3.4.2.7 (Ұ) Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш) мүшелерін ажырату. Оқулықтағы жаңа ақпаратты оқытып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Оқулық
5 минут
3.4.2.7 (Ө; Қ) Сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш) мүшелерін ажырату. 8-жаттығу. Нақыл сөздерді көркемдеп жазады. Мағынасына талдау жасайды. Киіз үйге қатысты тағы қандай нақыл сөздерді білетінін айтады. Алғашқы сөйлемді сөйлем мүшесіне талдайды.
Оқулық
№2 дəптермен жұмыс
ІІІ. Рефлексиялық-бағалау кезеңі (5 минут)
4 минут
(Ө; Қ) Дұрыс жауапты белгілеу. Тақырып бойынша оқушылардың игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында тестік жұмыс орындатылады. Оқушылар дəптерде берілген тапсырманы оқиды. Дұрыс жауаптардың бірін белгілейді.
№2 дəптермен жұмыс
1 минут
(Ө; Қ) Бағалаудың шартты белгілеріне сəйкес өзін-өзі бағалау. Жұмыстарын топта жариялап, дəлелдеу. Сабақтан игерген білімдеріне рефлексия жасату мақсатында жұмыс дəптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала» тапсырмасы орындатылады. Бірінші тұрған «сауатты жазу», екінші тұрған «көркем жазу», үшінші тұрған «шығармашылық жұмыстарды орындау» дөңгелектері тиісті қарындаштармен боятылады. Нəтижелері топта жарияланады.