Microsoft Word Диссертация Турганбаева docx



бет18/45
Дата26.12.2023
өлшемі2,57 Mb.
#199486
түріДиссертация
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45
Байланысты:
TURGANBAEVA Diss compressed

тапсырма. Кездесу барысында 6 адам бір-бірімен қол алысып амандасатын болса, олар барлығы неше рет қол алысты?

Есепті шығару барысында екі сатылы кодтау қолданылады. Бірінші, барлықадамдар1-ден 6-ғадейін нөмірленеді.Сондаəрбірқолалысуды 1-ден 6- ға дейінгі цифрлардан құралған екі таңбалы санмен кодтауға болады. Ең маңыздысы кодпен жазылғанды түсіну маңызды.
Мысалы, 45 саны төртінші мен бесінші адамның қол алысуы екенін оқушылар түсіну керек. Содан кейін кодтардың ішінде адамдардың біреуі өз- өзімен қол алмасуды білдіретін, 33, 22,11 жəне т.с.с. сандары кездеспейтінін жəне12мен21бірқолалмасудыбілдіретінін,сондықтантекбіреуінғанаесептеу керек екенін анықтап аламыз. (Біз жүргізген экспериментімізде сыныптың ішінде өз бетімен осындай тұжырым келтіре алатын оқушылар бар).
Келесі сатыда, оқушылар 1-ден 6-ға дейінгі цифрлардан құралған бірінші цифрасы екіншісінен кіші екі таңбалы сандарды санап, оларды өсу ретімен жазып шығады. Нəтижесінде, қол алмасуларды есептеуге мүмкіндік беретін, төмендегідей «үшбұрыш» пайда болады:
12,13,14,15,16,
23,24,25,26,
34,35,36,
45,46,
56.
Бір есепті мүмкін мəндер ағашын қағазда немесе ойша қолдана отырып шешу барысында барлық оқушылар ұсынған терудің əртүрлі əдістерін салыстыру, оқушының бейнелік қабылдауы мен логикалық ойлауын жандандырады. Нұсқаларды жүйелі түрде теруде кодтаудың оңтайлы жəне терудің ең ыңғайлы əдісіне екпін жасалады.
Оқупроцесіндеэкспериментжүргізуарқылызерттеушіліктəсілдіқолдану барысында оқушылар əмбебап мəні жоқ, алайда белгілі бір есепті шығаруда тиімді теру əдістерін ұсынып отырады [97].

  1. тапсырма.Айжан,телефонпаролінұмытыпқалды,бірақпароль0жəне

1 цифрларынан жəне барлығы төрт цифрдан құралған екені есінде. Ол телефонды ашу үшін ең нашар жағдайда кодтың қанша нұсқасын енгізу керек?
Оқушылардыңкөпшілігікодтыөсуретіменқұрастырады: 0001, 0010, 0011, 0100, 0101, 0110, 0111,
1000,1001,1010,1011,1100,1101,1110
Алайда, Ə. Бөкейханов атындағы №23 жалпы орта мектеп оқушысы осы есепті шығарудың тағы бір жолын ұсынды. Кодтың ішінде 1 цифры бір-ақ рет кездесетінді теріп жазу, одан кейін – екі рет кездесетін, үш рет кездесетіндерді теріп жазу:
0001,0010,0100,1000
0011,0110,1100,1010,0101,1001
0111,1011,1101,1110.
Келесі қадам, комбинаториканың негізгі классикалық формулаларының маңызды болмысы – алмастыру, ораналастыру жəне теру санының формулаларына қажетті көбейтудің комбинаторикалық ережесімен визуалды- ақпараттық деңгейде танысу. Бұл, объектілері аз, барлық мүмкін нұсқаларды толық санауға мүмкіндігі бар есептен, шешімдері көп мүмкін мəндер ағашын салу кезінде немесе басқа тікелей санау техникалық тұрғыдан ауыр болатын есептер шығарғанда пайда болады. Сонымен бірге, мүмкін мəндер ағашы симметриялы немесе «дұрыс» болса, оны бөлек фрагментте елестету оңай екендігіне оқушылардың назары аударылады. Таңдалған фрагменттің шешімдерінің санын санап, көбейтудің көмегімен барлық мүмкін шешімдердің санын анықтау оңай.
Жалпыəдістемелікжағдайесептіңмазмұндыжағынміндеттітүрдеашудан жəне адекватты математикалық модель іздеуден тұратындығын ескереміз. Бұл комбинаторикада дəстүрлі «формуламен» оқытуға тəн ережелер мен формулаларды механикалық қолдануды жою үшін қажет. Көбейту ережесінің есептер жүйесінде дұрыс емес стереотиптің пайда болуын болдырмау үшін көбейтудің механикалық қолданылуы заңсыз болып табылатын тапсырмалар енгізілген.Бұлереженіңшекараларынбелгілейдіжəнеойланбайрəсімдеуденбас тартуға ықпал етеді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет