3.2.1.1 (МК; Т; Ө; Қ) Мəтінді оқу. Мəтін түрін анықтау. Салыстыру жасау. 25-жаттығу. Мəтінді түсініп оқиды. Оны жоғарыда берілген мəтін түрімен салыстырып, ұқсастығы мен айырмашылығын анықтап, дəлелдеулер жасайды.
Қай мəтінде нақты, қай мəтінде бейнелі суреттелгенін ажыратып, ой қорыту жасайды. Жасаған ой қорытуларын оқулықта берілген жаңа ақпаратпен салыстырады. Жаңа ақпаратты түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.
Мəтіннің соңғы сөйлемін көшіріп жазады.
Оқулық
№1 дəптермен жұмыс
4 минут
3.3.5.1 (МК; Ө; Қ) Жіберілген қателерді мұғалімнің көмегімен тауып, түзету. 26-жаттығу. Жаңылтпашты жатқа жазады. Оқушылардың бас əріп пен кіші əріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу жəне таза жазуы қадағаланып, бағыт беріледі.
(МК; Ұ) Түсіндірме сөздіктен сұрақ бойынша ақпарат табу, талдау жасау білігін бағалау. Түсіндірме сөздікпен жұмыс ұйымдастырылады. Томағала сөзінің мағынасына назар аудартылады. Талдау жасалады.
(Т; Қ) Берілген тақырыпқа постер жасап, қорғау.Оқушылардың топтық жұмысы ұйымдастырылады. 1-топ. Бүркіт туралы дереккөздерден ақпарат алу.
2-топ. Бүркіт туралы жұмбақ құрастыру.
3-топ. Бүркіт туралы сөзжұмбақ құрастыру.
4-топ. Бүркіт туралы бес жолды өлең құрастыру. Жұмыстарын топта жариялайды.
(Ө; Ұ; Қ) Басқа топтардың жұмыстарымен танысу. Стикерлергеөз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстыру. «Галереяны шарлау» стратегиясы бойынша рефлексия жасау. Басқа топтың постерлерін оқиды. Оқушылар стикерлерге өз көзқарастарын жазып, постерлерге жабыстырады.