3.4.1.2 (Ө; Ж; Қ) Түбір сөзге -ы, -і дауысты дыбысынан басталатын қосымша жалғанған кездегі түбірдің өзгерісін сақтап жазу. 41-жаттығу. Сөздерді қатесіз көшіріп жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
Жұппен жұмыс жасайды. Мұғалімнің көмегімен бір-бірінің қатесін тауып, түзетіп, орындалған жұмысты өзара бағалайды.
Сөздерді салыстырады. Түбір сөздің жазылуын өзгерткен қосымшаны атап, дəлелдейді.
Сөздердің жазылуын есте сақтайды.
Оқулық
№2 дəптермен жұмыс
4 минут
3.4.1.2 (Ө; Қ) Түбір сөзге -ы, -і дауыстыдыбыстан басталатын қосымша жалғанған кездегі түбірдің өзгерісін сақтапайту. 42-жаттығу. Тізбектің басында тұрған сөзді табады. Түбір сөздерді қатыстырып сөйлем құрату арқылы тақырыпты қаншалықты түсінгені бағаланады.
Оқулық
5 минут
3.3.4.1 (Ө; Қ) Мұғалімнің көмегімен мəтін құрау. Өз ойын білдіру. 43-жаттығу.Сөйлемдерді оқып, мəтін шығатындай ретпен жазады.
Жазған мəтін мазмұнына өз ойын білдіреді.
Оқулық
№2 дəптермен жұмыс
5 минут
(МК; Т) Берілген тақырып бойынша қойылым дайындау. Оқушылар екі топқа бөлінеді. Мұғалімнің басшылығымен ұсынылған тақырыптың мазмұнын ашатын сахналық қойылым дайындайды.
Уақыт құнды.