ДАМУЫ (ОҚОММ құжаттары негізінде)
М.Б.Мейірбеков –
«Сырдария» университетінің «Отан жəне шетел тарихы» кафедрасының аға оқытушысы
Қазақстанның оңтүстік өңірі халқының кеңестік кезеңде өсіп-өнуіне кеңес үкіметі
басшыларының жүргізген ұлт саясаты да əсерін тигізбей қоймады. Өлке халқының ұлттық құрамында
өзгерістер байқалды. Өйткені, кеңестік жүйе басшылары əртүрлі науқаншылдық жоспарларды желеу
етіп, еліміздің барлық облыстарына өзге ұлттың өкілдерін көптеп көшірді. Соның салдарынан
жергілікті халықтың үлесі азайып, олардың пайыздық көрсеткіші басымдық танытты.
Өзге ұлт өкілдерінің қоныстанған өңірлерінің бірі – Оңтүстік Қазақстан облыстары еді. Бұл
аталған аймақтың қоныстанған халқын демогафиялық тұрғыдан қарастыру үшін облыстық мұрағат
қорларының құжаттарын қарау қажет екендігі белгілі. Солай дей тұрсақта, мұрағат құжаттары ғылыми
айналымға толықтай тартыла қойған жоқ. Мəселен, облыстық мұрағатта санақ материалдарының
кейбір мəліметтері, əкімшілік-территориялық бөліністер, халықтың ұлттық құрамы, білім деңгейі,
табиғи өсім, механикалық қозғалыс жəне халық шаруашылығы, əлеуметтік жағдайынан мəлімет
114
беретін құжаттардың негізінен бірқатары осында сақталған. Сондықтан, ондағы деректерді зерттеу
жұмысына пайдалану тақырыптың маңыздылығын арттырып, күрделі шешімін табуы тиіс
мəселелердің жан-жақты ашылуына мүмкіндіктер береді.
Аталған өңір халқының əлеуметтік-демографиялық дамуынан мəліметтер беретін Оңтүстік
Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының қорларында мынандай нақты құжаттар тізбесі бар:
1)
121-қор (Оңтүстік Қазақстан облысының əкімшілік-аумақтық бөліністері).
2)
393-қор (Сырдария губерниясының статистикалық бюросы 1918-1928 жж.).
3)
709-қор (Шымкент облыстық статистика басқармасы 1932-1965 жж.).
4)
709-қор (Оңтүстік Қазақстан облысының статистика басқармасы 1940-1987 жж.).
1927 жылдың соңы мен 1928 жылдың басында Қазақстанның əкімшілік-аумақтық
құрылымындағы өзгерістер елді жалпы əкімшілік-құрылымдық аудандастырудың бір бөлігі болатын.
Республикадағы жаңа əкімшілік-аумақтық құрылым жобасы бойынша губерния, уез, болыстар
таратылып, үш сатылы: округ, аудан, қала, село, ауыл жүйесі енгізілді. Бұл жерде жалпы ортақ
шаруашылық жəне аумақтық экономикалық тиімділігін қамтыған округ, белгілі нүктелерге,
айналадағы байланыс жəне транспорт құралдарын оңтайлы пайдалану сияқты маңызды факторлар
ескерілді.
Қазақстанның оңтүстігінде окруктерді ұйымдастыруда суландыру, суды пайдалану мəселелері
қаралды. Іс жүзінде суландыру, суару жүйелерін есепке алу жəне оларды дамыту мəселелері де
алдыңғы кезекте тұрды. Əкімшілік-аудандық аудандастыру жобасын жан-жақты дайындықтан кейін
1928 жылы 17 қаңтарда Қазақ АКСР-і Орталық Атқару комитетінің 6 шақырудағы 2 сессиясы бекітті.
Қазақстан аумағында губерниялық бөліністің орнына 13 округ, 180 аудан құрылды.
Оңтүстік Қазақстан облысының əкімшілік-аумақтық бөліністерінің қалыптасуына түрткі
болған үкімет қаулылары мен қарарлары мұрағат қорларында сақталған. Енді солардың бірқатарын
тізбелеп көрсек: 1928 жылы 17 қаңтарда Сырдария округі құрамына БАОК-ның шешімімен 21 аудан
беріліп құрылды. Одан кейін 1932 жылы 11 қаңтарда ҚазКСР-і ОАК Төралқасының облыстық төменгі
аудандастырылуы туралы қаулысы жəне 1-2 ақпандағы Бадам ауданын құру мен Шымкент ауданын
тарату туралы қаулысы шықты /1/. 1935 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының атқару комитеті
Жалғызағаш ауылдық кеңесін Түркістан ауданынан Арыс ауданына беру туралы №33 қаулысы жəне 23
қазанда облыстық Төралқа шешімімен Ленгер мен Сайрам ауданының əкімшілік-аумақтық бөлінісі
туралы №442 қаулысы шыққан /2/. Облыстық мұрағат құжаттарына қарағанда жыл сайын шығарылған
шешімдер мен қаулылар аудандардың құрамы, бөліністерінің өзгеруіне себепші болған. 1936 жылы 29
мамырда БОАК Төралқасының шешімімен Мақтаарал ауданының Асықата ауылдық кеңесін құру
туралы қаулысы шықты /3/. 1937 жылы ОАК Төралқасының 31 наурыздағы Мақтарал ауданының
əкімшілік-аумақтық бөлінуі туралы қаулысы қабылданды /4/. 1938 жылы 14 қаңтарда Оңтүстік
Қазақстан облыстық атқару комитеті Төралқасы орталығы Шымкент қаласында орналасқан Шымкент
ауылдық ауданын ұйымдастыру туралы қаулысы жəне осы жылдың 9 ақпанында облаткомның
Төралқасы облыс құрамындағы Қызылорда, Қазалы, Қармақшы жəне Жаңақорған аудандарын
Қызылорда облысына беру туралы қаулысы шықты /5/. Демек, əкімшілік-аумақтық бөліністер əр
жылдарда бұйрықтар арқылы жүзеге асқандығын байқаймыз. 1939 жылы 16 қазанда Қазақ КСР
Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Фрунзе ауданын құру туралы жəне Сарыағаш, Фрунзе аудандарын құру
туралы Жарлығы шықты. Ал, 1940 жылы 10 қарашада Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының
Киров ауданын құру туралы Жарлығы шықса, 1944 жылы 8 мамырдағы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі
Төралқасының Ильич ауданын құру туралы қаулысы қабылданды /6/. 1948 жылы 7 шілде Қазақ КСР-і
Жоғарғы Кеңес Төралқасының шешімімен Шымкент қаласындағы Орталық, Зауыт жəне Теміржол
аудандарын тарату туралы қаулысы шыққан болатын. 1951 жылы 31 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан
облыстық атқару комитетінің Қызылқұм ауданының орталығын Шардара ауылынан «Мақтаралға»
көшіру туралы шешімі жəне 20 мамырда Киров ауданының Жаңадала жəне Андреев ауылдық
кеңестерін құру туралы Жарлығы шықты /7/. 1954 жылы 27 сəуірде Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі
Төралқасының Қызылқұм ауданының Шардара ауылдық кеңесін Мақталы ауылдық кеңесі етіп қайта
құру туралы жəне 15 шілдедегі облыс аудандарының əкімшілік-аумақтық бөлінісіндегі өзгерістер
туралы Жарлығын қабылдады /8/. 1955 жылы 1 тамызда Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының
Түркістан ауданының Қантағы жəне Мырғалымсай жұмысшы поселкелерінен Кентау қаласын құру
мен оның бағынысына Ащысай жұмысшы поселкесін беру туралы қаулысы қабылданды /9/.
1956 жылы 13 қаңтардағы Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Бостандық ауданын
Өзбек КСР-нің құрамына беру туралы жарлығы шықса /10/, осы аталған жылдың 9 наурызында
115
Қызылқұм жəне Киров аудандарын Киров ауданы, Түркістан жəне Фрунзе аудандарын Түркістан
ауданы етіп бекіту туралы Жарлығы шыққан еді /11/.
1957 жылы 14 қаңтарда КСР Жоғарғы Кеңес Төралқасы Мақтаарал ауданының Велико-
Алексеевский поселкелік Кеңесін құру, Түлкібас ауданының Дауан ауылдық кеңесін тарату туралы
жəне 17 қаңтарда Киров ауданының Андреев ауылдық кеңесін Абай ауылдық кеңесі етіп, қайта атау,
Түркістан ауданында Калинин ауылдық кеңесін құру туралы бұйрығы шықты /12/.
1958 жылы 17 қаңтарда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы Түркістан ауданында Калинин
ауылдық кеңесін құру жəне 27 наурызда Калинин ауылдық кеңесінің орталығы Калинин атындағы
ұжымшардың орталық усадьбасынан, Жуалы кеңшарының орталық усадьбасын көшіру туралы
Жарлығы қабылданды. Одан кейін оңтүстік өңірге қатысты өзгерістер 1959 жылы 22 мамырда Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасы Ильич ауданының орталығын Ильич поселкесінен Жетісай
поселкесіне ауыстыру туралы Жарлығы шыққан болатын. Сонымен қатар, 6 қазандағы Қазығұрт жəне
Пролетар ауылдық кеңестерін Қазығұрт ауылдық кеңесі етіп біріктіру, Георгиев ауданы Қазығұрт
ауылдық кеңесінің орталығын Ұйымшыл ауылынан Сұлтанрабат ауылына көшіру, Георгиев
ауданының Сайрамсу ауылдық кеңесін тарату, Созақ ауданының Энгельс ауылдық кеңесін құру туралы
Жарлығы қабылданды /13/.
Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында 1939 жылдың санақ мəліметтері де
кездеседі. Ондағы мəлімдеме бойынша халықтың ұлттық құрамы мынандай: Түркістанда барлығы –
73750, орыстар – 17637, қазақтар – 43563, украиндар – 3105, өзбектер – 24678, татарлар - 1967,
тəжіктер – 61, немістер – 194, кəрістер – 79, басқалары – 2489 адамды құрады. Фрунзе ауданында
барлығының саны – 20023 адам болса, Созақ ауданында барлығы – 16300, орыстар – 1481, қазақтар –
11285, украиндар – 470, өзбектер – 2310, татарлар – 69, тəжіктер – 2, немістер – 21, кəрістер – 16,
басқалары – 646 адам болды. Ал, Шəуілдірде барлығы – 27793, орыстар – 2836, казактар – 22749,
украиндар – 627, өзбектер – 451, татарлар – 123, тəжіктер – 23, немістер – 72, кəрістер – 45, басқалары –
867 адам еді.
Шаян ауданында барлығы - 30405, орыстар – 4482, қазақтар, украиндар – 2450, өзбектер – 56,
татарлар – 236, тəжіктер – 8, немістер – 94, кəрістер – 246, басқалары – 1170 адам. Арал ауданында
барлығы – 52586, орыстар – 10196, қазақтар – 30091, украиндар – 2595, өзбектер – 4165, татарлар – 823,
тəжіктер – 643, немістер – 166, кəрістер – 592, басқалары – 3315 адам болған. Сондай-ақ, Бостандық
ауданында барлығы – 63171, орыстар – 14546, қазақтар – 13253, украиндар – 2468, өзбектер – 17415,
татарлар – 1429, тəжіктер – 8679, немістер – 279, кəрістер – 550, басқалары – 4542 адамды құрады.
Сайрам ауданында барлығы – 43841, орыстар – 7691, қазақтар – 6679, украиндар – 3146, өзбектер –
23817, татарлар – 591, тəжіктер – 25, немістер – 142, кəрістер – 289, басқалары – 1461 адам екендігі
көрсетілген. Арыста барлығы – 55695, орыстар – 12708, қазақтар – 36457, украиндар – 3101, өзбектер –
510, татарлар – 850, тəжіктер – 18, немістер – 239, кəрістер – 224, басқалары – 1583 адам екен. Жуалыда
барлығы – 32733, орыстар – 12708, қазақтар – 13696, украиндар – 8554, өзбектер – 116, татарлар – 190,
тəжіктер – 13, немістер – 692, кəрістер – 791, барлығы – 1638 адамды құраса, Қаратас ауданында
барлығы – 33204, орыстар – 4219, қазақтар – 23800, украиндар – 1098, өзбектер – 1784, татарлар – 370,
тəжіктер – 13, немістер – 986, кəрістер – 289, басқалары – 645 адам. Ильичевкада барлығы – 17446,
орыстар – 6749, қазақтар – 37708, украиндар – 1133, өзбектер – 770, татарлар – 679, тəжіктер – 146,
немістер – 261, кəрістер – 229, басқалары – 3780 адамдық көрсеткіште болды.
Киров ауданында барлығы – 23227 адам тіркелген. Ленгір ауданында барлығы – 47577,
орыстар – 12003, қазақтар – 22010, украиндар – 7589, өзбектер – 3209, татарлар – 562, тəжіктер – 7,
немістер – 63, кəрістер – 449, басқалары – 1685 адам саны көрсетілген. Сарыағаш ауданында барлығы –
43956 адам болды. Келес ауданында барлығы – 27031, орыстар – 12339, қазақтар – 46354, украиндар –
2527, өзбектер – 2523, татарлар – 1503, тəжіктер – 117, немістер – 2326, кəрістер – 243, басқалары –
3055 адамды құраса, Түлкібаста барлығы - 48887, орыстар – 1346, қазақтар – 21921, украиндар – 94738,
өзбектер – 1071, татарлар – 501, тəжіктер – 12, немістер – 196, кəрістер – 853, басқалары – 1433 адам
еді. Шымкент ауданында барлығы – 22128, орыстар – 3586, қазақтар – 11251, украиндар – 1089,
өзбектер – 5374, татарлар – 247, тəжіктер – 2, немістер – 47, кəрістер – 86, басқалары – 446. Шымкент
қаласында барлығы – 74421, орыстар – 36675, қазақтар – 9738, украиндар – 7729, өзбектер – 12438,
татарлар – 3179, тəжіктер – 52, немістер – 285, кəрістер – 1050, басқалары – 3275 адам екендігі
анықталған. Бұл санақ материалдарының жариялаған облыстық статистика басқармасының бастығы
Чернышев пен Статист қызметкер Ногина екендігі көрсетілген /14/. Демек, 1939 жылғы Бүкілодақтық
санақ мəліметтерінің толықтай болмаса да, осындай мəліметтер кездеседі. Келтірілген деректерден
ұлттық құрамға байланысты үлес салмағы мен пайыздық көрсеткішін байқаймыз.
116
Мұрағат материалдарына қарағанда ауыл жəне қала халқының саны жөнінде де мəліметтер
бар. Мəселен, Оңтүстік Қазақстан статистикалық басқармасының қызметкері Хонақбаева 1947 жылдың
1 қаңтарында берген мəлімдемесінде төмендегідей халық санын көрсеткен: Арыс ауданында – 14528,
ауылда – 27029, барлығы – 41552 адам. Бостандық ауданында – 13812, ауылдарында – 35884, барлығы
– 49696, Георггиевскийде ауылдарында – 77257, барлығы – 37357, Жуалыда барлығы – 25541 адам
болды. Ильичевскийде 21699, ауылда – 13203, барлығы – 34902 адам. Қаратастың ауылында барлығы –
24208 адам болса, Келестің ауылдарында барлығы – 16828 адам болды. Қызылқұмның ауылдарында
барлығы – 10246 адам. Кировтың ауылдарында – 9232 адам болса, Мақта-Арал ауылдарында барлығы
– 21207 адам екен. Сайрам ауылдарында – 39213 адамды құраса, Сарыағаш ауылында – 311038 адам
болды. Созақ ауылдарында – 14290. Түркістан ауданында – 58700, ауылдарында – 15904, барлығы –
74004 адам. Түлкібас ауданында – 9800, ауылында – 38770, барлығы – 48570 адамды құраса, Фрунзенің
ауылдарында – 11735 адамды құрады. Шаян ауданында – 1394, ауылдарында - 23138, барлығы – 24532
адам болған. Шымкент ауданының ауылдарында – 19670, барлығы – 19670 адам тіркелген. Шəуілдір
ауылдарында – 14419, Ленгір ауданында – 14299, облыс бойынша қала халқының саны – 219049, ауыл -
428907, барлығы – 647956 адамды құрады /15/. Бұл көрсетілген мəліметтерден шығатын қорытынды
өңір халқының əлеуметтік-демографиялық дамуына қатысты материалдарды нақты деректер ретінде
пайдалана отырып, ғылыми еңбек жазуға болатындығында.
Достарыңызбен бөлісу: |