Математикапəнініңбіліммазмұнындағыықтимaлдықтaртеoриясымен статистика элементтерінің aлaтын oрны мен мaңыздылығы, тарихи қалыптасу кезеңдері, құрылымы мен мaзмұндық ерекшеліктері aйқындaлды.
Бастауыш мектеп математикасы мен негізгі мектеп математикасында статистика элементтерін оқытудағы сабақтастық айқындалды.
Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша ықтималдықтар теориясы мен статистика элементтерін оқытуды ұйымдастыру тəсілдері, 5-9 сынып оқушыларына стохастикалық есептерді шешуді үйрету əдістемесі жасалды.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: математиканы оқытудың сабақтастық принципі негізінде мектеп оқушыларының ықтималдық- статистикалық білімдерін қалыптастыруға бағытталған белсенді оқыту əдістері, құралдары мен тəсілдері, стохастикалық есептерді шешуге үйрету əдістемесі жасалуынан тұрады. Сонымен қатар, оқушылардың статистикалық мəдениетін, ықтималдық түсініктерін жəне ғылыми көзқарас қалыптастыруға бағытталған мектеп математика курсына ықтималдық-статистикалық білім беруді енгізу тұжырымдамасы ұсынылып, негізделген.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: диссертацияда тұжырымдалған теориялық қағидалар жəнеоқушылардың ықтималдық- статистикалық ойлауын қалыптастыру жəне оқуіс-əрекетінұйымдастыру бойынша əдістемелік ұсыныстарды мұғалімдер сабақтарда оқушылардың білім, білік жəне дағдыларының сапасын арттыруда тиімді пайдалана алады. Зерттеу нəтижелерінортамектептестохастикалықбағыттыоқытумазмұныменəдістерін
жетілдіруде,соныменқатароқушыларықтималдықтартеориясыменстатистика элементтерін оқып-білуде қолдана алады.
Қорғауғаұсынылатыннегізгіқағидалар:
мектеп математика пəнінде ықтимaлдықтaр теoриясы мен статистика элементтерінің алатын орны мен маңыздылығы, оқушылардың ықтималдық- статистикалық ойлау қабілетін қалыптастырудың педагогикалық- психологиялық негіздемесі;
стохастикалық материалдың бастауыш сынып математикасымен сабақтастығыжəнебірізділікпенжүйелілікпринциптерінегізіндеортамектепте ықтимaлдықтaр теoриясы мен статистика элементтерін оқыту əдістемесі;
мектеп оқушыларының ықтималдық-статистикалық білімдерін қалыптастыруға бағытталған оқушылардың оқу іс-əрекетін ұйымдастырудың əдістері, құралдары мен тəсілдері, стохастикалық есептерді шешуді үйрету əдістемесі жəне эксперимент нəтижелері.