Microsoft Word абай қҰнанбаев 1



Pdf көрінісі
бет9/15
Дата10.06.2020
өлшемі1,7 Mb.
#72974
түріМонография
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15
Байланысты:
abai kunanbayev1 (1)
Вариант 2 ЛД 117-1, Фармакология экзамен 2 вариант, Nursaule Rau - Іш жарығы, Вби жасанды берілу жолын к рсеті і, фарма тест былтыр, Психология пəнінен тест жауаптары
(Махамбет) 
Бір қызық ит жүгіртіп, аң ауласа, 
Мінген ат шабуылмен танауласа,- 
(Үкілі Ыбырай) 
 
деген  сияқты  өлеңдер,  Ағайдай  табиғатқа  жан  беретін,  Табиғаттың 
көркемдігін  терең,  мол  қамтитын,  табиғатпен  сырласатын  өлеңдер  емес, 
табиғат  бейнесін  көңілмен  көретін,  жүрекпен  көретін  өлеңдер  емес,  көзбен 
ғана көретін өлеңдер. 
Табиғат  лирикасы  әдебиетте  Абай  ашқан  жаңалық  емес.  Бұл  -  оның 
Европа  әдебиетінен  алған  үлгісі.  Бірақ  Европадан  үлгі  алған  Абай  бұл 
мәселеде Европа ақындарының көлеңкесі боп қалмайды; Европаның әр елінің  
ақындары  өз  елінің  табиғатының  өзге  елдердің  табиғатынан  өзгешелігін 
керсете  білуі  сияқты,  Абайдың  сипаттайтын  табиғаты  да  өзге  елдікі  емес, 


 
182
қазақтың  табиғаты.  Европадағы  әр  елдің  ақыны  өз  елінін,  табиғатын  сол 
елдін, өміріне байланыстыра суреттесе, Абай да қазақ табиғатын 
Қазақ  өміріне  тығыз  байланыстырады.  Сондықтан  жалпы  тақырыбы 
қабысқаны болмаса, Абайдың табиғат бейнесін сипаттауы еш Европа елінің я 
басқа  ел  ақындарының  сипаттауына  үйлеспейді.  Абай  табиғатты  ұлт  ақыны 
боп,  қазақ  ақыны  боп,  қазақтың  бейнелеп  сөйлеу  әдісімен,  қазаққа  үғымды 
бояумен суреттейді. 
Жалғыз табиғат сипаты емес, адамның мінезін сипаттауда да Абайдың 
қазақ ақыны екендігі үнемі айқын көрініп отырады. 
Адамның мінезін ақтаруда, сыртқы бейнесін көрсетуде Абайдың аса ірі 
суретші екенін біз оның осы еңбекте мысалға алған барлық шығармаларынан 
да көріп келеміз. 
Рас,  Абай  сюжетті  поэмалар  жазған  кісі  емес.  Оның  «Ескендір», 
«Масғұт»  дейтін  поэмалары  -  Европа  үлгісіндегі  поэмалар  емес,  Шығыс 
хикаялары сияқты дүние. 
Бірақ  күрделі  оқиғаға  құрылған  поэмалар  жазбағанмен,  Абайдың 
барлық  шығармаларын  тұтас  алғанда,  өзі  жасаған  заманның  адамдарының 
сырын  ақтаруда,  портретін  беруде  Абай  поэма  жазған  ешбір  зор  ақыннан 
қалыспайды.  Абайдың  шығармалары  -  XIX  ғасырдағы  қазақ  елінің 
шындығын тамаша көрсететін бай картиналар. 
Бұл арада оқушылардың есіне сала кететін бір мәселе - Абайдың ешбір 
көркем  шығармасын  қазақтың  өткен  өміріне  арнамауы  және  өз  заманына 
арнаған  шығармаларының  бәрінде  халықтың  тұрмысындағы  кемшілікті 
көрсетуге көңілін кеп бөліп, жағымды геройлардың бейнесін жасамауы. Неге 
бұлай болған себебін біз «Абай және қазақ өмірі» деген тарауда біраз айтқан 
ек,  әйткенмен  осы  мәселеге  тағы  да  тоқтай  кетейік.  Өзінен  бұрынғы  қазақ 
өмірінен  шығарма  жазбағанда,  Абай  қазақтың  еткен  тіршілігіне  бірыңғай 
теріс қараған жоқ, жақсылық таба алмай қойған жоқ. Өз замандастарына үлгі 
боларлықтай  кейбір  тұрмыс  дәстүрін  көре  білсе  де,  Абай  тек  қана  өз 
дәуірінің,  шындығын  суреттеуге  назарын  аударды,  өйткені  жарқын 
болашақтың  артта  емес,  алда  екендігін  айқын  түсінді.  Ағартушы-
демократтық  ой-пікірі  күн  өткен  сайын  өзінің  мақсатын  зорайта  түскендігін 
сезген Абай үлкен мұратқа қол созды. 
Өз  заманындағы  ел  тұрмысын  сипаттағанда,  бірыңғай  кемшіліктерге 
ғана  тоқтауы  оның  қазақ  елін  жек  көргендігінен  емес,  төбесінен 
қарағандығынан емес, қайта оның шын патриоттығынан еді. 
Қазақ  елінің  кемшілігін  қаза  сынауда  Абай  орыс  әдебиетінде  Пушкин 
мен  Лермонтовтан  гөрі,  Салтыков-Щедринге  ұқсайды.  Салтыков  орыс 
тұрмысының  бірыңғай  кемшілігін  сынаса,  ол  оның  орысты  жек  көргендігі 
емес, орысқа жаны ашып, оны кемшіліктерінен арылтуға тырысуынан. Қазақ 
жағдайында, біздің Абай да, Салтыков сияқты, қанаушы таптың өкілдері мен 
олардың, қол шоқпарларын қадала сынайды. Осы сынында еңбекші  халыққа 
жаны  ашитындығы  оның  барлық  шығармаларынан  көрінеді.  Осылай  сынай 
отыра,  егер  ол  Пушкиннің  Онегиніндей,  Лермонтовтың  Печориніндей, 


 
183
Чернышевскийдің  Рахметовындай»  Толстойдың  Левиніндей  сүйкімді 
кейіпкерлер  таппаса,  бұл  Абайдың  кемшілігі  емес,  заманның  кемшілігі. 
Шоқан, Ыбырай, Абайдың өзі тағы сол сияқты бірен-саран адамдар ол кезде 
қазақта  бармақпен  ғана  санарлық  еді.  Абай  білетін  елде  өзінен  басқа 
прогресшіл  адам  жоқ  деуге  болатын  еді.  Сондықтан  тұрмыста  жоқ  геройды 
жасау  жолына  түспеген,  романтизмге  аяғын  баспаған  реалист  Абай  ойдан 
прогресшіл  герой  жасаудан  гөрі,  шындық  өмірдегі  кемшілікті  айтып, 
халықты жақсылыққа, өнер-білімге шақыруды пайдалы керді. 
Өз  тұсындағы  қазақ  өмірінен  Абайдың  түшіркенетіні  -  оның  жазғы 
жайлауы,  қысқы  аңшылығы  болса,  әдеттік  өмірден  жақсы  көретіні  - 
жастардың  арасындағы  махаббат.  Қазақ  жігітінің  де,  қазақ  қызының  да 
махаббатпен  сүйе  білуін  дәлелдеуге  оның  бірнеше  шығармасын  арнағанын 
жоғарыда  айтсақ,  енді  Абайдың  қазақ  әйелінің  портретін  қалай  жасағанына 
назар аударайық. 
«Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы» деп Абай сипаттайтын сұлу әйел 
-  өзге  елдің  сұлуы  емес,  қазақ  елінің  сұлуы.  Европада  әйелді  айға  ұқсату  - 
оны  әдемілеу  емес;  толған  ай  Европада  әдеміліктің  емес,  тұрпайылықтың 
бейнесі.  Оған  Пушкинніқ  «Евгений  Онегинде»  Ольганы  «аспандағы  ақымақ 
айға» теңеуі дәлел. 
Абайдың  сұлуды  суреттеуінде,  Европадан  алған  «кішкене  аяқ»  деген 
жалғыз  ғана  теңеуі  болмаса,  одан  басқасы  қазақтың  ұлттық  өмірі  мен 
ұғымына  байланысты  сипатталады.  Қыздың  «өрген  білектей  бұрымы»  да, 
«аласы аз қара көзі» де, «жіңішке қара қасы» да, «ал қызыл беті» де, «орташа 
бойы» да қазақ сұлуына тән көркемдік. Бұл - қыздың сыртқы сұлулығы ғана 
емес,  ішкі  мінезі  де  қазақтық.  Қыз  -  қазақта  әдептіліктің,  сыпайылықтың 
бейнесі.  Жақсы  мінезді  адамды  (еркек  болсын,  әйел  болсын)  қазақ  қыз 
мінезді деп атайды. Сипаттап отырған сұлуын  Абайдың  «сейлесе сөзі әдепті 
әм мағыналы» деуі де сондықтан. 
«Ердің қанаты - ат» деп, ат пен ерді бірге сипаттау, атсыз ерді қанатсыз 
құс  көру,  қазақ  поэзиясында  ерекше  орын  алады.  Қазақ  фольклорында, 
әсіресе  батырлар  жырында,  атты  сипаттау,  жылқы  бағып  өскен  қазақта,  егін 
caп өскен Европадан әлдеқайда бай, Европада батырлық ипостың ең көркемі 
саналатын  Гомердің  «Илиадасының»  өзінде  де  Қобыланды  батырдың 
Тайбурылындай  тұлпар  аттың  бейнесі  жоқ.  «Илиададағы»  ат  иесі 
батырлардың, өзін ақын «ат үйреткіш», «ат ұстағыш» деген сияқты болымсыз 
теңеумен  көрсетеді.  Гомердің  яки  Европаның,  сол  замандағы  өзге 
ақындарының  ешқайсысы  да,  атты  қазақ  ақындарындай  әсірелей  алған  жоқ. 
Өйткені  бұл  олардың  өмірінде  өтпелі  ғана  көрініс  болса,  ал  атты  суреттеуде 
қазақ  ақындарымен  теңдесетіндер:  қырғыз,  монгол  сияқты  жылқы  баққан 
көшпелі елдердің ақындары, өйткені тұрмыс жайы ұқсас. 
Бірақ  Абайға  шейінгі  қазақ  әдебиетінде  атты  сипаттау  мен  Абайдың 
атты сипаттауында үлкен айырма бар. Абайға шейінгі сипатталатын аттар не 
Қобыландының  Тайбурылы,  Алпамыстың  Байшұбары  сияқты  ертегінің 
тұлпары  боп  келеді  де,  не  XIX  ғасырдың  Исатай  сияқты  батыры  мінген 


 
184
«құйқылжыған құла жирендей» жол-жөнекей антылады да, Абайдың «Аттың 
сынындағы»  сияқты  толық,  сипатталмайды.  Абаймен  замандас  Нұржан 
ақынның атқа беретін сипаты: 
 
Ат дүр ердің жолдасы, 
Ол дүр дәулеттің басы, - 
Ат дүр ердің қорғаны, 
Мінсе бітер арманы. 
Ат дүр ердің қанаты, 
Сөзімнің жоқ дүр ғалаты... 
Ат дүр ердің сәулеті, 
Болса серік дәулеті... 
Ат дүр ерге ылайық, 
Көре алмай күндер халайық... 
Атсыз һеш ер жүре алмас, 
Наз бедеуді майданда, 
Жалпы жігіт міне алмас, - 
 
деген сияқты жылқының өзін емес, адамға келтіретін пайдасын айтумен ғана 
доғарылады.  Ер  мінетін  жақсы  жылқыны  және  өзге  жылқы  емес,  қазақ 
даласында  өсуге  қалыптанған  қазақ  жылқысын  қазақ  әдебиетінде  шындық 
бейнемен  бірінші  рет  көркем  суреттеген  -  Абай.  Жылқы  баққан  қазақта, 
жылқының  жүйріктігін,  күштілігін,  жазға  қандай  түрінің,  қысқа  қандай 
түрінің шыдамдылығын, әр жылқыдан не мінез шығуға мүмкіндігі барлығын, 
бос  жүрген  жылқының  денесіне  қарап  жіберіп  дәл  айырушы  сыншылар  әр 
елде  кездеседі.  Осындай  сыншылардың,  талайын  өзіміз  де  көріп,  Абайдың 
атқа берген сынына олардың қалай қарауын сұрағанымызда, «Абайдың сыны 
дұрыс»  дегенді  талай  естідік.  Аттың  барлық  мүшелерін  сипаттап,  бар 
мүшелерінен  де  көркемдік  табатын  Абайдың  сондай  атқа  қоятын  шарты: 
«шапса  жүйрік,  мінсе  берік  жуан,  жуас»  болуы.  Бұл  мәселелерде  де  Абай 
поэзияның  утилитарлық  мақсатын  ұмытпайды.  Мал  баққан  көшпелі  ауылға 
осындай ат керегі рас. 
Қазақ өмірінің шындығын көрсетуге құрал ғып жұмсаған қазақтың бай 
сөздерін өлеңге айналдыруда Абай қазақ поэзиясына не жаңалық қосты? 
Абайға шейінгі қазақ поэзиясында, оның, ұлттық табиғатынан туған екі 
заң бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет