РЕВОЛЮЦИЯҒА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚСТАН
ТАРИХЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МƏСЕЛЕЛЕРІ
АКТУАЛЬНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ИСТОРИИ
КАЗАХСТАНА ДОРЕВОЛЮЦИОННОГО ПЕРИОДА
АРИЛЕРДІҢ ОТАНЫ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ
У.Х.Шəлекенов –
т.ғ.д., əл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры
Екінші бөлім
Арилердің шаруашылық тұрмыстары
Арилердің айналысқан жұмыстары туралы мəліметтер Авеста кітабында кездеседі. Оның
бірінші тарауы «Занд-Авеста кітабы атты» бөлімінде арилердің шаруашылығы кешенді болған:
«Кейіннен де Заратуштра пайғамбар діннің қауымында болған тұрандықтар мен ирандықтар көшпенді
мал ұстаушылары болған. Əйтсе де кейіннен жер игеруді де үйренген. Олар сиыр, түйе, қой мен
ешкілерді алдына салып солтүстік Қара теңіз жағалауынан Алтай мен Шығыс Түркістанға дейін, Орал
тауларының солтүстігінен сонау Ирандағы тау беткейлеріне дейін көсілген кең жазираларда мал бағып
жүрген. Өте көне аңызға сүйенсек Заратуштраны өз отаны қабылдамаған соң, жоғарыда
айтқанымыздай ол талай қиындықтарды басынан өткеріп, Шығыс Ирандықтар патшасы Кава-Ваштасы
сарайынан тұрақ тапқан»/1/.
Тілге тиек етіп отырған мəліметте, арилердің жайлаған жері түгелімен Орталық Азия,
Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауы жəне Шығыс Иран таулы аймақтарын
мекендеген. Осы ұлан-қайыр жерде олар мал шаруашылығымен айналысқан. Бұл сілтемеде жылқы
малы аталмағанымен, Авестаның басқа тарауларында осы аты аталған аймақтарда жылқы малының
көп өсірілетіні айрықша айтылып отырады. Соған қарағанда, арилер ертеден төрт түлік малдың бəрін
өсірген. Бірақ, арилердің жайлаған ұлан-қайыр жерінің табиғи-жағрапиялық ерекшелігіне қарай, олар
төрт түлікті түгел өсірген. Мысалы: Орталық Азияның оңтүстік-батысы қой мен түйе өсіруге аса
қолайлы болса, оның орталығы мен шығыс-солтүстігі, батысы жылқымен ірі қараның көптеп өсірілетін
аймақтары. Жылқы мен сиыр малдары сулы жерлерге бейімделсе, түйе мен қой шөлдік-шөлейттік
жерлерде икемделген. Солардың ішінде, Қазақстанның орталығы, батысы мен шығысы «Сарыарқа»
жылқының айрықша отаны. Бұл аймақтың табиғи-жағырапия жағдайы ерекше. Жылқы мен сиырға бұл
жердің ауарайы, шүйгін шөбі қолайлы. Жоғарда аттары аталған ертедегі арилердің мекендерінің
бəрінде төрт түлік мал біркелкі өсірілмеген. Əсіресе, отырықшылық аймақта төрт түлік малдар
өсірілгенімен, олардың сандары бірқанша аз мөлшерде болған, сахараға қарағанда.
Жоғарыда келтірілген сілтемеде, «арилер төрт түлік малды алдына салып жүре берген» деген
сөз бар. Бұл шындықтан алшақтау. Адамдардың жер бетінде пайда болғаннан бастап, олар топтарға
бөлшектеніп, кейін рулар мен тайпаларға шоғырланып өмір сүргенін этникалық тарихтан білеміз.
Сондықтан, қола дəуірінің жоғарғы сатысында жасаған арилер қауым-қауым болып жасаған.
«Коневодство является важным фактором при переходе от яйлажного скотоводство к кочевому. Оно
привело коренным изменениям в социальной и экономической жизнии общества. В итоге в структуре
скотоводческой общины сложилась крупная частная собственность – в руках крупных скотовладельцев
сосредоточились десятки загонов, полных ската»/2/.
Арилердің арасында əлеуметтік теңсіздік болған болса, ол жеке меншіктің пайда болуының
нəтижесі. Осындай жағдайда, ірі-ірі мал иелері, малдарының соңынан ұдайы көшіп-қонып өмір сүрді
деген құлаққа жағымсыз естіледі. Əсіресе, батыс евроцентристер мал шаруашылығы мен
айналысушыларды осылай түсіндіріп келген, яғни көшпелілердің барлығы бала-шағасымен малдың
соңында жүреді деген қате пікір. Ежелден бабаларымыз өздерінің жайласқан жерінің табиғи-
жағрапиялық ерекшелігіне байланысты төрт түлікті өсіріп, жерінің өсімдіктерін үнемдеп пайдаланған:
4
қыстау, жаздау, күздеу – деп уақыттың мөлшерімен белгіленген. Мал шаруашылығымен айналысқан
рулардың, тайпалардың, халықтардың барлығы жаппай көшіп жүруі шарт емес. Олардың ішінен
малдарды баға алатын мамандар өсіп шыққан: қойшылар, сиыршылар, жылқышылар жəне түйешілер.
Ірі мал иелері өздерінің малдарын осындай арнайы адамдарға бақтырған, пайдаланған. Міне, мал
бағуға байланысты тəсілдер арилер заманында басталып, тарихтың кейінгі кезеңдерінде жетілдіріп,
бізге жеткен.
Арилер осыншама ұлан-байтақ Орталық Азия кеңістігін, Еуропаның оңтүстік-шығысын
мекендеген. Осы ұлы кеңістік төрттүлік малды өсіруге, қте қолайлы. Ұлы Дала Орталық Азияның
орталығы, батысы мен шығысы жəне солтүстігі. Аттары аталған өңірлерде ерте заманнан-ақ төрт түлік
мал көптеп өсірілген жəне бүгінде де солай. Жоғарғы оқу орындарына арналған «Алғашқы қоғам
тарихының авторлары: «В эпоху классообразования полукочевое и кочевое скотоводство широко
распространилось в Западной, Средней и Центральной Азии. Северном Причерноморье, Поволжье,
Южной Сибирии, Северной и Востчной Африке»/3/.
Алғашқы қоғамның ыдырау кезінде, таптық қоғамға өте бастаған кезде мал шаруашылығының
кең көлемде ен жайған аймақтары дұрыс көрсетілген. Олардың ішінде, түрік тілдес халықтардың
ежелгі мекендері болған Орталық Азия мен Қара теңіздің солтүстік кеңістік даласы, Оңтүстік Сібір
ойпаты мал шаруашылығының ертеден қалыптасқан аймақтары. Осынша кең-байтақ жерде бұл
шаруашылықтың енжайған жері болғанын археологиялық зерттеушілер де дəлелдеп отыр. «Первый
исследователь пещер Южного Прикаспия К. Кун считал, что в позднем мезолите здесь началась
доместикация коз и овец, которая привела к возникновению скотоводческой экономики в раннем
неолите, тогда как земледелие появилось позже»/4/.
Автордың бұл пікірін кейінгі кездердегі Орталық Азия кеңістігінде жүргізілген археологиялық
зерттеулер дəлелдеуде. Каспий теңізінің оңтүстігіндегі Али Таппех үңгірінен табылған жабайы ешкілер
мен қойлардың сүекетері б.з.б. 12 мың жылдарға тура келетінін байқаған болса, Оңтүстік
Түрікменстаннан ашылған Джейтун мəдениет сəулелендіретін деректерде Көпет-Даг өңірінде қой мен
ешкілерде б.з.б. ҮІІ-Ү мыңжылдықтарда өсірілгені байқалады/5/. Б.з.б. ІҮ мыңыншы жылдарға тура
келетін Энеолит дəуіріне жататын оңтүстік Түркіменстандағы Анау ескерткішінен сиырдың, ешкінің,
қойдың, шошқаның жəне жылқының сүйектері табылған/6/. Осындай құнды деректерді Ботай
мəдениеті береді. Бұл ескерткіш Көкшетау облысындағы Ботай бекеті жанындағы қоңыстың атымен
аталған. «Ботай мəдениеті Солтүстік Қазақстанның (Жайық-Ертіс өзендері аралығының) далалық
энеолитін сипаттайды жəне мерзімі б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтармен белгіленеді. Демек, ол бір мыңжыл
болған.
...Ботай мəдениеті В.В. Зайберт ашты. Ботай қонысында 70 000 жылқының сүйегі табылды.
Сондай-ақ зубрдың, турдың, бұланның, еліктің, аюдың, иттің, түлкінің, қарсақтың, түйенің,
құндыздың, суырдың, қоянның, қабанның, құстардың сүйектері де бар»/7/.
Тек бірғана Ботай қонысынан осыншама жануарлардың остеология деректерінің табылуы,
ежелденОрталық Қазақстан (Сарыарқа) көптеген хайуанаттардың мекені болған тамаша жер жəннеті.
Осы ескерткіштен табылған сүйектерді құрайтын хайуанаттардың тұқымдары қазірде де Орталық
Азияда, əсіресе Қазақстанда кездеседі. Əлбетте олардың арасында тұқымы құрып кеткендер де бар.
Ботайдан табылған остеологиялық жəдігерлердің басым көпшігі жылқының сүйегін құрайды.
Бұның мəні өте зор. Авестада жылқы малына айрықша орын берілген. Б.з.б. ІІ мыңыншы жылдарда
арилердің өмірінде жылқы ерекше бағаланған. Олар жылқының асыл тұқымдарын өсірген жəне оларды
кең пайдаланған: күш көлік ретінде, салт мінуге, əскерге, салт-салтанатқа жəне етін, сүтін тамаққа
пайдаланған. Ежелден жылқының отаны Орталық Азия, соның ішінде Сарыарқа. Бұл аймақтардың
жайлымы кең, шөбі шүйгін, ауасы, суы таза. Міне бұндай аймақты Азия құрлығының басқа жерінен
табу екіталай. Сондықтанда асыл тұқымды жылқылар осы Орталық Азиядан өрбіген.
Арилер қола мəдениетін пайда етушілер болғандықтан өздеріне дейінгі жаңатас дəуіріндегі мал
шаруашылығын дамытып отырған. «Жабайы жануарларды қолға үйрету сонау неолит, орталық жəне
шығыс аудандарындағы неолиттік тұрақтарда жабайы жануарлардың сүйектерімен қатар қолға
үйретілген сиырдың, жылқының, қойдың жəне сірə, ешкінің де боар сүйектері табылды»/8/.
Келтірілген хайуанаттардың сүйектерінің ішінде жылқылар мен сиырлардың қаңқалары көп
мөлшерде табылған. Соған қарағанда, неолит дəуірінде малдардың барлығында, солардың арасында
Сарыарқада жылқылар көп өсірілген. Сүйтіп, палеолиттің соңғы кезеңінен бастап, Қола дəуірінде мал
шаруашылығының негізгі орталығы Орталық Азия болып, ол төртүлік малды арилер қолға үйретіп,
өсіріп, мал шаруашылығын пайда еткен.
5
Авестаның 10 яштасында мал шаруашылығына қолайлы жайлымдардың шүйгін шөптердің
құдайы Митраны мадақтайды. Ақұра-Мазда былай дейді:
«Мен жараттым Митраны,
Өрісі оның кең байтақ.
Ол да сонша лайық,
Табыну мен мадақтауға ...
Митра берер жүйрік аттар,
Өрісі оның кең байтақ...
Аттары оның желғабыз,
Бірінші боп ол жетеді...»/9/.
Келтірілген байттерде, Күн құдайы Митраның төртүлік малдардың өсіп-өнуіне қамқоршы
екенін мадақтаған. Өсірген түліктерінің ішінде жылқыны айрықша дəріптеген. Осы құдайдың
арқасында асыл тұқымды, жүйрік, алтындай сұлу жылқылардың өсірілетіні кең баяндалған. Соған
қарағанда, арилердің ортасында жылқы малының культі өте жоғары болғанын байқаймыз. Қола
дəуірінің басында – ақ жылқы тұрмыста кең пайдаланып, оларды күш көлігі ғана емес, салт мінген,
соғыста бас күш болған, алысты жақын еткен жануардың асыл тұқымдары өсірілген. Жылқыны
осылайша дəріптеу түрік халықтарында, солардың бірі қазақ халқында айрықша сақталған. Қазақтар
жылқыны өзінің жанындай жақсы көрген, оны «өзінің қанаты» - деп санаған. Қазақ халқының
жылқыны қалай қадірлегені өте бай Батырлар жырларда кең сəулеленген. «Алпамыс», «Қобыланды»,
«ер Тарғын», «Қамбар» сияқты батырлардың мінген аттары өздеріне сай болып, жаумен соғысқанда
жеңіске жеткеруде айрықша мəнге ие болғанын «Қобыландының» Тайбурылысы мен «Қамбардың»
Қарақасқа арғымақтарынан байқау қиын емес.
Арилердің жылқыны айырықша бағалап оны Сарыарқада, Жетісуда, Солтүстік өңірлерде көп
өсіріп, оны жақын жəне алыс көршілеріне таратқан. Оған жазба жəне археологиялық деректер куə.
Белгілі синолг Бахаддин Өгел былай дейді: «Олардың (Хұндар мен Түріктер –У.Ш.) күн көрісі жылқы
шаруашылығына тікелей байланысты болады... Əсілі, жылқы өсіру тек ортаазиялықтарға ғана тəн кəсіп
болатын. Қытайлықтар атты міну үшін емес, тек соғыс арбаларына жегу үшін ғана пайдаланатын. Орта
Азиядағы сияқты барлық адам күнделікті тұрмыста қолданатын жағдай Қытайда жоқ еді.... Қытайдың
атты қосындар Метеннің заманына жеткенде Қытай армиясының ең негізгі əрі басты күшіне айналып
үлгірді»/10/.
Автор бұл пікірді Қытай мұрағаттарына негіздеп жазған. Орталық Азия жылқының көп
өсірілген аймағы екенін тайға таңба басқандай көрсеткен. Шығыс көршіміз жылқыны түріктерден
алып, оны əскерге пайдаланып, кейін өздері өсіріп, тұрмыстарына пайдаланғанын. Қытайлар батыс
көршілерінен жылқыны əртүрлі жолмен алып, ұзақ жылдар бойына атты əскерлерді дайындауға тек
б.з.б.ІІІ ғасырлардың орта кезіңде ғана қолдары жеткен. Сүйтіп, жылқы Орталық Азиядан Үндістанға
жəне Таяу Азия елдерінде тараған. Жалпы алғанда, Орталық Азия төрт түлік малды көп мөлшерде
өсіруге қолайлы аймақ екенін қазірде де көріп отырмыз.
Авестада мал шаруашылығымен бір қатарда, егіншілік туралы құнды деректер береді. Оның
бірінші тарауында «Занд-Авеста кітабы атты» бөлімінде тұрандықтар мен ирандықтар алдымен мал
өсіргенін айта келіп: «Əйтсе де кейіннен жер игеруді де үйренгені»/11/ айтылған Авестаның «5 Яшт
Ардви-Сұр - Яшт» сұлулардың жəне құнарлықтың құдайы Ардвиге арналған. Осы ұранда:
Астық өсірушіге дұға ет,
Оған – байлықты арттырушыға
Жəне жер меншігін кеңтушілерге;
Барлық суларды (өзіне) қоса (қосып) алғанға,
Жерде ағып жатқан.
Қуатты ағып жатқанына дұға ет –
Хукарьяның биіктігінен,
Ворукашаның теңізіне дейін/12/.
Ардви – су құдайдың қамқоршылығымен диқандар мол өнім алып, егістік жерлерін кеңейтіп,
ағып жатқан суларды үнемді пайдаланатынын дəріптеген. Осы 5-ұранда, өсімдікке ылғал беріп, жерді
құнарлатып, мол өнім алуда өзендердің маңызы зор екені баяндалады. Хукарья (Қукариə) – Қара (Хара)
тауының биік шыңынан төмен қарай ағып жатқан сулар, Боруқаша (Ворукаша) – сөзбе-сөз «Кең
тілінген», əйтпе кең жайылып жатқан Арал, Каспий теңіздері немесе Балхаш көлінің төңірегіндегі
6
жерлерді суландыратыны айтылған. Ардви-Сура Амудария мен Сырдария өзендерінің алқаптары
егістікке қолайлы, диқаншылықтың кең көлемде дамығаны туралы түсінік береді.
Орталық Азияның оңтүстік-батыс аймағындағы Амудария мен Сырдария (Қос өзендер)
Авестаның осы бөлімінде айрықша дəріптелуі кездейсоқ емес. Себебі, суармалы егіншілік олардың
алқаптарында ертеден басталған. Орталық Азияда кейінгі ғасырларда жүргізілген археологиялық
зерттеулерге қарағанда, б.з.б. ІІ-І мыңыншы жылдарда Амудария, Мұраб, Сырдария алқаптарында
суармалы егіншілік болған/13/.
Азияның бұл аймағының табиғи-жағрапиялық жағдайына байланысты алғашқы замандардан
бастап, бүгінгі күнге дейін егіншілік қолдан суару арқылы жүргізіліп келеді. Бұндай жер жағдайы
Алдыңғы Азия елдеріне ұқсас. «Археологические находки показали, что на территории Ирана еще в
глубокой древности существовала развития земледельческаяй культура, близкая к культурам того же
типа в Месопотамии, Индии и Средней Азии»/14/.
Үзіндіде дұрыс айтылған. Аттары аталған Азияның бөліктерінде диқаншылық қолдан суару
жолымен дамыған. Үйткені, егілетін егістіктердің өсірілетін мəусімдерінде жаңбыр жаумайды. Барлық
дəнді дақыл жəне техникалық өсімдіктер қолдан суарылады. Бұл өңірлердегі Амудария, сырдария,
Тигр, Ефрат жəне Инд өзендерімен бірге, үлкенді-кішілі өзендердің, бұлақтардың, керек десеңіз
кəріздердің (жерасты) суларынан да пайдаланған. Тоқталып отырған аймақтарда жаңбырдың суымен
өсірілетін егіндер жоқтың қасында. Сондықтан, бұл жерлердің этностары үлкенді-кішілі су жүйелерін
қазіп, тоғандар салып, егін еккен, тұрақты өнім алып отырған. Сондықтанда бұл аймақтың этностары
жоғарыдағы аттары аталаған үлкен өзендердің культін (даңқын) көтеріп, оларды өздерінің анасындай
көрген. Бұл қасиет Авестада бастан-аяқ суреттелген.
Қысқы қарлардың ылғалымен жəне қосымша жаңбырдың суымен егіншілік Орталық Азияның
орталық, шығыс, солтүстік жəне батыстарында да қола дəуірінде жүргізілгенін археологиялық
зерттеулер анықтап келеді. Мысалы: «Усть-Нарым қонысында (Шығыс Қазақстан) табылған қыстырма
орақтар егіншіліктің болғанын көрсетеді. Ол уақыттағы адам кездейсоқ, ұсақ егістен өзендердің
жайлымаларындағы шағын алқаптарға тұрақты егін егуге көшті»/15/. Тарихтың осы кезеңінде
Орталық Қазақстандағы Сарысу, Кеңгір, Торғай өзендерінің алқаптарында егістіктің болғанын кейінгі
кезеңдегі археологиялық зерттеулер дəлелдейді. Осы күнгі Қарағанды облысында Жаңа-Арқа
ауданында Егіндібұлақ атты үлкен егістік аймақ бар. Бұл жер диқаншылықтың ірі орталықтарының бірі
болғанына дəлел.
ХІХ-ХХ ғасырларда Орталық Азияда жүргізілген археологиялық зерттеулер Қола мəдениетін
кең көлемде ашты. Олар обалар (қорғандар) мен қоныстар. Орталық Азия мен Қара теңіздің Солтүстік
кеңістігінде обалар көп сақталған жəне олар кең көлемде зерттелді. Қазіргі кезде бұл обалардың қола
дəуірінің ескерткіші екеніне жəне оның не үшін салынғанын көпшілік қарапайым оқырмандар біледі.
Олар сол дəуірде өмір сүрген адамдардың моласы (зираты). Бірақ алғашқы обаларды зерттеушілер бір
жақты жұмыс жүргізілген. Олар негізінен шет елдердің, əсіресе Ресейден келген ғалымдар болатын.
Олар Орталық Азияға келгенде «көшпелілердің еліне келдік. Бұл жерлерде тұрақты қоныс болмайды.
Олардың баспаналары көшпелі тұрмысқа бейімделген» - деген жалған пікірлермен құралданып, жер
бетінде үйіліп тұрған обаларды бас салып қаза берген. Қазба кезінде обалардан табылған жəдігерлерді
«көшпелілердің», «ертедегі көшпелілердің мəдениеті» - деп ғылыми есептерінде, жарияланған
еңбектерінде жазып, қағаздың бетін толтырған. Олардың көпшілігі обалардағы жерленген
марқұмдардың тұрақты баспаналарын, қоныстарын іздемеген. Кейінгі жылдардағы кейбір жас
археологтар солардың жалған пікірлерін қайталап, «алғашқы» көшпелілер деген ғылыми еңбектер
жазып жүр. Бұндай еліктеушілік қашанға дейін созылатыны бізге белгісіз.
Кешенді археологиялық зерттеулерді Орталық Азияда жүргізген ірі-ірі археологиялық
экспедициялар: «Хорезм кешенді археологиялық экспедициясы» (С.П. Толстов); «Орталық Қазақстан
археологиялық экспедициясы» (А.Х. Марғұлан); «Монгольская археологическая экспедиция» (С.В.
Киселев, А.П. Окладников). Осы Кеңес Үкіметі жылдарында кең көлемде, ұзақ жылдар жұмыс істеген
археологиялық экспедициялар Орталық Азияның барлық жерлерінен қола дəуірінің қоныстарын тапты
жəне зерттеді. Оның нəтижелері ірі-ірі монографиялық еңбектерде жарық көрді/16/. Бұл
археологтардың еңбектерінде, Орталық Азиядағы үлкенді-кішілі өзендердің жағалауларынан қола
дəуірінің қоныстарын ашты. Мысалы: Орталық Қазақстандағы Бұғалы аулы, Алматының шығысында
Есік өзендерінің бойындағы қоныс. Соңғы жылдарда қола дəуіріндегі ескерткіштерді зерттеуші
Қазақстан археологтары обалармен бірқатарда, солардың төңірегіндегі қоныстарда күрделі түрде
зерттей бастады. Енді олар түсінді, тек қоныстарды зерттеу арқылы, қола мəдениетін кең көлемде
ашуға болады. Тек, обаларды зерттеу арқылы бұндай жетістіктерге жете алмайтынын білді. Үйткені,
7
олардан тек діни сезімге байланысты жəдігерлер бірге жерленген. Евроцентристер Монголияны,
Қазақстанды классикалық көшпелі елдер деп келе жатыр. Кейінгі жылдары монгол археологтары
өздерінің жерінен 300 ден астам қоныстар мен қалаларды ашты. Солай болса, Орталық Азияның
перзенті арилердің шаруашылығы кешенді болған. Олар малдардың бəрін өсірген жəне егіншілікпен
айналысқан. Сондықтан арилер малдарына мол шүйгін жайылым жəне ылғал (су) беретін Ардви-Сур
құдайын Авестада ерекше дəріптеген.
Авеста алтын, қола темірі туралы айтылады. Оның 5 Яшт Ардви-Сурда:
...Ардви-Сура кейпі енген,
Ғанибет сұлу бойжеткен,
Қуатты, тал шыбықтай,
Сұңғақты да, тек сыптай,
Жалт-жұлт еткен перизат,
Аяғына кигені
Оқаланған алтыннан
...Аттары оның желғабыз,
Бірінші боп ол жетеді.
Алтындайын сымбатты.
...Күміс пенен алтынды
Қазыналарына əкелер, .../17/.
Авестадан келтірілген байт жолдарына қарағанда, арис этностары қола дəуіріндегі кең
тұрмыста пайдаланған металдардан алтын мен күмісті көтеріңкілік жағдайда айтылған. Сұлу перизатты
жан-жақты суреттеп, оның аяқ киімі алтынмен безелгені айтылған. Соған қарағанда, арилер тұрмыста
алтынды мол пайдаланып, керек десеңіз аяқ киімінде жаратқан. Енді бұл жерде күміс туралы да сөз
етілген. Тарихқа қарасақ, б.з.б. ҮІ-ІҮ ғасырларына дейін күмісті алғашқы қоғамда пайдаланбай, кейін
темір дəуірінде оны иелеген/18/. Егерде арилердің дəуірінде күмісті алтынмен бірге қорға жинаса, олар
Қола мен Темір дəуірлерінде өмір сүрген этностар болып шығады. Осы күнге дейінгі тарихи
еңбектерде, арилер қола дəуірінің жоғарғы кезеңінде жасалған деп жазып келе жатыр. Біздіңше, арилер
қола дəуірін түгел бастарынан өткеріп, темір дəуіріне дейін осы өзендерінің этнонимі бойынша аталып
келген деген пікір келеді.
Қазірдің өзінде Орталық Азия металдың бай өлкесі екенін, соның ішінде Қазақстан
Республикасының территориясы екені əлемге белгілі. Оны археологиялық зерттеулер мен жазба
деректерде дəлелдеп келеді. Қытай жазба деректерінде, б.з.б. 1500 жылдарда Алтайдан Қытайға қола
бұйымдары таралғаны туралы былай делінген: «Шиа династиясы дүрілдеп тұрған бір замандарда,
жаңадан құрылған əкімшілік аймақтардың басшылары алыс шалғайларда тұрса да өзіндік
ерекшеліктерін байқататын асыл металдардан жасалған бұйымдарын сауға етіп жіберетін еді. Бұлардан
үш аяқты ыдыстар құйылып жасалатын.
Үш аяқты ыдыстар мемлекеттің символы болатын. Тоғыз ыдыс тоғыз елдің белгісі еді. Осы үш
аяқты əсем ыдыстар бұл жерден Шан династиясына, одан əрі Жу династиясының астанасына
жөнелтілетін. Мінеки, бұдан Алтайдың қола бұйымдары ішкі Қытай қалаларына барғанын білуге
болатын. Сондықтан мұнда Алтайдың əшекей бұйымдарына еліктеп ешнəрсе жасалмайтын»/19/.
Бұндай қоладан құйылған ыдыстарды археологтар Қазақстан жерінен мол мөлшерде тапты.
Б.з.б. V-ІV ғасырларға жататын қоладан құйылған қазанды Жетісудан, б.з.б. VІ-ІV ғасырларындағы
төрт қола қазандарын Алматы мен Талғар төңірегінен қолға кіргізді. Тарихтың осы кезеңіне жататын
тау ешкінің бейнесімен безелген үш қазан Алматының маңайынан табылды/20/. Бұларға қосымша,
Алматы қаласынан бүйірінде «Свастика» таңбасы бар қола қазаны қолға түсті. Қола дəуірінде
алтыннан, қоладан жасалған жəдігерлер Орталық Азияның барлық аймақтарынан, əсіресе Қазақстаннан
көп көлемде археологтар жылма-жыл кездестіріп келеді.
Авеста кітабында арилердің шаруашылық тұрмыстары туралы айтылған мəліметтерге
негізделіп, Орталық Азия мен Қара теңіздің солтүстік аймақтарын ежелден арилер деген атпен белгілі
этностар Қола дəуірінде кешенді шаруашылықтың негізін салған. Олар өздерінің дамуы бойынша сол
кездегі жер шарынын мекендеген этностардың алдыңғы қатарынан көрінген. Олар төрт түлік малдың
бəрін өсіре білген. Əсіресе жылқы мен сиырларды көп өсірген. Бұл екі түлік мал ежелден
8
отырықшылыққа бейімделген жануарлар. Соған қарағанда, олардың басым көпшілігі отырықшы,
жартылай отырықшы өмір сүрген деген пікірге келуге болады. Асыл тұқымды жылқыларды арилер көп
өсіргені авестада айрықша айтылып отырады. Жазба жəне археологиялық деректерге қарағанда,
жылқының көп өсірілген жері Орталық Азия, əсіресе Қазақстан болғаны туралы пікірімізді жоғарыда
білдірдік. Арилер қола дəуірінің жоғарғы сатысында жасаған кезде, қола мен алтынды игеріп, оларды
тұрмыста кең пайдаланғанын археологиялық табылған жəдігерлер дəлелдейді. Осындай түсті
металдардың қорлары Орталық Азияда мол екені қазіргі кезде əлемге əйгілі болып отыр. Осындай
кешенді шаруашылықты дамытуға арилердің қолдарының ертеден жетуі, олардың жасаған табиғи-
жағырапиялық жағдайы көтерген - Орталық Азия.
Достарыңызбен бөлісу: |