«шәйнек» 
деп, 
«самоварын»-
«самауыр»  деп  өз  сөзі  ғып  алып  кетті.  Осындай  орыстан  кеп  қазақ  сөзі  боп 
кеткендер  қазақта,  әсіресе  солтүстік  жақтағы  қазақтарда  толып  жатыр. 
Қостанай,  Қызылжар,  Кереку  сияқты  жерлердің  қазақтары  орыстан  келген 
заттардың орысша аттарын өз тілінің заңына қарай бұзып айту былай тұрсын, 
«жәшнәй  (ясный)  малымда  не  дауың  бар»,  «бұл  сөзіңнің  піршінін  (причина) 
айтшы,  «сенің  күштілік  айтқаныңды  примит  те  (принимать)  қылмаймын» 
деген сияқты орыс сөздерін бұрып қолданады. 
Орыс  тілін  осылай  орынсыз  қолданудың  әсері  қазақтың  ауыз 
әдебиетіне де тиіп: 
 
Мінгенім дәйім менің мақпал қара. 
Педдисат пет рублей серебыра. 
Көңілім не небидал болса дағы. 
Әй қалқа, қырындамай бермен қара,- 
 
деген  сияқты  өлеңдер  Абай  заманында  аз  шыққан  жоқ.  Бұлай  шұбарлану, 
Абайдың тұсында жазба әдебиетке де араласа бастады. Мәселен, 1892 жылы 
Николай  II  наследник  кезінде  саяхаттап  Омбыға  келгенде,  қазақтың  билері, 
әкімдері,  байлары  оны  құрметпен  қарсы  алған.  Сонда  Ақан  серінің 
Николайға арнап жазған және оған айтып берген өлеңі: 
 
Бірінші здраю желаю, великий кнәз, 
Алтын тақ отырғаның, баста алтын тәж. 
Государь император, сені көріп, 
Подданной мына халқың болып тұр мәз. 
 
Тақсыр-ау, қисық емес мақұлыңмын, 
Едино родной жақыныңмын, 


 
171
Төре ояз саған песня пейт қыл деді, 
Солардың выбраннай ақынымын, - 
 
деген сөздерден құралады. 
Негізінде  орыс  әдебиетіне  арқа  сүйеп,  содан  үлгі  алған  Абай  қазақ 
әдебиетінің  халыққа  ұғымсыз  осындай  сөздермен  шұбарлануына  қалай 
қарады? Және өз шығармаларында орыс сөздерін қолданды ма? 
Араб пен парсы сөздерін там-тұмдап шығармаларында қолданғанындай 
Абай  орыс  сөздерінен  де  аздап  алмай  қоймайды.  Бірақ  ол  орыс  сөздерін 
кейбір  ақындардай  мақсатсыз  я  қисынсыз  әдемілік  үшін  алмай,  орынды, 
қажетті жерде алады. Заманның тұрақсыз, бұзық мінезін сынағанда ол: 
 
Мәліш сауда секілді күлкі сатып, 
Алса қоймас, араны тағы тоймас, 
 
деп,  орыстың  «мелоч»  деген  сөзін  «мәліш»  деп  ап,  арын  сатқандарды  ұсақ 
саудагерлерге  бейнелейді.  Зорлықшыл  жемқор  болысты  сипаттап,  оның 
қылмыстарын бетіне басқанда Абай оның аузына «каталашке көбейді» деген 
сөзді  caп,  абақтымен  үрейлендіреді.  Тамақ  аңдып,  ел  қыдырып  ас  берген 
байлардың  үрген  иті  болатын  пысықтарға  Абай  орыстың  «шерміш» 
(«шермач»-қалтаға  түсетін  ұсақ  ұры)  деген  атын  қояды.  Орысша  оқыған 
кейбір  қазақ  жастары  қаламын  сатып,  арыз  жазумен  шұғылданса, 
«прошение»  (арыз)  жазуға  тырысасың  деп  сөгеді.  Жылтырауыққа  құмар 
оқығандарға  «военный  қызмет  іздеме»  деген  ақыл  айтады.  Шен  құмар 
оқығандарды сөккенде, ол: 
 
Ақылы кімнің бар болса, 
Демес мұны тілі ащы. 
Айтыңызшы болсаңыз Здравомыслящий,- 
 
деп,  толқындап  келе  жатқан  ойына  дәл  кеп  қалғанда,  орыс  сөйлемін  сол 
қалпында  алып  жібереді.  Оқыған  қазақ  жастарына  айтқан  ақылында 
«занимайся  прямотой»,-  деп  ғылымды  іздеп  табуға,  сол  ізденіп  тапқан 
ғылыммен «кореннойға кіруге» шақырады. 
Абайдың  орыс  сөздерін  өз  шығармаларында  қолдануы  өте  аз  және  ол 
осы аз қолданатын орыс сөздерінің көбін «Интернатта оқып жүр» деген, орыс 
школасында  оқитын  қазақ  жастарына  арнаған  өлеңінде  қолданады.  Өзге 
өлеңдерінде  «көгалды  қуып  гөләйттап»  (гулять  деген  сезден)  деген  сияқты, 
қазақшыланып кеткен бірен-саран сөздерді ғана алады. 
Абай тұсында шағатай әдебиетінен қазақ әдебиетіне кipген: 
 
Қыпшақ іші, Қарабалық- қарағызлар, 
Зарына Ақмолданын, қараңызлар, 
Мені устап бердіңіз дұшманларға 


 
172
Баршамыз тәңірі алдына барамызлар,- 
 
деген  сияқты  «дар»  жалғауының  орнына  «лар»  жалғауын  қолдану  я 
«барамызлар»  деген  сияқты  қазақта  қолданбайтын  етістік  түрін  қолдану 
болса, 
 
Ат дүр ердін, жолдасы, 
Ол дүр дәулеттін, басы,- 
 
деген 
ескі 
түріктін, 
«дүр» 
қосымшасын 
қолдану 
болса; 
немесе 
«жазамынның»  орнына  «язамын»  деп  татаршалау  болса,  Абай  бұлардың 
бәрінен  де  аулақ.  Оның  барлық  өлеңдерінде  екі  жерде  ғана  «езе  дүр»,  «сезе 
дүр»  деген  екі  «дүр»  кездеседі.  Қазақтын,  «ж»  дыбысының  орнына  «и» 
қолдану,  немесе  «дар»-дың  орнына  «лар»  қолдану  Абайдың  насихат 
сөздерінде  ғана  бірен-саран  кездесіп,  елеңдерінде  кездеспейді.  «Түркіше» 
аталатын  хат  жазу  әдісінде  қолданылатын  «үшбуды»  Абай  «Татьянаның 
Онегинге қайтарған жауабы» деген өлеңінде бір-ақ рет қолданады. 
Қорытып алғанда, «мақсатым тіл ұстартып, енер шашпақ» деген тезисті 
қолданатын Абайдың бастарын құрап өлең болатын сөздерге қоятын шарты - 
белгілі  бір  ұлттың  тілінде  жазылатын  шығарманың  халыққа  ұғымсыз  бөтен 
сөздермен шұбарланбауы. 
Хош,  Абайдан  ақыл  күткен  ақындар,  оның  «өлеңді  бөтен  сөзбен 
шұбарлама»  деген  ақылын  тыңдасын  дейік;  сонда  Абайша,  ұғымды  сөзден 
құрастырылған өлеңнің бәрі өлең бола бере ме? 
Әрине, жоқ. 
Абайдың ұсынатыны:  халыққа түсінікті екен деп, сөз атаулының бәрін 
өлеңге тықпалай беру емес, өлеңді «қуаты күшті түрлі сөздерден» құрастыра 
білу. Сондықтан оның өлеңге қояр шарты: 
 
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы, 
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, 
Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы. 
 
Мұндай өлеңді жазу ақын атаулының қолынан келе бермейді. Абайдың 
өзі сияқты зор ақынның ғана қолынан киледі. Соны білген Абайдың айтары: 
 
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы, 
Сонда да солардың бар таңдамасы, 
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын, 
Қазақтың келістірер қай баласы. 
 
Абай  -  өз  өлеңдерінің  «ішін  алтын,  сыртын  күміс»  қылуға  тырысқан 
кісі және осы мақсатына жеткен де кісі. 


 
173
Абай  жасауға  тырысқан  және  жасаған  өлеңнін,  «қуаты  күшті  түрлі 
сөздері» қандай сөздер? 
Шын мағынасындағы қазақтың жазба әдебиетінің Абайдың өзі жасады 
да,  осы  өзі  жасаған  әдебиетті  Европаның  орыстың  көркем  әдебиетінің 
дәрежесіне  жеткізді,  себебі:  ол  Байронша,  Гетеше,  Пушкинше  көркем  ойлай 
білді, яғни тұрмыста, әдетте бар қазақтың сөздерін орынды көркем құрастыра 
білді. 
Осы  арада,  Абайдың  сөзді  қалай  пайдалануына  біраз  тоқтайық.  Оның 
орыстан, Шығыстан аздап алған сөздері туралы пікірімізді жоғарыда айттық. 
Бұл арада айтқалы отырғанымыз - қазақ сөздерін оның шығармаларына қалай 
пайдалануы жайында. 
Абай  шығармаларының  тілі  -  Абай  жасаған  дәуірдегі  қазақ  елінің 
тұрмысында,  әдетінде  сейлеп  жүрген  тілі.  Сол  кездің  кәрі,  жасына,  оқыған, 
оқымағанына түсініксіз тіл Абайда жоқ. 
Қазақтың  сөз  байлығын  шығармасында  кең  қолданатын  Абай  қазақ 
тілінің  заңына  сүйене  отырып  кейде  өз  жанынан  да  сө  жасайды.  Мәселен, 
«із» деген зат есімнің аяғына «деу» деген жұрнақ қосса «іздеу» боп етістікке 
айналып  кетеді,  мағынасы  -  ізімен  қуу.  Халықтың  айтуында  «із»  атауының 
осыдан басқа етістікке айналатын түрі жоқ. Абай: 
 
Ақыл іздеп, ізерлеп, 
Бәрін сынап сандалған,- 
 
деп  осы  «із»  дегеннен  «іздеу»  етістігінен  басқа  «ізерлеу»  деген  екінші  түрлі 
етістік  жасайды.  Бұ  -  халық  тілінде  жоқ,  Абай  жасаған  етістік.  Крыловтың 
есек пен бұлбұл» деген өлеңін аударғанда Абай: 
 
Тойған есек шөпті оттап маңайдағы, 
Сонырқап шатқа кетті қай-қайдағы,- 
 
деп  бастайды.  Осы  өлеңдегі  «сонырқаптың»  түбірі-«соны»  деген  зат  есім. 
«Іздің»-«іздеу»  болуы,  «ақтың»-  «ақтау»  болуы,  «жоқтың»-«жоқтау», 
«бастың»-  бастау»  болуы,  «ықтың»-«ықтау  болуы  сияқты,  «соны»  сөзінің  де 
«сонылау» болуы қазақ тіліне заңды. Бізге бұл арада қажеті «соны» деген зат 
есімнің  аяғына  «лау»  жұрнағы  қосылып  «сонылау»  боп  етістікке  айналуы 
емес, осы «соныдан» Абайдың халық тілінде айтылмайтын «сонырқау» деген 
жаңа  етістік  жасап  алуы.  Қазақтың  «сонарлау»  деген  етістігіне  негіз  болған 
зат  есім  -«сонардың»  тегі  де  «соныдан»  шыққан  болу  керек.  Бірақ  халық 
тілінде  «сонылау»,  «сонарлау»  бар  да,  «сонырқау»  жоқ,  «соныға»  «-рқау» 
жұрнағын  жалғап,  етістік  жасап  отырған  Абай  ғана.  Бірақ  бұлай  жаңадан 
етістік  жасау,  қазақ  тілінің  заңына  қайшы  емес,  «-рқау»  жұрнағы  қазақ 
тілінде  бар:  «таң»-«таңырқау»,  «жат»-«жатырқау»,  «ес»-«есіркеу»,  «шөл»-
«шәліркеу», «жабы»-«жабырқау», олай болса, «соныдан» «сонырқау» шығуы 


 
174
қазақ  тілінің  заңына  қайшы  емес.  Сол  сияқты,  «ізден»  «ізерлеу»  жасау  да 
қазақ тіліне жат емес. Қазақта «-рлеу» жұрнағы да бар: «тізе»- «тізер- леу». 
Қазақ  тілінің  заңына  сүйене  отыра,  осылай  жаңа  сөздер  жасап  алу 
Абайда  әр  жерде  кездеседі.  Мәселен,  «ырық»  деген  зат  есім  халық  тілінде 
етістікке айналмайтын, тек жалғаумен ғана ырқы, ырқының, ырқына, ырқын 
деген сияқты түрін езгертетін сөз. Абай «ырық» арқылы: 
 
«Түзу бол» деген кісіге, 
Түзу келмес ырықтап,- 
 
деп  «ырықтау»  етістігін  жасап  алады.  Бұл  етістік  Абайға  шейінгі  қазақ 
тілінде  жоқ.  Сол  сияқты,  қазақта  етістіктің  «құбылудан»  шыққан  -«құбыл» 
деген бұйрық райы бар да, «құбыл» деген зат есім жоқ. Абай: 
 
Құбылға бәрі керек қой, 
Бәрі жайсыз тоқтауға, - 
 
деп  «құбыл»  деген  сөзді  зат  есім  мағынасында  алады.  Бұл  да  қазақ  тілінде 
Абай жасаған жаңалық. 
Бірақ  осы  жаңалықтардың  бәрі  алғаш  көргенде  «бұнысы  қалай?»  деп 
таңдандырғанмен,  ақылға  сыймайтын  я  тілді  бұзатын  жаңалық  емес,  тілді 
өркендететін жаңалық, оқушыға түсінікті жаңалық. 
Қазақ тілінің заңына сүйене отыра, Абайдың жасаған жаңалығы осылар 
сияқты болса, қазақта бар-жоғын біз білмейтін: «сыпыра батыр, сым қырбат» 
дегендегі «қырбат», «шардақ шау» дегендегі «шардақ» сияқты сөздер Абайда 
әр  жерде  ұшырасып  отырады.  Бірақ  біз  «шардаққа»  түсінбегенмен  «шауға» 
түсінеміз,  ол  -  семіз  боп  ұша  алмай  қалған  бүркіт,  ал  «арын-алқынға»  да 
түсінбейміз.  Осы:  «қырбат»,  «шардақ»,  «арын-алқын»  дегендер  Абайдың 
шығармаларынан елеулі орын алатын: «кенде», «кан» «күс» сияқты қазақтың 
ескі  сөздері  ме,  болмаса  Абайдың  өзі  жасап  алған  сөздер  ме,  ол  арасын  тіл 
ғалымдарына тапсырдық. 
Абай  жасаған  замандағы  көшпелі  ауылдың  тұрмысынан  алынған,  ол 
кездің  қазақтарына  түсінікті,  қазіргі  қоныстанған  ауылдың  көшпелі 
тұрмысты  көрмеген  жастарына  түсініксіз  сөздерге  тоқталмаймыз.  Ондай 
сөздерді санаса көбейіп кетеді. Жалғыз «Аттың сыны» деген өлеңінің өзінде 
ғана  аттың  әрбір  мүшелеріне  қазақ  қойған  есімдерді  Абайдың  қалай 
пайдаланғаны оқушыға аян. 
Абайдың  сөздік  қорын  зерттеу-әрбір  ескі  я  жаңа  сөздердің  тамырын 
қазу біздің міндет емес, тіл ғалымдарынық міндеті. 
Абай  өзінің  шығармаларында  қазақ  тілінің  лексикалық  байлығын  кең 
қолданады.  Ол  қазақтың  мақал-мәтелдерін  пайдаланумен  қатар,  көшпелі 
ауылдың салтына байланысты сөздерге де еркін шүйгіп кетеді. Мал өсірумен 
ғана шұғылданатын қазақтық ескі аулында адамның бейнесін малға теңестіру 
арқылы көрсету қазақ поэзиясында кең орын алады. Қазақ тілінің байлығына 


 
175
сүйенген  Абай  да  осындай  теңеулерді  көп  қолданады.  Бірнеше  мысал 
алайық. Айнымалы досты сипаттағанда Абай: 
Үш күн арқаң босаса, 
Бола қалдың бас асау,- 
 
деп,  еркіне  жібергенде  ұстатпай,  ұстатса  жүгендетпей,  асаусып  қалатын, 
мінезі шәлкес жылқыға теңейді. 
Бұзық  мінезді  адамдардың  қылмысы  ашылып,  билердің  тергеуіне 
түсуін Абай: 
 
Алқыны күшті асаулар, 
Ноқтаға басы керілді,- 
 
деп,  үйретуге  ұстап  ноқталанған  асау  жылқыға  ұқсатады.  Мақтаншақ,  мал 
құмар,  сұраншы  ақынның  жасық  сөздерін  таңсық  көріп,  анталап  айғайына 
жинаған дырдушыл адамдарды Абай: 
 
Қаңқылдап біреу ән салса, 
Біріне-бірі жуықтап, 
Тебінісіп қамалар, 
Тоқтатып болмас сырықтап, 
 
деп, жаздың ыстығында бүгелектен қашып, киіз үйді басып кете  жаздайтын, 
сырықтап қуғанды тыңдамайтын жылқыларға салыстырады. 
 
«Түзу бол» деген кісіге, 
Түзу келмес ырықтап, 
Сырдан, тартып қашады, 
Ұстайсың қалай құрықтап? - 
 
деп,  пайдалы  сөзді  тыңдамайтындарды  қуып  жетіп  құрық  салғанда 
ұстатпайтын қашаған жылқыға меңзейді. Елдің кемшілік салттарын көргенде 
Абай: 
 
Қайрылып қарап байқасам, 
Ат шаба алмас мінімнен,- 
 
деп, елдің мінін жылқы шаба алмайтын кедір-бұдырлы жерге теңейді. Еңбек 
етпей,  ел  қыдырып,  байлардың  асына  телміретін  еріншектерді  Абай  «ит 
көрген  ешкі  кезденіп»  деп  сипаттайды;  дау,  жанжал  баққан,  пәле  іздеген 
соқтығымпаз  адамдарды  «сиырша  өреге  сүйкенер»  деп  сөгеді;  ел  ішіндегі 
қиянатты түзей алмаған кезде Абай өзін: 
 
Жетім қозы тас бауыр 


 
176
Түңілер де отығар,- 
 
деп жетім қозыға теңейді. Қартайып өмірден қажыған шағында ол өзіне: 
 
Боталы түйе сияқты, 
Қорадан шықпай өлдің бе? - 
 
деген сұрау береді. 
 
Адасқан күшік сияқты, 
Ұлып жұртқа қайтқан ой. 
Өкінді, жолың бекінді 
Әуре болма, енді қой! - 
 
деп,  шаршаған  ойын,  көштен  адасып  қап,  ел  көшкен  жұртқа  барып  ұлыған 
күшікке салыстырады. 
 
Күшік асырап ит еттім, 
Ол балтырымды қанатты. 
Біреуге мылтық үйреттім, 
Ол мерген болды, мені атты,- 
 
деген өлеңдегі теңеулерді де Абай қазақ тұрмысындағы адеттен алады. 
 
Лай суға май бітпес қой өткенге, 
Кулеміз қасқыр жалап, дәме еткенге, 
Сол қасқырша алақтап түк таппадым, 
Көңілдің жайлауынан ел кеткен бе? - 
 
деген  өлең  де  көшпелі  тұрмысқа  байланысты  бейнелермен  жазылған: 
күздікке  қонғаннан  кейін  жүнін  қырқатын  қойларды  жайлаудан  көшетін  ел 
суға  тоғытып  (шомылдырып)  кетеді,  сол  суға  аш  қасқыр  кездессе,  жүнінің 
шайырының  дәмі  қалған  суды  жүрегін  жалғамақ  боп  жалайды.  Халықты 
жақсылыққа бастау туралы басына келген ойдан түк шықпаған өз халін Абай 
сол ашыққан қасқырға теңейді. 
Сыр  сақтай  алмайтын,  жауға  сыр  шашатын  өсекшіл,  жаман  достың 
қылығын сипаттағанда Абай: 
 
Ашып берер жауына, 
Өзі көрген қоймасын,- 
 
деп жайлауға көшерде, кейбір алып жүруге мүмкіндігі жоқ асыл бұйымдарын 
қазақтың  қоймаға  жасырып  кетуіне,  арам  көңілді  біреу  сол  қойманы  өзі 
жасырып, артынан ұрыларға қосылып бірге ұрласуына ұқсатады. 


 
177
Қазақ  аулында  аңшылық,  әсіресе  құс  салу  басым  болтан,  Абай  осы 
аңшылықтан  туған  теңеулерді  де  көп  қолданады.  Ол  жігітке  ғашық  болған 
қыздың аузына: 
 
Біз - қырғауыл, сіз - тұйғын 
Тояттай бер кел де алып! - 
 
деген сөз салады. 
 
Рас сөзге таласып, 
Ақ жем болма, жаным кел!- 
 
дегендегі  «ақ  жемі»  тура  мағынасында  -  қайыру  кезіндегі  бүркіттің, 
қаршығаның  азығы.  Қазақ  бүркітті  семіртпей  аңға  жарау  күйінде  салады, 
өйтпесе ол аң алмайды. «Жарату» - тамақ бермеу емес, тамақ бермесе бүркіт 
ұша алмайды. Сондықтан аңшылар оған етті суға caп, қанын таратып береді. 
Мұндай  ет  бүркітті  семіртпейді.  Бүркіттің  осындай  азығын  қазақ  «ақ  жем» 
дейді. «Ақ жем» болған бүркіт шаттанымпаз, аңға түсімпаз болады.  
Бүркіт асқа қомағай келеді. Абай жемқор молдаларды: 
 
Мал құмар көңілі бек соқыр, 
Бүркіттен кем бе жем жесі,- 
 
деп, қомағай бүркітке теңейді. Осы сияқты қазақтың мал- шылық, аңшылық, 
көшпелі тұрмысымен байланысты те- ңеулер Абайда көп-ақ. Осы теңеулерді 
Абай ауыз сөздегі ауыз әдебиеттегі мағынасында емес, тереңдете, салмақтан- 
дыра алады. Абайдың қолдануында қазақтың әрбір жеке сезі, бұрын айтылып 
жүрген мағынасынан әлдеқайда өсіп, күшейіп кетеді. 
Теңеу,  салыстыру,  әсірелеу  сияқты  әдебиетке  көрік  беретін  әдісті 
шығармаларында  мол  қолданатын  және  осылардың  бәрін  қазақтың  төл 
сөздерінен  табатын  Абай  орыс  әдебиетіне  де  қарызданбай  қоймайды. 
Мәселен:  «Бұраң  бел,  бойы  сұлу,  кішкене  аяқ»,  деп  әйелді  сипаттағандағы 
«кішкене  аяқты»  Абай  тура  Лермонтовтан  алған.  Лермонтов  «Счастливый 
миг» деген өлеңінде: 
Вот и мальенкая ножка, 
Вот и круглый стан,- 
 
дейді.  «Вадим»  деген  әңгімесінде  Лермонтов  өзінің  героинясы  Ольганың 
аяғын былай сипаттайды: «Оның кішкене аяғы, әйелден жан ләззатын алғысы 
келетін  жастарға,  кейбір  кезде,  құпия  сұлулықты  елестететін  еді...  Егер 
тақырыбымнан  шығып  кетуден  қорықпасам,  мен  сіздерге  кішкене  аяқтың 
басқа бір маңызын да әңгіме қылар ем». 
«Евгений Онегинде» аяқты Пушкин де жыр қылады. Орыс әдебиетінде 
ұшырасып отыратын, әйелдің аяғын осылай сипаттау Абайдан бұрынғы қазақ 


 
178
әдебиетінде  жоқ.  Бұл  теңеуді  Абай  орыс  әдебиетінен  алып  отыр.  Осындай 
орыстан алған теңеулер Абайда әр жерде ұшырасады. 
Адамның  харекетін,  мінезін  табиғат  құбылысына  теңеу  Абайға  дейінгі 
қазақ поэзиясында да бар. Бірақ бұл теңеулер: 
 
Қара жерге қар жауар, 
Қарды көр де, етім көр,- 
 
деген сияқты, 
Сүмбіленің бұлтындай 
Сөзім жиі жаңбырдан,- 
 
деген сияқты, 
 
Баянауыл басынан бұлт кетпес 
Қиядағы түлкіге құсым жетпес, - 
 
дсген сияқты, 
 
Өй, қалқа, біздің көңіл қайда жатыр, 
Толқыған он бесінші айда жатыр,- 
 
деген  сияқты,  табиғат  көрінісі  көзге  қалай  ұшыраса  солай  айтыла  салынса, 
Абайдың  табиғатқа  суретшінін,  көзімен  қарауы,  табиғат  көркемдігінің 
бояуларын  ажарлы  көрсете  білуі  езіне  шейінгі  қазақ  поэзиясынан  өлшеусіз 
терең. Оның: 
 
Жас теректің жапырағы ? 
Камырайды соқса жел,- 
 
деген  өлеңінде  қиянаттың  ызасынан  дірілдеген  жүрегін  жел  соққанда 
сілкінетін жас теректің жапырағына теңеуі, қиянатшылдарға: 
 
Балы тамған жас қамыс, 
Ормасаңшы көктейін,- 
 
деп  жалынуы,  жасы  қартайып,  үмітінен  түңілген  кезде  «жапырағы  қуарған 
ескі  үмітпен»  деуі,  өткен  дәуірді  шолғанда,  «көп  жылдар  көп  күнді  айдап 
келе жатыр» деуі Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясында жоқ. 
Абайдың  адам  өмірін  табиғат  құбылысымен  былайша  салыстыра 
өлшеуі Абайдан бұрынғы қазақ поэзиясында болмаған. 
 
Қарашада өмір тұр, 
Тоқтатсаң, тоқсан көнер ме? 


 
179
Арттағы майда көңіл жүр, 
Жалынсаң қайтып келер ме? 
Майдағы жұрттың іші - қар, 
Бәйшешек қарға өнер ме? 
Ішінде кімнің оты бар, 
Қар жауса да сөнер ме? 
 
Абай  табиғат  еміріне  адам  өмірін  салыстырып  қана  қоймайды,  сол 
табиғатпен адамша сырласады. 
 
Көлеңке басын ұзартып, 
Алысты көзден жасырса, 
Күнді уақыт қызартып, 
Көкжиектен асырса, - 
Күңгірт көңілім сырласар, 
Сұрғылт тартқан бейуаққа, 
Төмен қарап мұңдасар,  
Ой жіберіп әр жаққа. 
Өткен өмір - қу соқпақ, 
Қыдырады талайды. 
 
Кім алдады, кім тақпақ 
Салды, соны санайды. 
Нені тапсаң, оны тап, 
Жарамайды керекке, 
Өңкей уды жиып ап, 
Себеді сорлы жүрекке. 
 
Әрі философия, әрі картина, әрі сыр!.. 
Абайдың  табиғатты  сипаттаған  өлеңдерін  оқығанда,  Пушкиннін, 
табиғатты  сипаттауы  туралы  айтқан  Белинскийдің  мына  екі  пікірі  еске 
түседі: 
«Пушкин  табиғатты  дәл  және  тірі  қалпында  көреді,  бірақ  жасырын 
тіліне  терең  сүңгімейді.  Сол  себепті  ол  оны  суреттейді  де,  ол  туралы 
ойламайды..  Егер  бұл  жөнде  оны  Европа  ақындарының  біреуіне  салыстыру 
керек  болса  өзгесінен  гөрі  Гётеге  ұқсаңқырар  еді.  Адамнын,  сезімін  оятып, 
өркендетуде,  ол  Гётеден  озыңқырап  та  түседі.  Бір  жағынан  қарағанда,  бұл 
оның  артықшылығына,  одан  гөрі  суретшілдікке  молырақ  бой  ұруына  кепіл 
болса, осы мәселеде Гётенің Пушкиннен өлшеусіз озықтығына кепіл болатын 
екінші жағы да бар. Неге десең, Гёте - мыңғырып тұрған ақыл. Ол табиғатты 
суреттеп  қана  қоймайды,  оған  бойына  сақтаған  барлық  жасырын  сырын  да 
айтқызады. Гётенің табиғатты тәңірге айналдырып жіберуі де осыдан, себебі: 
 
Барлық жұлдыз ол үшін ашқан кітап, 


 
180
Барлық толқын онымен сөйлеседі. 
 
Гётеге табиғат - идеяның беті ашық кітабы; ал Пушкин үшін - сипаттап 
жеткізе алмайтын, тілсіз тамаша картина» (1560 бет). 
Біздің Абайдың табиғатқа үңілуі Гётеге емес, Пушкинге ұқсайды. 
«Орыстың  мінезін  суреттесе  де,  табиғатын  суреттесе  де,  Пушкиннің 
поэзиясы орыстың тұрмысымен дәл түседі... Орыстың жазынан қысы жақсы. 
Біздің  қыс  кәдімгі  қыс  сияқты,  жазымыздың  жазға  ұқсастығы,  бояумен 
салған орманның шын орманға ұқсастығындай. Осыны бірінші рет ұққан да, 
бірінші көрсеткен де Пушкин» (1543 бет). 
Біздің  Абай  да  сондай.  Өзге  жердің  емес,  қазақ  жерінің,  әсіресе  Арқа 
аталатын  жердің,  көктемін,  жазын,  күзін,  қысын  өзінің  дәл  бейнесіндей  ғып 
қазақ  әдебиетінде  бірінші  сипаттаған  ақын  -  Абай.  Жылдың  төрт  мезгілі 
қазақтың  ұлттық  тұрмысының  салтына  қаншалық  әсерін  тигізуін  де  бірінші 
рет  баяндаған  Абай.  Оның  «Жаз»  деген  елеңінен  ІІІыңғыс  тауының 
желкесіндегі  бұйратты,  селеулі,  сағымды,  самалды,  шалғыны  қалың  өзенді 
кең  даланың  қоңыр  салқын  мөлдір  таза  ауасының  исі  аңқып  тұрады.  Жазғы 
жайлау  көшпелі  ауылдың  курорты  сияқты  болғаны  рас.  Осы  курортты  Абай 
суреттегенде, 
бояумен 
сурет 
салатын 
ірі 
суретшілердің, 
тамаша 
картинасынан  кем  түсірмейді.  Ескі  ауылдың  рақаты  неде  еді?  деген  сұрауға 
Абайдың «Жаз» атты өлеңінен артық және көркем жауап берген ешкім жоқ. 
Көшпелі ауыл үшін жаз жақсы болғанмен, күз жақсы смес. Сондықтан 
«Күз»  деген  өлеңінде  күздігүні  жалаңаштанған  табиғатпен,  жабырқаңқы 
кескінге  түскен  қазақ  аулымен  Абайдың,  жыры  да  жабырқаңқы  тартады. 
«Күзде»  Абай  «Жаздағы»  шалқыған  шат  сезімнен  айрылып,  күздей 
томсарған сезімге беріледі. 
Абай  «Кәрі  құда»  деп  атаған  қыс  келгенде,  оның  бурадай  бұрқанған 
бораны  «алты  қанат  ақ  үйді  шайқағанда»,  отынсыз,  жыртық  қара  үйде 
отырғандар  түгіл,  отын  мен  тамағы  мол  бүтін  ақ  үйде  отырғандардың  да 
мазасы  болмайтынын  Абай  «Қыс»  деген  өлеңінде  ғажап  бейнемен  береді. 
Қыстыгүні  қыспақта  өмір  кешкен  көшпелі  қазақ  аулының  тіршілігіндегі  бар 
рақаты - аңшылық. Ата-бабасынан бері қарай қыстыгүні бүркіт салуды кәсіп 
еткен  қазақ  елінің  бұл  саятшылығын  сол  ауылда  өсіп,  бүркітке  аң  алдыруға 
жасынан  көзі  қанған  Абай  сияқты  ақын  болмаса,  өзге  ақын  Абайдың  «Қан 
сонарда  бүркітші  шығады  аңға»  деген  өлеңіндегі  тамаша  керкем  картинаны 
еш  уақытта  жасай  алмас  еді.  Бұл  тамаша  картинаны  өлеңде  Абай  қазақ 
болғандығынан  ғана  жасай  алып  отырған  жоқ,  қазақтығының  үстіне,  ірі 
суретші,  данышпан  ақын  болғандығынан  жасап  отыр.  Аңшылықты 
көргенмен, өздері де аңшылықпен шұғылданғанымен, Абайға шейін де, Абай 
тұсында  да,  одан  кейін  де  қазақтың  ешбір  ақыны  мұндай  көркем  картина 
жасап көрген емес. Аңшылықтың бұл түрін қазақ сияқты бүркіт салған елдің 
ақыны  болмаса,  солардын,  ішінде  бүркітті  өзі  салған  ақындар  болмаса,  өзге 
ақын жаза алмайтыны Абайдың: 
 


 
181
Ұқпассың, үстірт қарап бұлғақтасаң, 
Суретін көре алмассың, көп бақпасаң, 
Көлеңкесі түседі көкейіңе, 
Әр сөзін бір ойланып, салмақтасаң. 
Мұны оқыса, жігіттер, аңшы оқысын, 
Біле алмассың, құс салып дәм татпасаң,- 
 
деген сезінен керінеді. 
Аңшылығы  қызық,  басқа  жағы  көңілсіз,  қазақтың  қысқы  тұрмысында, 
аңнан  қайтып  ауылға  келе  киіз  үйде  тоңып  отырғандармен  бірге  тоңып, 
тебіндегі  мал  жұтар  деп  қысылғандармен  бірге  қысылып,  «Қыс»  деген 
өлеңінен  үскірік  аяздың  сықыры  естілетін  Абайдың  көңілі  «Жазғытұры» 
деген өлеңінде ғана жадырайды. Себебі: 
 
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы, 
Масатыдай құлпырар жердің жүзі, 
Жан-жануар, адамзат анталаса, 
Ата-анадай елжірер күннің көзі. 
 
Жылдың  мезгілдерін,  табиғат  құбылысының,  табиғат  көрінісінің  бай 
картинасын  суреттеу,  сипаттау  Абайға  Шейінгі  қазақ  әдебиетінде  Ыбырай 
Алтынсариннің  «Жаз»,  «Жаз  шыққанда»  деген  екі  өлеңінде  ғана  беріледі. 
Одан басқа ақындар жыл мезгілін Абай сияқты арнайы тақырып етіп ап, оған 
арнаулы  шығарма  жазған  емес.  «Күз»,  «Қыс»,  «Қан  сонарда...»  деген 
тақырыпқа  қазақ  әдебиетінде  бірін-  ші  рет  арнаулы  шығарма  жазған  ақын  - 
Абай ғана. Абайға шейінгі қазақ әдебиетінде кездесетін: 
 
Орай да борай қар жауса, 
Қалықға боран борар ма? 
Қаптай соққан боранда Қаптама киген тоңар ма? - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет