Microsoft Word История.№1,2010


-кесте.  17 бағыт – Бастауыш жəне орта білiм жүйесiн əлемдiк стандарттарға жақындату



Pdf көрінісі
бет47/68
Дата25.04.2020
өлшемі1,65 Mb.
#64624
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68
Байланысты:
таңба 222333

1-кесте.  17 бағыт – Бастауыш жəне орта білiм жүйесiн əлемдiк стандарттарға жақындату 
17 – бағыт «Бастауыш жəне орта білім беру, сондай-ақ кадрларды қайта даярлау жүйесін 
əлемдік стандарттарға жақындату». 
Біріншіден, 3 аусымдық  оқытуды  жою  керек.  Таяудағы  үш  жылдың  ішінде ... Қазақстан 
өңірлерінде 100 жаңа мектеп салу қажет. 
Екіншіден,  оқытудың,  əр  оқушының  білімі  мен  қабілет  деңгейінің  тиімділігін  бағалаудың 
біртұтас жүйесін жасау керек. 
Үшіншіден, он-лайн тəсілінде оқыту тəжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру 
керек. 
Төртіншіден,  оқу  жоспарларына  жаратылыстану  ғылымдары  бойынша,  бірінші  кезекте, 


 
72
математика мен ақпараттандырудан қосымша сағаттар немесе пəндер енгізу керек. 
Бесіншіден,  мектепте  ағылшын  тілінің  шетелдік  оқытушыларын  тарту  керек.  Кез  келген 
ортасанатты мектептегі балалардың ең жоғарғы деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасау ... 
Алтыншыдан,  жұмыстың  жоғары  нəтижелеріне  қол  жеткізген  мектептерге  гранттар 
тағайындау жөнінде мемлекеттік конкурстар жүйесін енгізу ... 
Оқытушы  осы  тақырыптың    мазмұнын  тереңдетіп  ашу  үшін,  бiлiм  беру  iсiне  қатысты  нақты 
төмендегiдей  қосымша  мəлiметтер  келтiруiне  болады.  Бiлiм  жəне  ғылым  министрлiгi  жанындағы 
Балаларды  қорғау  жөнiндегi  комитеттің  басшысы  Б.Сыздықовтың  айтуынша, «елiмiзде 5 миллионға 
жуық  бала  бiлiм  алады.  Оның 1,6 миллионы  мектепке  дейiнгi  бiлiм  алушылар, 151мыңнан  аса 
мүмкiндiгi шектеулi жеткiншiктер бар. «Қиын» балалар 19 мың, 51 мыңнан аса жетiм балалар бар»/3/.  
«Халықты халықпен, елді елмен теңестіретін-білім» - деп атақты жазушы М. Əуезов айтқандай, 
еліміздің  жаңғырып,  жаңа  əлемнен  лайықты  орын  алуы  үшін  отандық  мамандарымыз  мықты  болуы 
шарт. 
Бəсекеге  қабілеттіліктің  əлемдік  стандартқа  сай  кəсіби  білімділікке  қол  жеткізгенде  ғана  бой 
көрсетіп, сомдалатыны белгілі. Халықаралық деңгейдегі жаңа университеттер үшін ең жақсы шетелдік 
оқытушыларды  тарту  көзделіп  отыр.    Білім  жəне  ғылым  министрі  Ж.Түймебаевтың  мəліметіне 
қарағанда, соңғы он жылда республикада 652 мектеп салынды. Республикада 3385 мектеп интерактивті 
тақтамен  жабдықталған.  Мектеп  оқулықтарының  мазмұнының    85  пайызы  сандық  форматқа 
көшірілген.  Астана,  Семей  жəне  Көкшетау  қалаларында  физика-математикалық  бағыттағы 
интеллектуалдық үш мектеп жұмыс істейді. Онда 1854 оқушы білім алады.  Астанада 2010 жылы ТМД 
елдерінің ішінде  тұңғыш халықаралық математикалық олимпиада өткізілмек(4/. 2009 жылы 11 сынып 
оқушылары арасында Президенттік олимпиада математика, физика, химия, биология пəндерінен өтті. 
Дарынды балалардан халықаралық олимпиада қатысушы   436 оқушының 100-і алтын, 155-і күміс жəне 
161-і  қола медаль  игерлері.  Республикадағы 5 ұлттық  университет  халықаралық  жүйеге  кіру  үшін 10 
деңгей  бойынша    жұмыс  жасайды.1997  жылы 272 мың    абитурент    студент  аталса, 2006 жылы 
студенттер саны 768 мыңға жетті.  Алғашында гранттық жүйемен 9178 студент оқуға түссе, 2007 жылы 
олардың саны 33190–ға жетті. «Жоғары білім сапасы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі 
тиіс»/5/. Астана қаласында əлемдік деңгейде Халықаралық университет жобасы іске асырыла бастады. 
Жаңаша  құрылған  университет  құрылымы,  ұйымдастыру  принциптері,  оқыту  əдістемесі  жетекші 
шетел  университеттері  үлгісіне  мейлінше  жақындату  көзделген.  Бүгінде  «Болашақ»  бағдарламасы 
бойынша  3мың  студент  əлемнің 25 мемлекетінде  білім  алуда. 20-мыңнан  асатын  қазақстандықтар 
шетелдерде  білім  алады.  Осы  соңғы  жылы  жоғары  оқу  орнының 200 үздік  оқытушысына 15 мың 
доллардан грант бөлінді. Таяуда 100 үздік мұғалімге 10 мың доллардан бөлу көзделіп отыр.  Сонымен 
қатар 2009 жылға қарай 240 жаңа мектеп пен 50 кісіби-техникалық оқу орындары салу қарастырылған. 
Қай жерде болмасын біздің мамандарымыз үлкен сұранысқа ие болуы тиіс.  
60  миллион  халық  тұратын  Ұлыбритания  мемлекетінде 76 университет  болса, 59 миллион 
халқы  бар  Францияда 87 университет,  ал 160 миллион  тұрғыны  бар  Тайландта 194 университет 
жастарға білім береді. Біздің елімізде 176 жоғары оқу орнының 104-і жеке білім беретін  ордалар болып 
табылады.  2008-2010 жылдары  еліміздің  жұмыс  күшіне 274 мың  адам  қажет  болса,  техникалық 
ғылымдар мен технологиялар саласына 22 мың, білім беру мен денсаулық саласына 12 мың, əлеуметтік 
салаға 7 мың маман қажет екен. 
Осы  заманғы  сапалы  білім-əлемдік  өркениетке  жеткізетін  сара  жол.  Бəсекеге  қабілетті  өнім 
шығаруға,  рыноктың  басқа  салаларында  дер  кезінде  бетбұрыс  жасауға  мүмкіншілігі  бар  білікті 
менеджерлер, инженерлер, технологтар мен маркетологтарға сұраныс жоғары. Сондықтан бүгінгі таңда 
тозығы жеткен жабдықтар мен технологиялардың орнына жаңа технологияларға негізделген тауарлар 
шығаруды ұлғайту үшін өндірістерді қайта жаңартып, басқаруды заман талабына сай құру қажеттілігі 
туындайды. Өндіріс неғұрлым серпінді, əрі əртүрлі болған сайын мамандықтар көбейе түседі. АҚШ-та 
мамандықтар  саны 22 мыңнан  астам/6/.  Бейіндер  (профильдер)  мен  олардың  құрылымдық 
элементтерінің саны үнемі өзгерісте, біреуі жаңадан пайда болса, екіншісі қажетсіз болып отыр. 
Дамыған  елдерде  өндіріс  пен  бейіндік  оқу  арасында  тығыз  өзара  қатынаста  үйлесімділік  бар. 
Оқу  орындары  инновациялық  технологияның  қазіргі  дамуына  сай  кадрларды  кең  ауқымды  бейіндік 
даярлауға бағытталған. 
Студенттер  өзінің  келешектегі  мамандығын  модельдеуге  қатысумен  қатар  кредиттік 
технология  арқылы  өздерінің  оқу  бағдарламасын  əзірлеу  мен  іске  асыруға  араласуға  мүмкіндігі  бар. 
ЖОО  мен  колледждер  жүздеген  кəсіпорындармен  тығыз  байланыста  жаңа  оқу  бағдарламаларын 


 
73
əзірлеу  мен  даярлауға  тікелей  қатысады.  Осындай  оқу  орнымен  кəсіпорынның  арасындағы  тығыз 
ынтымақтастықтың нəтижесінде білікті мамандар даярлауға, оқу мен болашақ жұмыстың байланысын 
қамтамасыз  етуге,  дипломдық  жобалар  мен  ғылыми  еңбектер    өндірістің  проблемаларын  шешуге 
мақсатталуына септігін тигізеді. 
Бүгінде Батыс елдерінде белсенді халықтың 15 пайызына ғана өндіріс процесінде  тауарға қол 
тигізсе,  қалған 85 пайызы  шығармашылық,  менеджмент  жəне  ақпарат  беру  процесінде    құн  қосады. 
Жыл сайын адам білімінің құны артып, талап етілетін ресурсқа айналады. 
Қазір  Ресейде  бір  мың  жұмыс  істеушіге 7,5 ғалымнан  келсе,  ЕО-да 5,8-ге,  АҚШ-та-9,3ке,  ал 
Қазақстанда 3-ке  тең.  Міне,  біздің  еліміздегі  деңгейді  орташа  еуропалық  деңгейге  жеткізу  үшін 2012 
жылы ғылымды қаржыландыруды 3 есеге ұлғайтып, оны жылына 350 миллиард теңгеге дейін жеткізу 
көзделген.   
Қазақстанда орта білім беру жүйесіндегі маңызды міндеттердің бірі-2020 жылға қарай  жалпы 
білім беретін мектептерде 12 жылдық оқыту моделінің табысты жүзеге асырылуы. 
Республиканың  жүзден  аса  мектебінде  эксперимент  ретінде  іске  асырылып  жатқан  бұл  жүйе 
бойынша оқушының тек білім, білік жəне дағдыға қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет